Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 9 сынып, сабақ жоспары.
8-бөлім: Азияның ХХ ғасырдың екінші жартысындағы даму ерекшеліктері.
| Мектеп: Орал қ.ФМБ НЗМ | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Букаева Б.С. | |||||||
Сыныбы: 9 сынып | Қатысқан оқушы саны: | Қатыспағаны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: Мао Цзэдун мен Дэн Сяопин Қытайды қалай өзгертті? | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 9.4.1.4. себеп-салдарлық байланыстарды аша отырып, социалистік шаруашылық жүргізу жүйесінің дамуындағы қарама-қайшылықтарды анықтау; 9.3.1.3. мемлекеттің тарихи дамуының заңдылықтарын анықтау; 9.3.1.4. тұлғаның тарихтағы рөлін бағалау; | |||||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушыларды ХХ ғасырдың екінші жартысындағы негізгі оқиғалармен таныстыру, өзгеруі мен сабақтастығын анықтау | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар не істеу біледі: Қытайдың әлемнің ең қарқынды дамып келе жатырған еліне айналуына не себеп болғаны туралы сөйлеу. Пәндік лексика және терминология: «Қарқынды алға басу», «Мәдени революция», жаңғыру, хунвейбиндер, халық коммунасы Диалог құруға/ жазуға арналған пайдалы сөздер: «Қарқынды алға басу» саясатының мақсаттары ………… «Мәдени революция» дегеніміз……… Хунвейбиндер -бұл…………………………. | |||||||
Құндылықтарды меңгерту | Адам құқықтары мен ар-намысына деген құрмет сезімін, толеранттық пен өзара түсіністікті тәрбиелеу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | География пәнімен | |||||||
Сабақтың концептісі | Өзгеру және сабақтастық | |||||||
АКТ пайдалану дағдылары | Ақпарат іздеу мен іріктеуге байланысты өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыстарды салыстыру және анықтау | |||||||
Бастапқы білім | Ұсынылатын бастапқы білімге оқушылардың империяның даму тарихы туралы білімі қосылады. Әсіресе еуропалық колониялық империализм туралы 8 сыныптағы материал бойынша алған білімдерін пайдалану ұсынылады. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы (5 мин) | Мұғалім сабақтың басында Мао Цзэдун мен Дэн Сяопиннің портреттерін көрсетіп, сұрақтарға жауап берулерін сұрайды: Портреттен кімді көріп тұрсыздар? Бұл тарихи тұлғалар туралы не білесіздер? Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, оқушылар сабақ тақырыбын, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды. | |||||||
Сабақтың ортасы (15 мин) (5 мин) (5 мин)
| Бейнежазбамен жұмыс. Бейнежазба көрсетілер алдындамұғалім оқушыларды 5 топқа бөледі. Тапсырма: Бейнежазбаны мұқият тыңдап шығып, ұсынылған кезең бойынша менталды картаны құрыңыз. 1 топ – 1949 – 1952 жж. кезеңді зерттейді. 2 топ - 1953 – 1957 жж. кезеңді зерттейді. 3 топ – 1958 -1960 жж. кезеңді зерттейді. 4 топ – 1961 -1965 жж. кезеңді зерттейді. 5 топ – 1966 -1976 жж. кезеңді зерттейді. Дескрипторлар:
Оқушылардың жұмыстарын таныстыру Талқылауға арналған сұрақтар: Қытай социализмінің ерекшеліктері неде? Қытайда 1970-ші жылдардың аяғына дейін қандай социализм тұрғызылды? Қытайлық қайта құрудың себептері мен мәні неде? Дэн Сяопиннің нақыл сөзінің мағынасын түсіндіріңіз "Мысықтың түсі қандай болғаны маңызды емес – бастысы, тышқан ұстаса болғаны" Дескрипторлар:
Оқиғалардың дұрыс ретін анықтаңыз:
Дескрипторлар: Ретімен кем дегенде 3 оқиғаны анықтайды Өзін-өзі бағалау Тақтада мұғалім оқиғалардың дұрыс ретін көрсетеді. | https://videouroki.net/blog/sotsializm-s-kitaiskoi-spietsifikoi.html 1-қосымша 2-қосымша | ||||||
Сабақтың соңы (10 мин) | Рефлексия Келесі тақырыпқа бір минуттық сөз дайындаңыз: "Қытайдың әлемнің ең қарқынды дамып келе жатырған еліне айналуына не себеп болды?" Оқушылар сынып алдында бір минуттық сөз сөйлейді. | |||||||
Саралау – Көбірек қолдау көрсетуді Сіз қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін бағалауды қалай жоспарлайсыз? | Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникасын ұстану | ||||||
Сабақтың рефлексиясы: Сабақ мақсаттары шынайы қойылған ба? Сабақ мақсаттарына оқушылардың бәрі жете алды ма? Олай болмаса, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері дұрыс ұстанылды ма? Сабақ жоспарынан ауытқу орын алды ма, неліктен? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?