Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)

Қазақстанда Facebook әлеуметтік желісіндегі ең танымал әрі үздік қолданушылар анықталды деп хабарлайды stan.kz.

Қазақстандықтардың рейтингін қолданушы Арман Ахметов анықтап, оны өз парақшасында жария етті.

Ең көп оқылатын қазақстандықтардың үштігіне 30 000-нан астам жазылушылары бар Аружан Саин мен Әлішер Елікбаев кірген. Ал тележүргізуші Баян Есентаева төртінші орында тұр. Бұл ретте бас бәйге шоумен Нұртас Адамбайдың еншісінде.

ТОП-50 қатарына Астана әкімі Әсет Исекешев те кіре алған. Сондай-ақ, үздіктер қатарында қазақстандықтарды шетелге барып өмір сүруге шақырған АҚШ-тағы қазақ баласы Темір Хан да бар.

Желідегі танымалдық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озды (фото)


Жалпы рейтингке БАҚ өкілдерінен 11, қоғам қайраткерлерінен 10, шоу-бизнес жұлдыздарынан 7, блогерлер мен бизнесмендерден 6, билік өкілдерінен 4, саясаткер, сарапшы, спортшылардан 2 өкіл кірген. Ақпарат министрі рейтингтің 62-ші позициясына жайғасыпты.




Рейтинг жазылушылардың саны бойынша есептелген. Бұл ретте достарының саны және жазбаларының мағыналық құндылығы ескерілмеген.

Танымалдылық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озған. Президенттің немересі 14-ші орынға жайғасса, әнші небәрі 33-ші орынды місе тұтыпты.




Фавориттер қатарында блогер Әсел Баяндарова және білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов те бар. Олар 6-шы, 7-ші орындарды өзара бөліскен. Жалпы, рейтинг барысында 75 позиция қарастырылған.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?