Үшбұрыштар теңдігінің белгілері. Геометрия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исиргепова Н.С.

Сынып: 7

ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі

____________________

« »______20_____ж.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3 А бөлім: Үшбұрыштар

Сабақтың тақырыбы:

Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.4 үшбұрыштар теңдігінің белгілерін білу және дәлелдей алу;

Бағалау критерийлері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

  • үшбұрыштың теңдік белгілерінің арасындағы айырмашылықты көреді;
  • үшбұрыштың теңдік белгілерінің арасындағы айырмашылықты суреттейді;
  • үшбұрыштың теңдік белгілерін дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар бөлімнің ұғымдары мен терминдерін пайдаланады

- есептің шығару жолын түсіндіре алады;

- бөлімнің ұғымдары мен терминдерін түсінеді және қолданады;

- үшбұрыштардың теңдік белгілерін тұжырымдайды;

- есеп мәтіні бойынша қажетті сызбаны салу жолын сипаттай алады;

- сызбада берілгендерді сипаттай алады;

- теңбүйірлі үшбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін тұжырымдайды.

Бөлім бойынша лексика және терминология

- сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тікбұрышты үшбұрыштар;

- теңқабырғалы, теңбүйірлі, қабырғалары әр түрлі үшбұрыштар;

- үшбұрыштың элементтері;

- катет, гипотенуза;

- табаны, бүйір қабырғасы;

- қабырғалар арасындағы бұрыш;

- қабырғаға іргелес жатқан бұрыш;

- қарсы жатқан бұрыш;

- бұрышқа іргелес жатқан катет, бұрышқа қарсы жатқан катет;

- үшбұрыштың медианасы;

- үшбұрыштың биссектрисасы;

- үшбұрыштың биіктігі;

- үшбұрыш қабырғасына орта перпендикуляры;

- үшбұрыштың орта сызығы;

- қасиет, белгі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

- үшбұрыштар қабаттастыру кезінде беттессе, онда...;

- үшбұрыштар ... белгісі бойынша тең;

- үшбұрыштардың теңдігінен ...;

- үшбұрыштар тең болғандықтан ... тең болады;

- екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрыш арқылы...;

- АВС үшбұрышының АВ және ВС екі қабырғасы сәйкесінше ... тең;

- егер АВС үшбұрышының АВ қабырғасы және оған іргелес А және В бұрыштары сәйкесінше .. тең болса, онда...;

- үшбұрыш қабырғасына іргелес бұрыштарды анықтаңдар;

- табанындағы бұрыштар...;

- катеттер арасындағы бұрыш...

Құндылықтарды дарыту

Ашықтық, ынтымақтастық, академиялық шындық.

Жаһандық азаматтылыққа тәрбиелеу

Интерактивті сыйластықта орта құру арқылы: сыныптағы мінез-құлық ортақ ережелерін түсіну, оқушылардың сөйлеу, жеке жұмысты ұйымдастыруда бір-бірін тыңдау мүмкіндігі.

Оқытудың өмірмен байланысы

Қалыптастырушы бағалау арқылы өзара әрекеттестіктің түпнұсқалығы, тапсырмалардың математикалық мазмұнының қолжетімділігі; олардың қызығушылықтары мен оқушылардың психо-жас ерекшеліктеріне сәйкестігі.

Пәнаралық байланыстар

ағылшын тілі

Бастапқы білім

Қарапайым фигуралардың негізгі қасиеттері туралы аксиома білу. Транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеу және салу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

сабақтың басы

5 мин

  • Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбын, мақсатын, жетістік критерийлерің анықтау.
  • Үй тапсырмасын тексеру.

1-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

10 мин

ҰЖ, Д

22 мин

ҰЖ, Д

ЖЖ

  • Жаңа материалды оқу.

Үшбұрыштардың теңдігі туралы ұғымды және олардың есептер шығаруда қолдануын қалыптастыру.

1) Тең үшбұрыштардың анықтамасын қарастыру және жаттығу орындау

Төмендегі суретте тең үшбұрыштарды тап. Оны қалай орындай аласың? Жауабыңды түсіндір.

2) Қарастыру: а) үшбұрыштың бірінші белгісін дәлелдеуді қарастыру б) үшбұрыштың екінші белгісін дәлелдеуді қарастыру.

( Мұғалімнің бағалауы)

  • Дағдыларды қалыптастыру.

Есептер шығаруда және дәлелдеуде үшбұрыштардың бірінші, екінші теңдігін қолданып білім, білік, дағдыларын қалыптастыру (ұжымдық және жұппен жұмыс).

1.Төменде көрсетілген үшбұрыштар арасынан тең үшбұрыштарды тап. Жауабыңды түсіндір.

2. Жоғарыдағы дәлелденген теоремаларды қолданып,

дайын сызба бойынша есептерді шығарыңдар.

Оқушылардың ұжымдық, жұптық жұмысы келесі дескрипторлар бойынша бағаланады.

Дескрипторлар

+/-

1

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші және екінші белгісін біледі.

2

Үшбұрыш теңдігінің белгілері арасындағы айырмашылықты көреді

3

Үшбұрыштар теңдігінің бірінші және екінші белгілерін қолданады

( өзара бағалау)

Дифференциация күрделену принципіне негізделген: деңгейден деңгейге біртіндеп көшу, ал тапсырмаларды тұжырымдауы оқушылардың жақын даму аймағында.

Математика: Учебник для 7 класса Назарбаев Интеллектуальных школ. Часть 1/ Н.В. Егоркина и др. Астана, 2018.

Сабақтың соңы

1 мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Үй жұмысы

2 мин



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу