Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | Мектеп: Атырау қаласы ХББ НЗМ | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х. | |||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.19 теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу; | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Бөлім бойынша лексика және терминология
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер - бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз; - жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз; - екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз; - ... болған жағдайда коэффициенттерін теңестіреміз; - теңдеудің екі жағын ... көбейтеміз; - ... мүшелеп қосамыз; - «х - … , у - ... болсын»; | |||||
Құндылықтарды дарыту | Сенімді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен және бірлесіп оқу арқылы білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Жаратылыстану математика бағытындағы пәндерді оқытқанда, шамалар арасындағы тәуелділіктерге байланысты есептерге өрнек құруда пайдаланады. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру. | |||||
Бастапқы білім | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы
0 – 3 мин | Ұйымдастыру кезеңі Біріккен оқу ортасын құру. Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру. Үй жұмысын тексеру. Шығарылмаған есептерге көңіл аудару. Жіберілген қателер болса талдау, түсіндіру. |
| ||||
Сабақтың басы 3 – 25 мин
25 – 27 мин
27 – 36 мин
36 – 38 мин
| Музыка қосып оқушыларды ортаға биге шақырыңыз. Музыканы тоқтатып екеуден бірігіңдер, қайтадан билетіп үшеуден бірігіңдер, қайталап қосып төртеуден бірігіңдер деп, осылайша төрт оқушыдан шағын топтарға біріктіріңіз. Бүгін «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу» тақырыбының соңғы сағаты, осы сабақты «Математикалық пойыз» ойыны түрінде жүргізуді ұсынамын. Аялдамалар: А-Теория; В-Есептеу; С-Ойлану; D-Толықтыр; Е-Шығармашылық. Әр топ өзінің көшбасшысын тағайындайды, көшбасшы өзінің реттік номерін алады, сол реттік номерлер бойынша аялдамаларға келіп, тоқтау уақытында үлгеріп берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалім уақытты әр аялдама сайын белгілеп, көрсетіп отырады. А - Теория 1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмі; 2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі; 3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін жаңа айнымалы енгізу арқылы шешу алгоритмі; 4. Мысалдар келтіріңіздер.
В - Есептеу 1. . Жауабы: (7; 5). 2. . Жауабы: (4; 3). 3. . Жауабы: (14; 1). С - Ойлану 1. 2. . Жауабы: (). 3. . Жауабы: (6; -8). D - Іздену 1. Теңдеулер жүйелері мәндес бола ма? және 2. k – ның қандай мәнінде теңдеулер жүйесінің шексіз көп шешімі болады? . Е - Шығармашылық. 1. х пен у – ке қатысты теңдеулер жүйесінің шешімін табыңыз:3. . Жауабы: . Жұмыс уақыты болған соң мұғалімнің басшылығымен топтар арасында өзара тексеру, бағалау жүзеге асады. Әр аялдама тапсырмаларының дескрипторын, жауаптарын алдын ала қағазға шығарып дайын күйінде ұсыныңыз. Жеке жұмыс №1. 1. ; 2. . Жауаптар: (-10; 28), шешімі жоқ. №2. Жауабы: (c+d; c-d). №3. Теңдеудегі у айнымалыны х арқылы өрнектеп, теңдеудің қандай да бір екі шешімін табыңыз: . Жауабы: (0; 2); (5; -1). Дескриптор: Білім алушы:
| Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 4 Қосымша 1 Слайд 5 Слайд 6 Қосымша 2 А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г Слайд 7 Қосымша 3 Қосымша 4 Слайд 8 Слайд 9 Қосымша 5 Қосымша 6 Слайд 10 | ||||
Сабақтың соңы
38 – 40 мин | Сабақты қорытындылау:
Үйге тапсырма № 1 Рефлексия | Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы Т.А. Алдамуратова, Т.С, Байшоланов, Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015. ISBN 9965-34-442-6 Слайд 11 - 12 | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||
Сабақ үрдісінде ұсынылған тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып сараланған. Әр жұмыстағы тапсырмалар біртіндеп күрделенеді. Топтық, жеке жұмыстарда қабілеті жоғары оқушылар көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастырады, мұғалім бақылайды.. | Алдын ала дайындалған дескрипторлар бойынша топтық жұмыста өзара, жеке жұмыста алмасып, өзін – өзі бағалауды жүргізу. | Сабақ үрдісінде оқушылардың қозғалысына шектеу жасамау, еркін қимылдауға мүмкіндік беру. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?