Параллель түзулердің қасиеттері мен белгілері. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Unit/ Раздел/бөлім : 7.3С Түзулердің параллельдігі

School/школа/мектеп: NIS of Chemistry and Biology, Atyrau.

Date/ дата/өтетің күні : 13.02-17.02.23 ж.

Teacher’s name/Ф.И.О учителя/ мұғалімнің аты-жөні: Шамеденова Л.Х.

Grade/класс/сынып:

7 А, С

Number present/ кол-во присутствующих/ қатысқын оқушылардын тізімі/ количество присутствующих учеников

Absent/ отсутствующие/ сабаққа қатыспаған:

Theme of the lesson/тема урока/сабақ тақырыбы: Параллель түзулердің қасиеттері мен белгілері

Learning objectives(s) that this lesson is contributing to/ цели обучения/ оқу мақсатттары

7.3.2.12 түзулердің параллельдігінің белгілерін дәлелдейді;

7.3.3.6 түзулердің параллельдігінің белгілерін қолданып, есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді шығара алады;

 Lesson objectives/ цели урока/ Сабақтың мақсаттары

SWBAT/ ожидаемые результаты/ күтілетің нәтижелер

Оқушылар:

- түзулердің параллельдігінің белгілерін түсініп, дәлелдеу;

- түзулердің параллельдігінің белгілерін қолдану;

- есептеуге және дәлелдеуге берілген есептерді түзулердің параллельдігінің белгілерін қолданып шығару.

Language objectives/ языковые цели/ тіл мақсаттары

Оқушылар:

- теоремаларды дәлелдеу мен есеп шығаруды түсіндіреді;

- бөлімнің терминдері мен ұғымдарына сүйенеді;

- сызбадағы берілгендерді суреттейді.

Бөлім бойынша лексика және терминология

- параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулер;

- қиюшы;

- ішкі айқыш бұрыштар, ішкі тұстас бұрыштар, сәйкес бұрыштар;

- үшбұрыштың сыртқы бұрышы;

- үшбұрыш теңсіздігі;

- перпендикуляр, көлбеу, проекция.

Value links, global citizenship/ ценности, глобальное гражданство/ Құндылықтар, жаһандық азаматтық

Оқушыларда өзбетімен жұмыс жасау мәдениетін дамыту, ұйымшылдыққа үйрету, бірін – бірі құрметтеуге баулу.

Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет.

Оқылатын материалға сыни көзқараспен қарау арқылы оқуға деген құштарлыққа баулу.

Cross curricular links/ межпредметные связи/ пәнаралық байланыс

Оқушылардың кеңістіктегі сызықтардың өзара орналасуын сипаттау, қоршаған әлем объектілерін және олардың өзара орналасуын сипаттау үшін геометрия тілін қолдану қабілетін қалыптастырады. Нақты өмірде алған білімі мен дағдыларларын қолдануға қабілетті, ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиелеу.

Digital Citizenship and ICT skills/цифровая грамотность и ИКТ навыки/ Цифрлық сауаттылық пен АКТ дағдылары

АКТ мүмкіндіктерін тиімді қолдану үшін қажетті дағдылар, бейне материалдарды АКТ көмегімен көрсету.

Previous learning/ Предыдущее обучение/Алдыңғы оқу

Транспортир көмегімен бұрыштарды салу және өлшеу. Сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін, үшбұрыштар теңдігі белгілерін білу.

Assessment criteria/ критерий оценивания/ Бағалау критерийлері

Descriptors/дескрипторы/ Дескрипторлар:

- екі түзу мен қиюшы арасында пайда болған бұрыштарды ажыратады;

- екі түзу мен қиюшы арасында пайда болған айқыш бұрыштардың теңдігін біледі, қолданады;

- екі түзу мен қиюшы арасындағы сәйкес бұрыштардың теңдігін біледі, қолданады;

- екі түзу мен қиюшы арасындағы тұстас бұрыштардың қосындысы 180° -қа тең болатынын біледі, қолданады.

Plan/план/жоспар

Teacher activity/Деятельность учителя/ Мұғалімнің іс-әрекеті

Learner activity/Деятельность ученика/ Оқушының іс-әрекеті

Differentiation / дифференциация/ саралап оқыту

Resources/ресурсы/ ресурстар

Introduction/ введеие /кіріспе

2 минут

Ұйымдастыру сәті

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

Сабаққа дайындалады.

Құралдары

Introduction/введение/кіріспе

Main part/основная часть/ негізгі бөлім

4 минут

4 минут

10 минут

10 минут

7 + 2 минут

1 минут

2 – сабақ

7 минут

Өткен материалды өзектендіру.

Жұпқа бөліп отырғызу (ерікті түрде немесе qazmath.net арқылы).

Жаңа сабақ, теориялық материал, түзулердің параллельдігінің I белгісін түсіндіру және дәлелдеу.

Қалған белгілерін жұптық зерттеу жүргізуге ұсыну.

Оқушыларға А4 парағына екі сызбаны салуды ұсыныңыз:

- Екі параллель түзу қиюшымен қиылысқан;

- Екі параллель емес түзу қиюшымен қиылысқан. Оқушыларға барлық пайда болған бұрыштарды өлшеуді, олардың ішкі айқыш бұрыштар жұбын, сәйкес бұрыштар жұбын салыстыруды, ішкі тұстас бұрыштардың қосындысын табуды ұсыныңыз

Нәтижелерін топта талдап және болжамдар жасауын сұрайды. Топтар болжамдарын талдау.

Теориялық түсінікті бекіту тапсырмаларын жалпы сыныптық жұмыс ретінде ұсыну.

Түзулердің параллельдігінің белгілерін қолдану мақсатында жеке орындауға тапсырмалар ұсыну.

Негізгі түсініктк шолу.

Бірінші сабақты қорытындылау.

Forms -та теориялық түсінікті нақтылауға араналған тест ұсыну.

Берілген сұрақтарға жауап береді, дайын сызбамен берілген тапсырмаларға ауызша жауап береді, жауаптарын негіздейді.

Жұпта сабақтарын жалғастырады.

Тыңдайды, негізгі түсінікті конспект жасайды.

Жұпта түзулердің параллельдігінің II, III белгілерін:

- ұсынылған тапсырмаларды А4 парағына орындайды;

- әр сызба бойынша бұрыштарды өлшейді;

- ұсынылған бұрыштардың қосындысын табады;

- нәтижелерін талдап, болжам жасайды;

- болжамдарын талдайды;

- кітапты немесе тірек конспектісін қолданып, әрбір топ алынған бір теореманы дәлелдейді.

Сыныппен берілген тапсырмаларды тақтада түсіндіріп орындайды, пайдаланған теориялық материалдарды математикалық тілде оқиды.

Дайын дескриптор, жауаптары арқылы бағалау жүргізеді.

1. Сызба мен тұжырымды сәйкестендіру тапсырмасы;

2. Дайын сызбалармен есептер шығару.

Бір қатарда отырған оқушымен жұмысын ауыстырып, өзара бағалау жүргізеді.

Сұрақтарға жауап береді, пікір алмасады.

Жеке орындалады, қорытындысын мұғалім баяндайды.

Деңгейлік тапсырмалар дайын сызбамен.

Жұптық зерттеу жұмысы орындалу, рәсімделу реті бойынша күрделенеді

Біртіндеп күрделенген тапсырмалар.

Сәйкестендіру, біртіндеп күрделенген тапсырмалар.

Сұрақтар біртіндеп күрделенген.

Слайд 1-3

Слайд 4 – 6

А4 парақ

Слайд 7 – 8

Қосымша – 1

Слайд 9

6 минут

8 + 2 минут

12 минут

2 минут

Ойлануды қажет ететін шығармашылық тапсырма ұсыну,

Жұптық жұмыс тапсырмаларын ұсыну.

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға «Лабиринттен» өтуді ұсыну.

«Лабиринт» жұмысын қорытындылау

Рәсімделу жолын толық жазып өзбетімен орындайды.

Тақтада көрсетілген дайын бағалау схемасы бойынша өзін – өзі бағалайды.

Жұптық жұмыс тапсырмаларын бірігіп орындайды, бір – бірімен пікір алмасады.

Уақыт болған кезде жасыл қаламдарын алып, жұптар арасында дайын бағалау схемасы арқылы өзара бағалау жүргізеді.

Оқушылар жұбымен тапсырманың бірінші қатарынан соңына дейін өзінің жылжу бағытын таңдайды. Бір деңгейден екінші деңгейге өту шешімдерінің дұрыстығын тексерген соң жүзеге асырылады.

Оқушылар жұмыстарының орындалуын талдайды, жіберілген қателіктерге анализ жасайды.

Күрделілігі жоғары тапсырма.

Біріккен жұмыс тапсырмалары біртіндеп күрделенген.

Дөңгелектер – сатысына байланысты (сатысы жоғары – қиындығы жоғары) қиындығы әртүрлі деңгейлі үлестірмелер.

Слайд 10 - 11

Қосымша - 2

Қосымша – 3

Слайд 12

Conclusion/ завершение/ аяқталу:

3 минут

Кері байланыс орнату.

Не білдім, нені үйрендім?

Нені түсінбедің ?

Алға қарай немен жұмыс жасау қажет?

Үйге тапсырма: №2 84 бет

Оқушылар кері байланыс береді.

Рефлексия дәптерлеріне жазады.

Слайд 13

Additional information/ дополнительная информация/қосымша ақпарат

Differentiation – how do you plan to give more support? How do you plan to challenge the more able Ss?/ Саралап оқыту – сіз қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларды қалай сынауды жоспарлайсыз?/ Дифференциация – как вы планируете оказывать дополнительную поддержку? Как вы планируете бросить вызов более способным ученикам?

Тапсырмалар ретімен біртіндеп күрделенеді.

Assessment – how are you planning to check learners’ learning?/ Оценивание – как вы планируете проверять обучение учащихся?/ Бағалау – оқушылардың оқуын тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Health and safety check/ Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру/ Проверка здоровья и безопасности

Барлық оқушылар:

Оқушылардың көпшілігі:

Кейбір оқушылар:

- дайын дескриптор бойынша өзін – өзі бағалайды;

- жұптар арасында өзара бағалау жүргізіледі,

- орындалған жұмыстарына анализ жасайды, кері байланыс береді.

- интерактивті тақтаның қолдану уақытын шектеу;

- көз жаттығулары;

- кабинетті желдетіп отыру.

Reflection

Were the lesson objectives/learning objectives realistic? Did all learners achieve the LO?

If not, why?

Did my planned differentiation work well?

Did I stick to timings?

What changes did I make from my plan and why?

Рефлексия

Были ли цели урока/задачи обучения реалистичными? Все ли учащиеся достигли целей урока? Если нет, то почему?

Хорошо ли сработала моя запланированная дифференциация?

придерживался ли я тайм менеджмента?

Какие изменения я внес в свой план и почему?/

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шынайы болды ма? Барлық оқушылар сабақ мақстаттарына қол жеткізді ме? Егер жоқ болса, неге?

Менің жоспарланған саралауым жақсы жұмыс істеді ме?

Мен уақытты ұстандым ба?

Мен өз жоспарымнан қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Сабақ мақсаттары, оқу мақсаттары оқушыларға жеткілікті түрде беріледі, түсінікті болды.

Summary evaluation

What two things went really well (consider both teaching and learning)?

1:

2:

What two things would have improved the lesson (consider both teaching and learning)?

1:

2:

What have I learned from this lesson about the class or achievements/difficulties of individuals that will inform my next lesson?

Жиынтық бағалау

Қандай екі нәрсе жақсы өтті (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Осы сабақтан мен сынып немесе жеке тұлғалардың жетістіктері/қиындықтары туралы келесі сабағыма әсер ететін не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу