Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін

Келесі жыл тұрмақ, мұнай бағасына қатысты ертеңге болжам жасау қиын. Мәселен кеше ғана баррелі 43 долларға бағаланған WTI маркілі қара алтынның құны бүгін 40 долларға түсіп кетті. Мұнай бағасының арзандауына орай доллар тағы өсуі мүмкін деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұнай құнының құлдырауын сарапшылар сұраныстың азайғанымен түсіндіріп отыр. Ал мұнай өндіруші алпауыттар экспорт көлемін азайтқысы жоқ. Бұл бірінші кезекте бюджеті осы шикізат саудасына тәуелді елдер үшін ауыр тиіп жатыр.

Осы тізімге Қазақстан да кіреді. Теңгенің бағамы осы әлемдегі мұнай бағасына тікелей тәуелді. Сондықтан баррель мұнай енді бұдан да арзандаса ұлттық валюта құны да төмендей береді.

Ал 40 доллардан азамайса, АҚШ ақшасының бағамын 300 теңгенің көлемінде ұстап тұруға болады дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?