Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық) түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10А. Бөлімі. Өркениет: даму ерекшеліктері

Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық) түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.2.1 өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру

 Сабақ мақсаттары

Дәстүрлі қоғамының белгілерін анықтау

Дәстүрлі қоғамның белгілерін жіктеу

 Бағалау критерийлері

Қоғамның дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін сипаттайды және жіктейді

Тарихи концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

 Тілдік мақсаттар

 

Өзектендіру кезеңінде: оқушы «дәстүрлі қоғам» ұғымымен байланысты сөздер және/немесе сөз тіркестерін жазады, айтады және түсіндіреді.

Сабақ соңында: оқушылар дәстүрлі қоғамның ерекшеліктерін сипаттайды (жазылым, айтылым дағдылары).

Пәнге тән лексика мен терминология: дәстүрлі қоғам, аграрлық қоғам, индустрияға дейінгі қоғам, сословиелік құрылым, касталық жүйе, иерархиялық стратификация, натуральды шаруашылық.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақта топтық жұмысты ұйымдастыру барысында ынтымақтастық.

 АКТ

қолдану дағдылары

Мұғалім PowerPoint форматындағы презентацияны пайдаланады.

Оқушылар мәтіндік және графиялық материалды талдайды.

 Пәнаралық

байланыстар

Әлеуметтану

 Бастапқы білім

Оқушылар ежелдегі (мысалы, Үндістандағы касталық жүйе) және Орта ғасырлардағы (мысалы, ортағасырлық батыс қоғамы) әлеуметтік құрылымдардың ерекшеліктерін біледі. Сонымен қатар оқушылар Қазақстан тарихы бойынша дәстүрлі қазақ қоғамы туралы білімдерін (шығыстың дәстүрлі қоғамнының үлгісі ретінде) қолдана алады. Сондай-ақ оқушылар 7 сыныпта алған феодализмнің білгілері туралы білімдерін қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы (5 минут)

(М) Ұйымдастыру кезеңі.

(Ұ) Оқушыларға Дуглас Адамның өркениет туралы пікірін оқуды ұсыну: «Кез келген өркениет өзінің даму барысында сөзсіз әртүрлі үш кезеңнен өтеді: Аман қалу үшін күрес, Әуестік және Талғампаздық, олар басқаша Қалай? Неліктен? және Қайда? кезеңдері ретінде белгілі. Мысалы біріншісі «Біз қалай тамақтанамыз?» сұрағымен, екіншісі «Біз неге тамақ ішеміз?» және үшіншісі «Бізге қай жерде тамақ ішкен дұрыс болады?» сұрақтарымен сипатталады.

Сұрақ қою: Автор адамзат өркениеті дамуының қандай кезеңдерін сипаттайды? Оқушылардан өз жауаптарын түсіндіруді сұрау.

(М) Оқушыларға олар дәстүрді қоғамының белгілерін қарастыратындығын хабарлау. Сыныппен мақсаттар мен бағалау критерийлерін талқылау.

Презентация слайдтары

Сабақтың ортасы (30 минут)

5 минут

12 минут

6 минут

7 минут

(Ұ) Білімді өзектендіру. Оқушылардан шеңберге тұруын сұрау және әрқайсысына стикер үлестіру. Оқушылар стикерге «дәстүрлі қоғам» ұғымымен өз ассоциацияларын жазуы керек. Әр оқушы өзінің сөз/сөз тіркесін жазып, флипчартқа жабыстырады.

(Т) Оқушыларды 3 (6) топқа бөлу. Әр топ оқушылары дереккөзді талдайды және дәстүрлі қоғамның белгілерін анықтайды.

Тапсырма:

  • Дереккөзбен танысыңыз.
  • Дәстүрлі қоғамның негізгі белгілерін белгілеңіз.

1 топ: дәстүрлі қоғам туралы философтардың пікірлері.

2 топ: Графикалық дереккөздер (суреттер, ортағасырлық миниатюралар, сызбалар)

3 топ: өңделген мәтін.

Дескрипторлар

Оқушы:

  • Экономика саласындағы дәстүрді қоғамның белгілерін анықтайды.
  • Техникалық даму саласындағы дәстүрлі қоғамның білгілерін анықтайды.
  • Әлеуметтік саладағы дәстүрлі қоғамның білгілерін анықтайды.
  • Экономика, әлеуметтік өмір және техниканың даму саласындағы дәстүрлі қоғамның белгілерін толықтырады.

Оқушылар берілген дереккөздерге сүйене отырып, өздігінен дәстүрлі қоғамының белгілерін құрастыруы керек. Оқушыларды сәтіннен сөзбе сөз жауаптар алудан алыс болуға бағыттау. Олар дереккөзде берілген ақпараттан жалпы қорытындылар жасауы керек.

(Ұ) Топтық жұмыс нәтижелерін ұжымдық талқылау. Бірқатар оқушылар спикер болады. Спикерлерді белгілеу немесе оқушыларға өздігінен таңдауға мүмкіндік беру.

(Д/қ) Оқушыларға қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындауды ұсыну.

Презентация слайдтары

Стикерлер, флипчарт

Дәстүрлі қоғам

http://mybiblioteka.su/tom2/2-135771.html

Иллюстрациялар:

Сословиелер http://player.myshared.ru/6/782941/slides/slide_3.jpg

Феодальдық саты http://player.myshared.ru/25/1279609/slides/slide_8.jpg

Касталар https://ds03.infourok.ru/uploads/ex/10ef/00046a36-d7c88076/640/img1.jpg

Натуралды шаруашылық

https://ds04.infourok.ru/uploads/ex/0a3e/0001cb75-496b903c/640/img13.jpg

Егістік

http://centr-intellect.ru/%D0%BC%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D1%80%D0%B8%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%BD%D0%BE%D1%81%D1%82%D1%8C-%D0%BE%D0%B1%D1%89%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D1%80%D0%B0%D0%B7/

Ортағасырлық ауыл

https://cf.ppt-online.org/files/slide/o/oyBkJrqt74lg5n8MR9iGmfFSXCvO1wVPAzDxLu/slide-6.jpg

Оқу жоспарынан Белл мен Тоффлердің пікірі

Оқулықтан үзінділер «Философия».Оқулық. 2-басылым., өңделген және толықтырылған М.: ТОН - Остожье, 2001

Сабақ соңы

(5 минут)

(Ұ) Сабақ қоыртындысын жасау.

Сабақ рефлексиясы «Ең маңызды».

- мен үшін ең маңызды мәлімет …;

- мен үшін құндылығы …;

- мен жасаған ең маңызды қорытынды ...

Слайды презентации

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық жұмыс ұйымдастырылады, топтар бір тапсырманы орындау үшін әр түрлі дереккөбен жұмыс жасайды. Ең қабілетті оқушылар дәстүрлі қоғам туралы философтардың цитаталарымен жұмыс жасайды (С1 деңгейлі абстрактылы мәтін). «Орта деңгейлі» оқушылар дәстүрлі қоғамының ерекшеліктерін суреттерді талдау арқылы анықтайды. Қабілеті төменірек оқушылар В2 деңгейлі өңделген мәтінмен жұмыс жасайды.

Қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар

-әртүрлі дереккөздерді талдау тереңдігі;

-дәстүрлі қоғам белгілері мысалдарының сапасы;

-бастапқы білімдерін пайдалану.

Оқушылар сабақ соңында қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды, мұғалім оны өзі тексере алады немесе дұрыс жауаптарды беріп, оқушыларға өзін-өзі немесе өзара бағалауға мүмкіндік бере алады.

Оқушылардың денсаулығы және қауіпсіздігіне қауіп жоқ.

Сабақтағы белсенділік – оқушылар сабақ іс-әрекеттің ауысуына байланысты қозғалыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу