Мақал-мәтел: Шындық, ақиқат

Мақал-мәтел: Шындық, ақиқат

Шындық - сегіз, бақыт - егіз.

Шындық қамал бұзар.
Шындық - бір сөз, өтірік - мың сөз.
Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
Шындық бар жерде,
Өтірік байқап жүреді.
Шындық жоқ жерде
Шіреніп, шайқап жүреді.
Шынға жерік - сырға берік.
Шындықтың шырағы сөнбейді.

Ақиқат сөз –
Ащы сөз.

Шын сөз абақтыдан да шығарады.

Шынымен жыласа,
Соқыр көзден жас шығады.

Шындықтан зор палуан жоқ,
Ол жауды да жығады,
Қамалды да бұзады.
Өтірік ұшы - екеу, шындықтікі - төртеу.
Өтіріктің шиесін шындық шешеді.

Ақиқат – шындық.

Өтірік айтып жылағанша,
Шынықды айтып жалын.

Өтірік пен шындық арасы - екі елі.

Көп қайда болса, шындық сонда.

Ақ пен қараны шындық айырады.

Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.

Сөз шынды табады.

Жыртық үйді жел табар,
Өтірік сөзді шын табар.

Жылап айтқан шынға нанады,
Күліп айтқан өтірікке нанады.

Таң атпайын десе,
Күн қоймайды,
Өтірікті қуалап, шын қоймайды.

Жақсы өтіріктен жаман шындық артық.

Бал тамған өтіріктен
Қан тамған шындық артық.

Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.

Аузы құлып сандықты,
Тіс ашпаса, тіл ашар.

Түйін-түйін сырыңды,
Түбінде келіп шын ашар.

Шешендік күші - шындық.

Аңыз түбі - ақиқат.

Дерегі жоқтың керегі жоқ.

Сақалыңа сенбе,
Ар-ожданыңа сен.
Алашағыңа сенбе,
Алғаныңа сен.

Сыр айтқанға сенбе,
Шын айтқанға сен.

Шайтанға сенген бақсыны тыңдағанша,
Шындыққа сенген жақсыны тыңда.


Көрген көзде жазық жоқ.
Естіген құлақта жазық жоқ.

Көзбен көрген анық,
Құлақпен естіген танық.

Сыр - шымылдық, шындық — айна.

Айтпайын десем аузым бар,
Көрмейін десем көзім бар.

Қасыңда қара көп болса,
Нөкер емей, немене?
Шөлдегенде ішкен су
Шекер емей, немене?
Ат жалынан тапқан мал,
Бекер емей, немене?

Құлақ естігенді көз көрер.

Болар іс болды, бояуы сіңді.

Суды шым тоқтатар,
Сөзді шын тоқтатар.

Әуелгі сөзің рас болса,
Соңғы сөзіңнің өтуіне жақсы.

Құлақпен естігенді көзбен көрген артық,
Көзбен көргенді бастан кешкен артық.

Жаным, тәнім - май шоқпар.

Өтірік айтып қарабет болғанша, шынды айтып жара бет бол.

Ақиқат ағын суды да тоқтатады.

Бес еннен белгілі.

Естігеннен көрген артық.

Соқырға таяқ ұстатқандай.

Күнәсін мойындағанды Құдай да кешіреді.

Ақиқаттың есебі айнымайды.

Сенім сең бұзады.

Адал шындыққа тоқтайды.

Бұйырғанға дауа жоқ.

Ашықты машық іздер.

Шындық - шипа, өтірік - дерт.

Өтіріктің балын жалап тірі жүргеннен,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?