Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Аномалия)

 Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Аномалия)

Боран,
Тұман...
Ақ жаңбыр!
Тағы боран!
Құтырды да көзінің ағы бар ән!..
Мына Қысқа қой деші, Тәңірім-ау,
Мал мен басты өзім-ақ бағып алам.

Жаңбыр!..
Боран!..
Мәссаған, тағы тұман!..
Аумайтындай жындану бағытынан!
Емге керек десеңіз, Тәңірім-ау,
Жүрегімнің түймесін ағытып ал!..

Жалғыз ғана Өзіңсің – нағыз Аңқыр!
Бәлі, мынау... тағы аяз!..
Тағы жаңбыр!..
Төбесіне көктемді көтеріп ап,
Неге гүлдеп тынбайды, бағы жанғыр?!

Аз болғандай қара қар, көк ала мұз,
Бал ашады бұршақпен Обал абыз!..
Бүйткен бұл Қыс Қыс болмай
Қыз боп кетсін,
Самаламен, самалмен сабалаңыз!
Сонсоң...
Сонсоң,
Оған ертек берсеңіз, маған – аңыз
Көзіңізге көрінбей жоғаламыз!
Сүйтіңізші, Тәңірім, өтінемін.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді