Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы. 9 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: Атырау ХББ НЗМ | Тақырып: Әлемнің екі полюсті жүйесі қалай қалыптасты? | |||||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты-жөні: Арстанбаева А.У. | |||||||
Сынып: 9 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Оқу мақсаты: | 9.3.2.2 «Қырғи қабақ» соғыс түсінігін түсіндіру үшін тарихи оқиғаларды талдайды; 9.3.2.3 тарихи фактілер мен картаға сүйене отырып, әскери-саяси одақтар НАТО және ВШҰ-ның қарсылығын сипаттау; 9.3.2.8 ХХ ғасырдың екінші жартысында әлемнің саяси картасындағы өзгерістерді анықтау. | |||||||
Сабақ мақсаты | «Қырғи қабақ» соғыстың негізгі кезеңдерін айқындау. | |||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар жасай алады: НАТО мен ВШҰ арасындағы қарама -қайшылықтарды анықтау үшін топпен жұмыс жасайды; (сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу дағдылары) Сыныптағы диалог / жазу үшін пайдалы фразалар тізбегі: -«Кубалық ракеталық дағдарыс маңызды болды, себебі ... - «Қырғи қабақ соғыс» кезіндегі ең маңызды бетбұрыс ... - Менің бұлай ойлауымның себептері ... - Басқа маңызды оқиғаларға ... | |||||||
Бағалау критерийлері | 1. «Қырғи қабақ соғыс» концепциясының тарихи контекстін анықтайды; 2. Әртүрлі ақпарат көздерінен кең ауқымды ақпаратты сыни түрде таңдайды; 3. Өз пікірін дәлелдей алады; 4. Дереккөздерді талдайды, қорытынды жасайды; 5. Әлемнің екі полюсті жүйесінің пайда болу себептері туралы қорытынды жасайды. | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Төзімділік, бейбітшілік, адамгершілік құндылықтарын дарытады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | География, Информатика | |||||||
АКТ-ны қолдану | Дереккөздермен жұмыс жасау | |||||||
Негізгі түсініктер | әсер ету аймағы, Маршалл жоспары, Труман доктринасы, ядролық тежеу, НАТО, ВШҰ, ұлы держава, ұжымдық қауіпсіздік, Берлин блокадасы, Берлин қабырғасы, ядролық қару, қару -жарақ, бейбіт өмір сүру, Куба дағдарысы, Қырғи қабақ соғыс; | |||||||
Алдыңғы білім | Осы және одан кейінгі сабақтар қырғи қабақ соғыстың басталуы мен әлемнің саяси картасын өзгерту бойынша бұрынғы жұмыстарға негізделеді. Ол оқушыларға 8 -ші сыныпта оқыған «қырғи қабақ соғыс» оқиғаларының екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қалай дамығанын білуге көмектеседі. | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру сәті. 2 мин | Бастапқы ынталандыру материалы: КСРО мен АҚШ арасындағы суретке байланысты сұрақтар:
Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Сыныпты онлайн -генератор арқылы 4 топқа бөлу | Презентация слайд 1-2 | ||||||
5 мин | Мұғалім оқушылармен бірге «қырғи қабақ соғыс» ұғымын және оның белгілерін зерттейді. Мақсаты: тарихи терминмен жұмыс «қырғи қабақ соғыс» сияқты тарихи құбылысты неғұрлым толық түсіну; «Қырғи қабақ соғыс» туралы түсінікті бекіту үшін мұғалім ҚБ бойынша 1 тапсырманы ұжымдық түрде орындауды ұсынады. | Слайд 3 Қалыптастырушы бағалау | ||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин | Тарихи-кеңістікте ойлауды қалыптастыру үшін социалистік блоктың (ВШҰ) құрылуы нәтижесінде еуропалық кеңістіктегі саяси өзгерістер жазылған карта көрсетіледі. Слайд №4-5. Топтық жұмыс: дидактикалық материалмен жұмыс. Мақсаты: екі әскери-саяси блоктың, НАТО мен ВШҰ қызметін талдау және бағалау арқылы қарсыластықты сипаттау. Оқушылар топтық қырғи қабақ соғыстың қақтығыстарын оқиды және таңдалған критерийлер бойынша бірін -бірі бағалайды:
Білімді тексеру үшін мұғалім блокқа жататын елдерді бөле отырып, кестені толтыру үшін ҚБ үшінші тапсырмасын толтыруды сұрайды. (6-слайд бойынша өзін-өзі бағалау) | Презентация 4-5 слайд Дидактикалық материал Берлин блокадасы http://www.bbc.co.uk/learningzone/clips/airlift-helps-to-end-blockade-pt-3-4/10385.html Қырғи қабақ соғыс туралы жазбалар, фильмдер және қысқаша шолу мәтіндері http://www.bbc.co.uk/schools/gcsebitesize/history/mwh/ir2/ Слайд 6 | ||||||
Сабақтың соңы | Мұғалім ҚБ тапсырмалар парағындағы сабақтағы пайдалы фразаларды қолдана отырып, биполярлық әлемнің қосылуы туралы қорытынды жасауды сұрайды. Мұғалім 2-3 оқушыны тыңдайды, түзетеді және қажет болған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетеді. Мұғалім оқушылармен бірге әлемнің биполярлық жүйесінің пайда болу себептері бойынша барлық пікірлерді қорытындылайды. | Слайд 7 | ||||||
Үй тапсырмасы | Таңдауға:
| |||||||
Қосымша ақпараттар | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Жасырын саралау ақпараттық ұйымдастырушымен үй тапсырмасын орындау барысында қамтамасыз етіледі: мұғалім зерттелетін тақырыпты оқушылар үшін қаншалықты қызықты болғанын білуге тырысып, оқудың нақты нүктелерін әдейі көрсетпейді. Қабілеті жоғары оқушылар ұйымдастырушы элементтері арқылы жұмыс жасауға тырысады. | Критерийлер арқылы топтық жұмысты қалыптастырушы бағалауды қолданыңыз. | Географиямен, логикамен | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары шыңайы болды ма? ОМ барлық оқушылар жетті ма? Жоқ болса, неге? Сабақта сарау дұрыс өтті ма? Сабақтың уақыт кезеңдері сақталынды ма? Сабақ жоспарынан қандай шегіну болды, не себептен? | ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?