Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері».
Оқу мақсаттары:
8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу және қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару
Сабақтың мақсаты:
- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын білу;
- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін білу;
- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде қолдану
Бағалау критерийлері:
Оқушылар
біледі:
- тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын;
-олардың суреттерін таниды.
қолдана алады:
- тіктөртбұрыш қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде;
- ромб қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде;
- квадрат қасиеттері мен белгілерін есеп шешуде.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру. (№1-5 слайд)
Жаңа тақырыпты түсіндіру. (Қосымша 3. Теориялық материалдар)
Класс 3 топқа бөлінеді.
Мұғалім презентация көмегімен тақтада тіктөртбұрыш, ромб және квадрат анықтамаларын көрсетеді.
Теориялық материал
Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмм тіктөртбұрыш деп аталады.
Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.
Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш квадрат деп аталады.
Тіктөртбұрыш қасиеті:
Тіктөртбұрыш диагональдары өзара тең
Кері тұжырымды тіктөртбұрыш белгісі деп алайық
Егер параллелограммның диагональдары тең болса, ол параллелограмм - тіктөртбұрыш.
Ромб қасиеті:
Ромб диагональдары өзара перпендикуляр және бұрыштарын қақ бөледі.
Квадрат қасиеттері:
1) Квадраттың барлық бұрыштары тік
2) Квадраттың барлық қабырғалары тең
3)Квадрат диагональдары өзара тең, перпендикуляр, қиылысу нүктесінде қақ бөлінеді және бұрыштарын қақ бөледі
Жаңа материалды бекіту (Қосымша 1)
Топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.
Үш топқа бөлініп, әр топ әр тақырыптың 2 есебін шығарады. Жиыны әр топ 6 есеп шығару керек.
Шығарған тапсырманы топ басшысының айтуымен топ мүшесі тақтада жазаып көрсетеді.
Қосымша 1
Дидактикалық материалдар
Тіктөртбұрыш
Жауаптары: 31. 1) 4,5 м, 7,5 м; 2) 13 м, 11м; 3) 8 м, 4м. 32. 1) 2,4 және 5,6; 2) 7 және 4,5. 36) 0,6 м.
Ромб
Жауаптары: 42) 9,1 м. 43) 600. 44) 1380, 420, 1380. 45) дәлелдеу керек. 47) 400, 250. 48) 200, 700.
Квадрат
Жауаптары: 56. 1) 18 см-ге артады; 2) 12 см-ге артады; 3) 3 есеге артады; 4) 4 есеге кемиді. 57) 8 дм.
Рефлексия
Әңгімелесу арқылы сабақты қорытындылау. Бір сөйлем құрап әр оқушы өз дәптеріне жазады.
Нені білдім және нені үйрендім?
Нені түсінбедім, не себептен?
Тапсырмаларды шапшаң әрі тиянақты орындау үшін қандай әрекеттер жасауым керек?
Үй тапсырмасы
Үйге тапсырма ретінде «Қосымша 2» материалыдағы 1 нұсқаны беруге болады. Сөйтіп, келесі сабақтың алғашқы 10-15 минутына 2-ші және 3-ші нұсқаны «Өзіндік жұмыс» ретінде беруге болады.
Қосымша 2
Ақпарат көздері:
Видеодәріс: «Тіктөртбұрыштың қасиеті»https://www.youtube.com/watch?v=VnSupFSM1gw
Видеосабақ: https://www.youtube.com/watch?v=YUgNB9nZ4DY
Геометрия 8. Оқулық: http://online.anyflip.com/qmwb/vnuy/mobile/index.html#p=18
Геометрия 8. Дидактикалық материалдар: http://online.anyflip.com/qmwb/verp/mobile/index.html#p=23
Геометри 8. Есептер жинағы: http://online.anyflip.com/qmwb/dtub/mobile/index.html#p=7
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?