ХХ ғасырдың бірінші жартысында мәдениеттің даму ерекшеліктері қандай? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, дидактикалық материал.


Мәдениет дамуының негізгі кезеңдері.

Мәдени дамудың саяси үдерістер мен ғылыми-техникалық прогреспен тығыз байланысты үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Iс жүзінде өткен ғасырдың әрбір онжылдығына тән ерекшеліктер жинақтала келіп, мәдениеттің әртүрлі формаларындағы орнықты үрдістермен көрінді. Мәдениетте, жүйедегі сияқты, бәрі бірімен бірі байланысты және бірін-бірі айқындайды.

Бірінші кезең неғұрлым қарқынды және оқиғаларға толы болды. Ол ХIХ және ХХ ғасырлардың шегінде басталып, екі онжылдыққа (1918—1919 жылдарға дейін) дерлік созылды. Әлеуметтік-саяси процестердің (соғыстар, революциялар) шиеленісті дамуы аясында нақты ғылымдар саласында және техникада жаңалықтар ашылып, көптеген көркемдік формалар, стильдер, философиялық тұрғырнамалар пайда болды. Осының нәтижесінде әлемнің жаңа бейнесі өмірге келді. Әдебиетте, (әсіресе поэзия-да), кескіндемеде, сәулет өнерінде модернизм дамыды, режиссерлік театр пайда болды.

Екінші кезең (20-жылдар — 30-жылдардың соңы) әдебиетте авангардизмнің, ұлттық реализм мен натурализмнің, кескіндемеде, музыкада авангард пен сюрреализмнің, сәулет өнерінде конструктивтілік пен интер националдық стильдің, эксперименттік театрдың, кино өндірісінің, өнеркәсіптік дизайнның дамуымен сипатталды. Әлеуметтік катаклизмдер, жаңалықтарды, техникалық прогресті ой елегінен өткізуден мәдениет пен ғылымда негізгі бағыттар мен ағымдар бөлініп шықты. Мәдениеттің жаңа тоталитарлық формасы (социализм мен фашизм) пайда болды.

Үшінші кезең соғыстан кейінгі 40-жылдар мен ХХ ғасырдың бүкіл екінші жартысын қамтиды. Бұл ке зеңде ортақ үрдіс — адамның ақыл-ойы мен техникалық прогрес-ке деген сенім айқын көрінді. Десе де, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың бір-біріне қарсы тұру проблемасының өзара түсіністік табуы да назардан тыс қалмады. Әрбір келесі онжылдық мәдениетке қандай да бір ерекше жаңалық қосып отырды. 60-жылдары жастар контрмәдениетін немесе жастар топтары мен ағымдарының (хиппи, панкалар және т.б.) антимәдениетін жасауға әрекеттенген “алпысшылдардың” феномені пайда болды. Олардың соғыссыз және зорлықзомбылық жоқ дүние құрудың идеалистік пиғылдары “алпысшылдардың” өздері ғана емес, сондай-ақ саясатшылардың белгілі бір бөлігінің дүниетанымындағы көп нәрсені өзгертті.

Жаратылыстанудағы революция мен оның ықпалының ғылымдарға, технология мен саясатқа ықпалы. Жара тылыстанудағы революция ғылыми, философиялық және дүниетанымдық маңызға ие болды. Атап айтқанда, ол — физикадағы аса ірі жаңалықтар. Оның негізгісі атом және оның құрылысы болды. Қарапайымбөлшектердің (электронның, протонның,позитронның, нейтронның) бар екендігі, атомның бөлінбейтіндігі туралы түсінікті жоққа шығарды. Классикалық техника заңдарын абсолюттендіруге күмән келтірілді: массаның өзгермейтіндігі туралы заңның терістігі дәлелденіп, ықтималдылық теориясы жасалды. Жетекші физиктер макродүние мен микродүние даму заңдарының сапалық тепе-теңдігі туралы пікірлерді жойды. Француз физиктері Пьер Кюри мен Мария Складовская-Кюри радиоактивтілік туралы ілімді жасады, пьезоэлектрлікті ашып, зерттеді. Альберт Эйнштейн ықтималдылық теориясын қалыптастырды (1905 ж.), Макс Планк кванттар мен кванттық сәулеленуді ашты (1908 ж.), Э. Резерфордтың атомның үлгісі (1911 ж.) негізінде Нильс Бор атом құрылысының кванттық теориясын жасады (1913 ж.), Ферми-Дирактың кванттық статистикасы (1925 ж.) пайда болды. Осы және басқа да ашылулар дүниенің механикалық бейнесі тұжырымдамасын айтарлықтай өзгертті. Ферми ядролық және нейтрондық физиканы жасаушылардың бірі болды, ол бірінші ядролық реактор салып, онда тізбекті ядролық реакцияны (1942 ж.) бірінші болып жүзеге асырды. Нейтронды ашу атом құрылысының құпияларын ашуға әкелді және әлем атом қуатын игеруді бастады, атомдық бомба жасауға кірісті. Атомдық бомбаны АҚШ Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында бірінші болып сынап, оны Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады, соғыстан кейін Кеңестер Одағы Қазақстан жерінде сынақ өткізді. Жаратылыстанудағы революция ғалымдардың ой-пікіріне де өзгеріс енгізді, жаңа ғылыми теориялар мен жаңа ғылымдар — генетиканың, микробиологияның, биохимияның, биофизиканың, геохимияның және т.б. пайда болуына жағдай жасады.Химия ғылымдарының жасанды материалдар жасау саласындағы табыстарының зор маңызы болды, дәрумендер, гормондар және т.б. ашылды. Биологияның әсіресе генетика саласындағы жетістіктері де ғасыр жаңалығына пара-пар саналды.

Бұрын емі жоқ деген көптеген ауруларды емдеу мүмкіндігі пайда болды. 20-жылдар медицинадағы, психиатриядағы, әлеуметтік психологиядағы (З. Фрейд) табыстармен атап өтілді. Жер жөніндегі ғылымдарда (геология, геофизика), мұхиттануда, метеорология мен басқа да жаратылыстану ғылымдарында елеулі табыстарға қол жеткізілді.

XIX ғасырдың соңында басталған екінші өнеркәсіптік революция серпінді және жедел қарқынмен дамыды. ХХ ғасырда ғылымның өндіргіш күшке айналу үрдісі байқалды.Конвейер мен жаппай өндірістің кең қолданылуы еңбекті стандарттау мен ұтымды етуге әкеп соқты. Алғашқы конвейерлер АҚШ-тағы Форд зауыттарында (1914 ж.) енгізілді. Бұрынғы ашылулар мен техникалық өнертабыстар: телефон, телеграф, кинематограф, фоно-граф, радио, іштен жану қозғалтқышы, электр моторлары, алғашқы автокөліктер, ұшақтар және т.б. өнеркәсіптік өндіріс пен күнделікті өмірде кең қолданыла бастады. 20—30-жылдардың өзінде-ақ ірі қалалардың көшелерінен алуан түрлі қоғамдық көлікті: трамвайларды, метроны, автокөліктерді, автобустарды көруге болатын. Азаматтық авиация тұрақты және көп ұзамай — халықаралық көлікке айналды. Сол кездің өзінде бірінші дыбысты кино, одан кейін түрлі түсті фильмдер пайда болды. Қаладағы үйлерге электр жарығы мен радио келді және біртіндеп ауылды жерлерге де тарала бастады. Түрлі газеттер мен журналдардың таралымы едәуір артты. Қоғамдық процестерді қорытындылау әлеуметтік және саяси өмірдегі түбегейлі өзгерістер және ғылымитехникалық прогрестің ықпалымен болып өтті. Басты идеялық ағымдар — либерализм, әлеуметтік реформизм, консерватизм, марксизм — өзінің түпкілікті ресімделуін саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстардан тапты. Әлеуметтік либерализм идеялары: жекебастың бостандығы, адам құқықтары, халықтық егемендік, жеке-даралық қағидаты, парламенттік демократия, құқықтық мемлекет көпшілік арасында кең танымал болды. Т. Гриннің, Ф. Науманның, В. Репкенің, В. Ойкеннің, Б. Кроченің, Л. Уордтың, Дж. Кроулидің, Ч. Бирдтің және басқаларының идеялары әлеуметтік реформизмнің әлеуметтік революцияға жол бермеу туралы идеяларымен сәйкес келді. К. Каутский мен Р. Гильфердингтің ұйымдасқан капитализм деп аталатын теориясы буржуазиялық қоғамды реформалаудың, оны әлеуметтік және қақтығыссыз етудің мүмкін болатын жолдарын ұсынды.

https://emirsaba.org/s-mejitov-sh-uelihanov-atindafi-tarih-jene-etnologiya-institut.html?page=14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу