Жандарбек Жұман (Cүйіктіме...)

 Жандарбек Жұман (Cүйіктіме...)

Құдай өзі жіберген оны маған,
Жанашырдың бірісің жолыма алаң.
Сендей қызды өсірген ата-анаңа,
Күйеу бала бір күні болып алам!

Сені "аспанның екінші айы" дегем,
Сұлулығың,қылығың-дайын өлең.
Дәл өзіңдей аруды маған арнап,
әкелгендей өмірге Қайын Енем!

Жолымызды бұл тағдыр жалғаса кеп,
Ұрыс-керіс ешқашан болмас әдет.
Үлкендері үй жақтың сәлем салсаң,
Қуанады "келінжан,көп жаса" деп.

Бізге бөгет болмайды ешкім,жаным,
Қуантайық үйленіп достың бәрін.
Төркініңе төрлетіп барасың сен,
Ал мен болса татамын төстің дәмін.

Басымдағы сөнеді жалын қайғы,
Үйден ырыс,береке арылмайды.
Анашым мен әкешім ақ келінін,
Дәл өзінің қызындай қабылдайды!

Жабырқаулы көрмейін күй өңіңнен,
Сені енді өлгенше сүйемін мен.
Жаман атым шықпайды, сертім осы,
Мақтанасын көп әлі күйеуіңмен.

Зымырайды-ау,асығып уақыт бекем,
...Мөлдіреген жанарың жақұт пе екен?
Ақ жаулығың ол менің-ақ ниетім,
Мәңгі аялап,өзіңді бақытты етем!

Иншаллаh!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?