Нұрболат Жолдасбек (Өгей!)
Көрікті адам,
Ерікті аға мен бүгін сөніп барам.
Уайымымнан қараша ерікті алған,
Ару желдің артынан көзін алмай
Бұйра бұлттар сүйсіне еріп барад.
Мың көзбенен тінтіді мұң күздеген,
Кеудемді еміп әлсіздік күндіз менен,
Ерік кетті,еріп кетті – опасыздау
Ар – намысым мұзбалақ жырды іздеген.
Мұңын жалап қала берді жасырын,
Қаншық қасқыр секілді бір қыз кенет.
Бір күз кенет мұңайды құлап жатқан,
Жұлдыз дер ек күздерге ұнап жатқан.
Жоғалтуларменен есейдік,аға,
Шешейді,аға, қайтеміз жылап жатқан?
Міне,енді пойыздың ішіндемін,
Түсінбедім төмендеп кішіргенін.
Ана отырған пайғамбар пішінде кім?
Құлағымнан кетпейді күрсінген үн...
Күрсінген үн,мен тағы ішудемін.
Жайық жақтан жасампаз жел еседі,
Төресі еді жігіттің ересегі!
Толқын – толқын шаштардай құрақтардың,
Сүртпек болып көз жасын жел еседі...
О,Дүния белгісіз келешегі,
Келешегі беймәлім Ересегі.
Қан таситын тамырдай пойыз жолдың,
Бойыменен жүйткіп жел еседі.
Кешір мені...кінала,кіналай түс,
Кешсеңде сен бетімде тұрады айғыз.
Тербетіліп барамыз мәңгі ұйқыға,
Шексіздіктен кешірім сұра,байқұс!
Сірә,жайсыз жатсың – ау О,Керім,қыз
О,Керім,қыз көңілді көтерілгіз.
Төменіміз өмірдің Өгейі – Біз,
Бөбегіміз өмірдің – Бөтені – біз!
Төре де біз...анық қой өлеріміз!
Кешір мені...Бейнеңді тұрған күліп,
Жындандырып жүректі мұңландырып.
Суландырып жанарды қашап жазам,
Кеудедегі жүректі нұрландырып...
Көрікті адам,
Ерікті аға мен бүгін сөніп барам.
Уайымымнан қараша ерікті алған,
Сөніп барам қайтейін?..сөніп барам!
Ерікті аға мен бүгін сөніп барам.
Уайымымнан қараша ерікті алған,
Ару желдің артынан көзін алмай
Бұйра бұлттар сүйсіне еріп барад.
Мың көзбенен тінтіді мұң күздеген,
Кеудемді еміп әлсіздік күндіз менен,
Ерік кетті,еріп кетті – опасыздау
Ар – намысым мұзбалақ жырды іздеген.
Мұңын жалап қала берді жасырын,
Қаншық қасқыр секілді бір қыз кенет.
Бір күз кенет мұңайды құлап жатқан,
Жұлдыз дер ек күздерге ұнап жатқан.
Жоғалтуларменен есейдік,аға,
Шешейді,аға, қайтеміз жылап жатқан?
Міне,енді пойыздың ішіндемін,
Түсінбедім төмендеп кішіргенін.
Ана отырған пайғамбар пішінде кім?
Құлағымнан кетпейді күрсінген үн...
Күрсінген үн,мен тағы ішудемін.
Жайық жақтан жасампаз жел еседі,
Төресі еді жігіттің ересегі!
Толқын – толқын шаштардай құрақтардың,
Сүртпек болып көз жасын жел еседі...
О,Дүния белгісіз келешегі,
Келешегі беймәлім Ересегі.
Қан таситын тамырдай пойыз жолдың,
Бойыменен жүйткіп жел еседі.
Кешір мені...кінала,кіналай түс,
Кешсеңде сен бетімде тұрады айғыз.
Тербетіліп барамыз мәңгі ұйқыға,
Шексіздіктен кешірім сұра,байқұс!
Сірә,жайсыз жатсың – ау О,Керім,қыз
О,Керім,қыз көңілді көтерілгіз.
Төменіміз өмірдің Өгейі – Біз,
Бөбегіміз өмірдің – Бөтені – біз!
Төре де біз...анық қой өлеріміз!
Кешір мені...Бейнеңді тұрған күліп,
Жындандырып жүректі мұңландырып.
Суландырып жанарды қашап жазам,
Кеудедегі жүректі нұрландырып...
Көрікті адам,
Ерікті аға мен бүгін сөніп барам.
Уайымымнан қараша ерікті алған,
Сөніп барам қайтейін?..сөніп барам!
(Алиев Мейіржанның аруағына)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?