Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.
Келісілді
«Математика» ӘБ жетекшісі
К.С.Даулетов ____________
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Үшбұрыштар | Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: 24.01.2020 | Мұғалімнің аты-жөні:Толебаев Сакен | |||||
Сынып: 7 D | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Тең бүйірлі үшбұрыш және оның қасиеттері | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.2.10 тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады; 7.3.3.5 тең қабырғалы үшбұрыштың қасиеттерін біледі және есептер шығаруда қолданады;
| |||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - есептің шығару жолын түсіндіре алады; - бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады; - үшбұрыштардың теңдік белгілерін тұжырымдайды; - есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салу жолын сипаттай алады; - сызбада берілгендерді сипаттай алады; - теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдайды. Бөлім бойынша лексика және терминология - сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар; - теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар; - үшбұрыштың элементтері; - катет, гипотенуза; - табаны, бүйір қабырғасы; - қабырғалар арасындағы бұрыш; - қабырғаға іргелес жатқан бұрыш; - қарсы жатқан бұрыш; - бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет; - үшбұрыштың медианасы; - үшбұрыштың биссектрисасы; - үшбұрыштың биіктігі; - үшбұрыш қабырғасына орта перпендикуляры; - үшбұрыштың орта сызығы; - қасиет, белгі. | |||||
Құндылықтарды дарыту
| Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру. | |||||
Пәнаралық байланыстар | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы. | |||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштар. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут |
| 1 слайд 4-5 слайд | ||||
3 минут 3 минут 2 минут Т 15 минут 8 минут | Үшбұрыштың өмірдегі пайдасы туралы қысқаша мәлімет Шынылы пластикалық пирамида төртбұрышты тұғырда тұрады.Оны қолдану үшін аудан көлемін нақты білу шарт.Мәселен, саяжай төңірегіне қойылған 11 метрлік пирамида қуаты шамамен 50 метрдей қашықтықты түгел қамтиды.Топырақтың құнарлығы жақсарады.Жеміс ағаштары жылдағыдан мол сала бастайды. Гүлдер жайқала көтеріліп , емдік шөптердің сапалық маңызы кәдімгідей артатыны анықталған. Оқушыларға қысқа түрде сабақты түсіндіріп өтемін, себебі олар үшбұрыштар туралы мәліметтерді алдыңғы сабақтардан меңгерген Психологиялық ахуал:«Шаттык шеңбер» Оқушыларды онлайн түрде топқа бөлу 1- топ: Теңбүйірлі 2-топ: Теңқабырғалы 3-топ: Кез-келген қабырғалы 2.Тәжірибе жасау: Топтарға тапсырмалар беріледі Тапсырмалар: Оқушыларға таратпа материалдар беремін, үшбұрыштар санымен анықтайды және үшбұрыш құрастырады 1-топ: Дескриптор: суретті геометриялық фигуралармен байланыстырған қабырғаларының орны сақталған суреттегі үшбұрыштар санын анықтайды Барлығы 3 II- топ: Дескриптор: суретті геометриялық фигуралармен байланыстырған қабырғаларының орны сақталған суреттегі үшбұрыштар санын анықтайды Барлығы 3 III топ:
Дескриптор: Оқушы суретті геометриялық фигуралармен байланыстырған қабырғаларының орны сақталған суреттегі үшбұрыштар санын анықтайды Барлығы 3 Топтарға мақсатқа жетуі үшін арнайы тапсырмалар берілді. Оқушылар тапсырманы шешкен соң жауаптарын тексереді І 1. Теңқабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 6,2 см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. 2. Қабырғалары 1) 4cм, 6 cм, 7 cм; 2) 6 cм, 9 cм, 0.6 cм 3) 5м, 5м, 5м; 4) 1.2м, 7м, 12дм болатын үшбұрыштар берілген. Олардың қайсысы теңқабырғалы үшбұрыш, әртүрлі қабырғалы үшбұрыш, теңбүйірлі үшбұрыш болады? 3. Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі 32,4 дм. Үшбұрыштың қабырғасын табыңдар. ІІ 1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. 2.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап. 3.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. 4.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар. 5.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар. ІІІ 1) Табаны ВС болатын тең бүйірлі АВС үшбұрышында В= C бұрышының сыртқы бұрышын табыңдар. 2)Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғасынан екі есе кіші, ал периметрі 50 см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар. 3)Табаны ВС болатын тең бүйірлі АВС үшбұрышының периметрі 40 см, ал тең қабырғалы ВDC үшбұрышының периметрі 45 см. АВ және ВС қабырғаларының табыңдар | 2-3 слайд https://bilim-all.kz/article/2108-Piramidanyn-qudireti 6 слайд 7 слайд | ||||
Сабақтың соңы 4 минут | Рефлексия - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Топтық немесе жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында тапсырманы орындау жолдарын бақылап үйренеді. Қабілеті жоғары оқушылар үшін қосымша тапсырмалар беріледі | Мұғалім оқушыларды сұрақтар қою арқылы бағалайды. Оқушылар сабақ барысында өз-өзін бағалайды және бағалау критерийі бойынша жұптарда бір-бірін бағалайды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолдану. | Жарытың сол жақтан түсуіне жағдай жасау. Кабинетте алғашқы көмек қобдишасының бар болуын қадағалау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
Қосымша 1
1-тапсырма
Дескриптор: Оқушы - теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттерін қолданады; - санды өрнек / теңдеу құрады; - есептеулер орындайды / теңдеуді шешеді; - есептің жауабын табады. 2-тапсырма Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы табанынан үш есе үлкен. Периметрі 49 см. Теңбүйірлі үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз. Дескриптор: Оқушы
3-тапсырма ∆АВС және ∆АРС теңбүйірлі үшбұрыштарының АС ортақ табаны. РВ түзуі оны О нүктесінде қиып өтеді. Дәлелдеңіз: а)РАВ =РСВ; b) АО=ОС; с) . Дескриптор: Оқушы
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?