Функция, оның қасиеттері және графигі. Алгебра, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.1A бөлім: Функция, оның қасиеттері және графигі | Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||
Күні: Жаңа сабақ: | Мұғалімнің аты-жөні: Базарбаева Г.Н. | |||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.1.3 - функция қасиеттерін анықтай алу; | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар функцияның қасиеттерін қарастырады. Есептерді шығару барысында функцияның қасиеттерін тани біледі. | |||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы оқу мақсаттарына жетеді, егер;
| |||||||
Тілдік мақсаттар | - бөлшек-сызықты функцияның графигін/ берілген функцияның графигін салу үшін ... түрлендірулер орындалады; -берілген функцияға кері функция табу үшін … керек; -берілген күрделі функция ... функцияларынан құралған; -егер ... шартын қанағаттандыратындай М оң саны бар болса, онда функция шенелген деп аталады; -егер функция қандай да бір аралықта өсетін (кемитін) болса, онда ол осы аралықта ... деп аталады; -егер ... болса, функция жұп деп аталады; -егер ... болса, функция тақ деп аталады; - жұп (тақ) функцияның графигі ... симметриялы; -жұп (тақ) функцияның графигін салу үшін ... керек; -егер ... болса,функция периодты деп аталады. | |||||||
Құндылықтарды дардамыту
| Қалыптастырушы бағалау сәтінде бір-бірінің жұмысын тексеруде оқушыларды академиялық шыншылдыққа тәрбиелеймін | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивтік құралдарды қолдану | |||||||
Бастапқы білім | Қарапайым функциялар және олардың графиктері | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
| ||||||
Сабақтың басы 5 мин. | Сабақтың мақсатын қою. Сабақтың тақырыбымен таныспай тұрып, слайдты көрелік. Слайдтан не көріп тұрсыңдар? Және де оларды қандай математикалық терминмен біріктіруге болады? Бұл – функция. Өте дұрыс. Функция – бұл негізгі математикалық ұғым. Ол арқылы әртүрлі шамалардың арасындағы байланыстарды көрсетуге болады. Функция туралы көп білген сайын, қоршаған ортаны танитын мүмкіндіктеріміз арта түседі. | Слайд №4 | ||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 5 мин 5 мин 5 мин 7 мин 5 мин | Жаңа тақырыппен танысу. Жинақтаушы әңгіме. 1. Сендер қандай функциялармен таныссыңдар? 2. Функциялар мен олардың графиктерінің арасындағы сәйкестікті орнатыңдар?
3. Фунцияның негізгі қасиеттерін атаңдар. (Оқушылар функцияның негізгі қасиеттерін атайды. Содан кейін мұғалім негізгі қасиеттерін қайта бір рет қайталап, қорытындылайды.) Практикалық жұмыстар. Оқушылар презентациямен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды оқушылар жекелей орындайды, соңынан сыныппен тексереді. А) функцияның анықталу және мәндер облысын анықтау. Берілген функциялар үшін анықталу және мәндер облысын атаңдар. Б) жұп/тақтылығы Берілген уақытта барынша көп функциялардың жұп/тақтылығын анықтап үлгеру. (Бағалау: Көп фунцияларды анықтаған және қате жібермеген оқушыларды атау қажет.) В) функцияның нөлдері Оқушылармен мысалдар арқылы функцияның нөлдері деген ұғымды талдау. Өз беттерінше функцияның нөлдерін анықтау.
(Тапсырманы орындап болған соң, өзара тексеру өткізу. Бағалау: оқушылар бірін-бірі бағалайды.) C) Функцияның өсу/кемуі Оқушылармен функцияның өсу және кемуі туралы анықтамаларды қарастыру. Берілген функциялардың жұп/тақтылығын жұппен талдау және оны дәлелдеу. D) функциялардың периодтылығы Оқушыларды функцияның периодтылығы мен ең кіші периоды ұғымымен таныстыру. Сабақта алған білімдерін тексеру үшін, өз беттерінше орындауға тапсырмалар: Берілген уақытта нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау. Слайдтағы жауабы бойынша өзін-өзі тексеру. | Слайд №5 Слайд №6 Слайд №7 Слайд №8 Слайд №9 Слайд №10 Слайд №11-15 Слайд №16-17 Слайд №18-19 | ||||||
Сабақтың соңы 3 мин.
| Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. Оқулық бойынша: Шыныбеков Ә.Н.№79 (21-бет) Оқушылар сабақты қорытындылайды, мына сұрақтар бойынша өз жұмысын бағалайды:
Әрбір таңдалған тұжырымның себебін ашып жазу қажет. | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?