Көпбұрыштар түсінігі. Төртбұрштар мен көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.
Келісілді
«Математика» ӘБ жетекшісі ____________
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В бөлім: Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Көпбұрыштар түсінігі. Төртбұрштар мен көпбұрыштардың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің анықтамаларын біледі; 8.3.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының және сыртқы бұрыштарының қосындысының формулаларын қорытып шығарады; | ||||||||
Сабақ мақсаттары | - көпбұрыш анықтамасын және оның элементтерін біледі; - көпбұрыштың әр түрінің анықтамасын біледі және айырмашылықтарын ажырата біледі; - үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын еске түсіре отырып көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын есептей алады; - көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын өздігінше қорытып шығара алады және тұжырымдарын дәлелдей алады; | ||||||||
Бағалау критерийлері | - көпбұрыштың анықтамасын біледі; - көпбұрыштың түрлерін ажырата алады; -көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын есептей алады; | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтерінің анықтамаларын біледі және ішкі сыртқы бұрыштарының қосындысын есептей алады. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - берілген фигура көпбұрыш болып табылады, ... ; - көпбұрыш дөңес болады, себебі...; - көпбұрыш дұрыс болады, егер ...; - берілген n- бұрыштың n ... болады; Терминология көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш, жетібұрыш, сегізбұрыш, тоғызбұрыш, онбұрыш, дұрыс көпбұрыш, дөңес, дөңес емес көпбұрыш, көпбұрыштың бір қабырғасына іргелес бұрыштар; | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ақпаратты іздейді және оны сыни көзқараспен талдайды; Еркін шығармашылық кеңістігін жолдастарымен құра біледі; Өзгенің пікірін тыңдайды және сыни баға береді; жұпта (топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру. Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру. Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Сызу | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | https://www.youtube.com/watch?v=EDFRKWIHlmk&list=PLB8172C0D46A230EF&index=51 https://bilimland.kz/kk/subject/geometriya/8-synyp/kopburysh-uhymy-zhane-onyng-turleri?mid=34:simple | ||||||||
Бастапқы білім | Вертикаль, сыбайлас, ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұтас бұрыштар, сәйкес бұрыштар,перпендикуляр және параллель түзулер, үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
Сабақтың басы 2 минут | І. Ұйымдастыру
| ||||||||
Сабақтың ортасы 3 минут М 3 минут
ұ 10 минут Ұ 7 минут М 5 минут Ұ 4 минут
Ұ 15 минут Ж 15 минут Ж 15 минут | ІІ. Өткен материалдарды қайта жаңғырту Мұғалім келесі сұрақтарды талқылайды. Сұрақтар:
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері оқушылармен бірлесе отырып талқыланып құрылады. Анықтама: Айталық, жазықтықта орналасқан нүктелері берілген. Осы нүктелерді тізбектеп қосып шығамыз. Бұл кесінділердің ортақ ұштары бар әрбір екеуі бір түзудің бойында жатпайтын және ортақ ұштары болмайтын кесінділері өзара қиылыспайтын болсын. Осылай алынған фигураны көпбұрыш (n-бұрыш) деп атайды. - көпбұрыштың төбелері кесінділері қабырғалары n төбесі бар көпбұрышты n бұрышты көпбұрыш деп атаймыз. Егер тұйық сынық сызықтың n төбесі бар болса, онда көпбұрыш n-бұрышты деп аталады. Көпбұрыштың әрбір қабырғасының ұштары оның көршілес төбелері, ал көпбұрыштың көршілес емес әрбір екі төбесін қосатын кесінді көпбұрыштың диагоналы деп аталады. Көпбұрыштар дөңес және дөңес емес болып екі түрге бөлінеді. Анықтама. Егер көпбұрыш оның кез келген қабырғасы арқылы өтетін түзудің бір жағында, яғни бір жарты жазықтықта ғана жатса, онда мұндай көпбұрыш дөңес көпбұрыш деп аталады. Сызба түрінде берілген тапсырмалар Теорема. Дөңес n-бұрыштың қосындысы – 180°(n – 2). Дәлелдеуі. Дөңес n-бұрыш бір төбесінен шығатын диагональдар мен үшбұрыштарға бөлінеді. Ал үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең болғандықтан, n-бұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы – 180°(n – 2). Теоерма дәлелденді. Теорема. Дөңес көпбұрыштың әр төбесінен бір-бірден алынған сыртқы бұрыштарының қосындысы 360°-қа тең. Дәлелдеуі. Көпбұрыштың әр төбесіндегі сыртқы және ішкі бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең. Ал оның барлық төбелеріндегі осындай ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы – 180°n. Көпбұрыштардың ішкі бұрыштарының қосындысы 180°(n – 2). Онда сыртқы бұрыштарының қосындысы – 180°n – (n – 2)180° = 360°. Теорема дәлелденді Сызба түрінде берілген тапсырмалар Сабақ 2. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары қайталанады
1)Дөңес төртбұрыштың бұрыштары бір-біріне тең. Оның бұрыштарын табыңдар. 2)Бұрыштары 2,2,4,5,5 сандарына пропорционал болса, онда осы дөңес бесбұрыштың бұрыштарын табыңдар. 3)Дөңес: 1) онбұрыштың; 2) он екібұрыштың бұрыштарының қосындысы неге тең? 4)Бұрыштарының қосындысы: 1) 2) 3) 4) -қа тең көпбұрыштың неше қабырғасы бар? 5)Әрбір бұрышы: 1) 2) 3) 4) -қа тең көпбұрыштың неше қабырғасы бар? 6)Көпбұрыштың бұрыштарының қосындысы: 1) 2) 3) -қа тең болуы мүмкін бе? 7)Көпбұрыштар бұрыштарының қосындысы тақ тік бұрыштар қосындысына тең болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер? 8) Дөңес n-бұрыштың бір төбесінен неше диагональ жүргізуге болады? 1) n=4; 2) n=5; 3) n=6; 4) n=10; деп алыңдар? Бағалау критерийлері Тапсырмаға бағалау критерийлерін оқушылар құрады ІІ. Жұптық жұмыс
Бағалау критерийлері Оқушы
ІІІ. Жұптық жұмыс
, және деп алып, ABCD төртбұрышының басқа бұрыштарын табыңдар. берілген. Онда болатынын дәлелдеңдер. Бағалау критерийлері Оқушы - күрделі тапсырмаларды орындау барысында ойларын негіздеп,қорытынды жасай алады | 3 слайд 4 слайд 5-11 слайд 12-18 слайд 19-20 слайд 20-24 слайд 25 слайд 26 слайд 27 слайд | |||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет Үйге тапсырмасы. 1) Дөңес төртбұрыштың: 1) үш бұрышы доғал; 2) екі бұрышы доғал, ал өзге екі бұрышы тік болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер. 2) MNKP дөңес төртбұрышының M, N төбелерінен бірдей қашықтықта және K, P төбелерінен бірдей қашықтықта орналасатын O нүктесін қалай табуға болады? Мұндай нүктелер бірнешеу болуы мүмкін бе? 3) Дөңес n- бұрыштың сүйір бұрыштарының саны нешеу болуы мүмкін ? Жауаптарыңды негіздеңдер. 4) Дөңес n- бұрыштың диагональдарының саны неше болады? 5) Егер ABCD төртбұрышының AC диагоналы A және C бұрыштарын қақ бөлетін болса, онда төртбұрыш қабырғалары жөнінде қандай қорытынды жасауға болады? | 28 слайд Қосымша 4 | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану. | Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу.(қажет болған жағдайда) | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?