Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік

6.2.1.8

тепе-теңдік және тепе-тең түрлендіру анықтамаларын білу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Оқушылар ақпаратты игеретін және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді орта, тапсырмаларды орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Біріккен оқу ортасын құру.

Үй тапсырмасын слайд арқылы тексеру, көмек қажет оқушыларға қосымша түсінік беру.

Сергіту сәті ұйымдастырыңыз, бұл оқушыларға жақсы көңіл – күй сыйлайды.

Жаңа материалды түсіндіруді проблемалық жағдаймен бастау.

Мысалдар орындату, орындауы бойынша математикалық тілде қорытынды жасауды ұсыну. Әр мысалдан кейін өзіңіз оқушылар берген түсінікті толықтырып қорытындылаңыз.

Жалпы сыныптық жұмыс ұсыну:

1 – мысал.

және өрнектерінің болғандағы мәндерін табайық.

Қорытынды: көбейтудің үлестірімділік қасиетінен

a және b айнымалыларының кез келген мәнінде өрнегінің мәні өрнегінің мәніне тең.

Демек, және теңбе - тең өрнектер, ал = теңбе - теңдік деп аталады.

2 – мысал.

теңбе – теңдік.

3 – мысал.

Қорытынды: қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, айнымалылары бар өрнектерді теңбе – тең түрлендіріп ықшамдау

4 – мысал.

Қорытынды: көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, айнымалылары бар өрнектерді теңбе – тең түрлендіріп ықшамдау.

5 – мысал.

Қорытынды: Ұқсас қосылғыштарды біріктіру ережесін пайдаланып, айнымалылары бар өрнектерді теңбе – тең түрлендіріп ықшамдау.

6 – мысал.

Қорытынды: «Жақшаларды ашу» ережесін пайдаланып, өрнектерді теңбе – тең түрлендіру.

Сабақта оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін есеп шығарғанда орындайтын амалдарды ойша шешіп алуды дағдыларын жетілдіру мақсатында ауызша жаттығу ұйымдастырыңыз.

Ауызша есептеңіз:

  • 2) 3)
  • ; 5)

6)

 Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін жұпқа біріктіріңіз.

Оқушыларды теңбе – тең өрнектерден дайындалған үлестірмелер арқылы жұптарға біріктіріңіз.

Жұптық тапсырма

№1. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдаңыз:

  • 2)

3)

Жауабы: -12ас; - ab;

№2. Қораға тік бұрышты параллелепипед пішінді етіп шөп жиналған. Жиналған шөптің ұзындығы а м, ені b м және биіктігі с м. 5 м3 шөп 3 ц болады. Қорадағы шөп неше центнер? Есепті шығарудың әріпті өрнегін құрастырып, a = 7; b = 5; c = 2 болғанда мәнін табыңдар.

Жауабы: 42 ц.

№3. Ықшамдаңыз:

  • 2) 3)

Жауабы: ; 0,5; .

Дайын жауап арқылы жұптар арасында өзара бағалау жүргізу.

Дескриптор: Білім алушы:

  • көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып, өрнектерді ықшамдайды;
  • есепті шығарудың әріпті өрнегін құрастырып, мәнін табады;
  • өрнекті ықшамдайды.

Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.

Жеке деңгейлік жұмыс

Негізгі деңгей:

  • ; 2) ;

3)

Жауабы: ; ; .

Дамытушы деңгей:

ABCD фигурасының ауданын әріпті өрнекпен жазыңдар. Оның сандық мәнін табыңдар. Мұндағы

m = 5 см , n = 2 см, k = 3 см, h = 4.см.

Жауабы: 30 см2.

Слайд арқылы көрсетілген дайын жауапты пайдаланып, оқушы өзін – өзі бағаалау жүргізеді, мұғалім қадағалайды, көмек қажет болса ұйымдастырады.

ДОМИНО ойыны, қатар отырған екі оқушы бірігіп орындауға ұсынылады.

Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақты қорытындылау:

  • теңбе – тең өрнектер анықтамасы, мысал;
  • теңбе-тең түрлендірулер анықтамалары, мысал;

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Бүгін біз сабақта нені білдік, оқушы пікірін тыңдау.

Менің бағам

Не білемін

Не меңгердім

Не білуім керек

Нені қайталауым керек

Қандай тапсырмалар орындауым керек

Үйге тапсырма:

№1. Теңдеуді шешіңіз:

; 2) .

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 5 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу