Тригонометриялық теңдеулер. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар: №5 -№6Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2А бөлім: Тригонометрия

Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қаласы

Күні: 28.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Мұғалімнің аты-жөні: Атаманова Б.Ж.

Сынып: 10А-1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тригонометриялық теңдеулер

Оқыту мақсаты

Оқушылар:

10.2.4.6 тригонометриялық теңдеулерді негізгі тригонометриялық формулалар арқылы және көбейткіштерге жіктеу, қосымша аргумент енгізу әдістерімен шешеді;

10.2.4.7 тригонометриялық теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешеді, бірінші және екінші дәрежелі біртекті теңдеулерді шешеді.

 Сабақ

 мақсаттары

  • – тригонометриялық теңдеулерді шешу әдістерін біледі (негізгі тригонометриялық формулалар, квадрат теңдеуге келтіру, көбейткіштерге жіктеу, қосымша аргумент енгізу әдістерімен);
  • - тригонометриялық теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешеді, бірінші және екінші дәрежелі біртекті теңдеулерді шеше алады

 Бағалау

 критерийі

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсатына жетеді

  • – тригонометриялық теңдеулерді шешеді (негізгі тригонометриялық формулалар, квадрат теңдеуге келтіру, көбейткіштерге жіктеу, қосымша аргумент енгізу әдістерімен);

- тригонометриялық теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру арқылы шешеді, бірінші және екінші дәрежелі біртекті теңдеулерді шешеді

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • - арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотангенс;
  • - кері тригонометриялық функциялар;
  • - тригонометриялық теңдеулер;
  • - қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешудің дербес жағдайлары;
  • - біртекті тригонометриялық теңдеулер;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • - m санының арккосинусы (арксинусы) деп, x бұрышының мәні … ;

- m санының арктангенсы (арккотангенсы) деп, x бұрышының мәні … ;

  • - құрамында кері тригонометриялық функциясы бар өрнектің мәнін табу үшін … .
  • - қарапайым тригонометриялық теңдеулер деп … түріндегі теңдеулерді атайды;
  • - теңдеудің шешімі болмайды, себебі … ;
  • – берілген тригонометриялық теңдеуді шешу үшін … ;

Құндылықтарды

дарыту

Жұптық және топтық жұмыс барысында ашықтық пен ынтымақтастықты дамыту:

Мәселені шешу барысында әр оқушының жауабы тыңдалады, оның дұрыстығы талқыланады, құрметпен жауап қайтарылады.

Әрбір оқушы қатені көрген жағдайда, оны негіздеу арқылы айта алады, оқушылар сынды дұрыс қабылдай алады.

Оқушылар бір-біріне көмектеседі, бағалайды.

Мәңгілік Ел: Тарих, тілдің бірлігі, сауатты академиялық сөйлеу дағдыларын дәлелдемелерді теоремалар мен қасиеттерге негіздеу арқылы қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

геометрия

 Негізгі

 дағдылары

Әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпалын тигізеді:

  • жұп және топтағы қарым-қатынаста қарастырылатын практикалық тапсырмалар
  • шешімді іздеу барысындағы әңгіме мен талқылау

проблемалық жағдаят

Бастапқы білім

Кері тригонометриялық функциялардың анықтамаларын, қасиеттерін біледі, қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шығара алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-5 мин

1-ші сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында оқушылардың зейінін шоғырландыруға көңіл бөлу қажет. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талқыланады, бағалау критерийлерін оқушылар құрады, қажет жағдайда мұғалім толықтырады.

6-15 мин

16-38 мин

ІІ. Өткенді еске түсіру:

Білу: «Сәйкестендіру» әдісі арқылы, оқушылар тригонометриялық теңдеулердің дербес жағдайдағы шешімдерінің формулаларын сәйкестендіреді.

Түсіну, қолдану: Білімдерін бекітуге арналған тапсырмаларды орындайды.

Жұптық жұмыс. Оқушылар өзінің жұбымен тригонометриялық теңдеулерді зерттеп, есепке талдау жасай отыра қажетті тригонометриялық формулаларды таңдау арқылы тапсырмаларды орындайды. Яғни есептің түріне байланысты қай формуланы қолдану қажет екенін түсінеді, формулаларды есептер шығаруда қолданады.

Мұғалім оқушыларды алдын-ала https://castlots.org бағдарламасы арқылы жұптарға бөледі, жұптарға әр есепке қажетті тәсілді таңдау қажет. Шешімдері дәптерде жазылады. Жұптар бір-бірінің дәптерлерін ауыстырып тексеру арқылы өзара бағалау жүргізіледі. Дескрипторды бірлесе құрастыра отыра, тапсырма үшін қанша ұпай беруге болатындығын анықтайды. Мұғалім үдерісті бақылайды, қажет жағдайда жұптарға нұсқаулық беріледі.

Қосымша 1

https://castlots.org 

39-40 мин

Сабақтың мақсатына оралу. Оқушылардың бағалау критерийі бойынша қаншалықты мақсатқа жеткендігін сұрақ-жауап арқылы анықтау, кері байланыс беру.

41-60 мин

61-77 мин

2-ші сабақ

Жеке жұмыс (дифференциация) Тригонометрия формулаларын қолданып тригонометриялық теңдеулерді шешеді, дайын марк-схема арқылы өзін-өзі тексереді. Мұғалім үдерісті бақылайды, ауызша немесе оқушының дәптеріне комментарий жазады. Қиындық туындаған тапсырмалар болса, тақтада талданылады, бағалау үдерісі талқыланады. Кейбір есептердің басқа да шығарылу тәсілі болуы мүмкін екендігі ескеріледі.

Топтық жұмыс

Оқушылар 3 топқа бөлінеді, берілген тапсырманы топпен орындайды, бір-бірінің ойын тыңдайды, тапсырманы орындауда ұйымшылдық, сыйластық қасиеттері дағдыланады. Шешімді іздеу барысындағы әңгіме мен талқылау әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға ықпалын тигізеді. Топтық жұмыстың нәтижесі тақтаға ілінеді, басқа топтар үшін түсіндіріледі. Өзара бағалау үдерісі жүргізіледі. Оқушылар кері байланыс береді, сұрақтары болса қояды. Мұғалімнің кері байланысы үздіксіз жүргізіліп отырады.

Қосымша 2

78-80 мин.

Кері байланыс:

-не қиын болды?

-нені білгім келеді?

-мақсатқа жету үшін қандай қиындықтар туындады?

Үй жұмысы:

-формулаларды жаттау

-Teams бағдарламасындағы Мэскқа дайындық тапсырмаларынан тақырыпқа қатысты тапсырмаларды орындау.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың

Материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақт саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық

кезеңдері

сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткенекі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Ә.Б. меңгерушісі: ____________ Валеева М.Б.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу