Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, презентация.
Портреттен кімді көріп тұрсыздар? Бұл тарихи тұлғалар туралы не білесіздер?
Тақырыбы: Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті?
Оқыту мақсаттары:
9.4.1.4. себеп-салдарлық байланыстарды аша отырып, социалистік шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау;
9.3.1.3. мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтау;
9.3.1.4. тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау;
Бағалау критерийлері:
Социалистік шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтайды
Мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтайды
Тұлғаның тарихтағы рөліне баға береді
Бейнематериалмен жұмыс.
Тапсырма:
Бейнежазбаны мұқият тыңдап шығып, ұсынылған кезең бойынша менталды картаны құрыңыз.
1 топ – 1949 – 1952 жж. кезеңді зерттейді.
2 топ - 1953 – 1957 жж. кезеңді зерттейді.
3 топ – 1958 -1960 жж. кезеңді зерттейді.
4 топ – 1961 -1965 жж. кезеңді зерттейді.
5 топ – 1966 -1976 жж. кезеңді зерттейді.
Дескрипторлар:
Зерттелетін кезеңнің кем дегенде 2 негізгі тарихи оқиғасын анықтайды.
Өзінің көзқарасын дәлелдеу үшін дәйектер келтіре алады
Талқылауға арналған сұрақтар:
Қытай социализмінің ерекшеліктері неде?
Қытайда 1970-ші жылдардың аяғына дейін қандай социализм тұрғызылды?
Қытайлық қайта құрудың себептері мен мәні неде?
Дэн Сяопиннің нақыл сөзінің мағынасын түсіндіріңіз
"Мысықтың түсі қандай болғаны маңызды емес – бастысы, тышқан ұстаса болғаны"
Дескрипторлар:
1. Дэн Сяопиннің қытай тарихындағы рөліне баға береді
2. Кемінде 2 дәйек келтіреді
Оқиғалардың дұрыс ретін анықтаңыз:
1. «Мәдени революция»
2. Прагматикалық реформалар
3. «Қарқынды алға басу» саясатының іске аспай қалуы
4. Қытайда билік басына коммунистердің келуі
5. Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналуы
6. Елді жаңғыртудағы ұмтылыстар
Дескрипторлар:
Ретімен кем дегенде 3 оқиғаны анықтайды
Оқиғалардың дұрыс реті
Қытайда билік басына коммунистердің келуі
Елді жаңғыртудағы ұмтылыстар
«Қарқынды алға басу» саясатының іске аспай қалуы
«Мәдени революция»
Прагматикалық реформалар
Қытайдың қарқынды дамып келе жатқан мемлекетке айналуы
Рефлексия
Келесі тақырыпқа бір минуттық сөз дайындаңыз: "Қытайдың әлемнің ең қарқынды дамып келе жатырған еліне айналуына не себеп болды?"
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?