Неліктен Ресейде самодержавие құлады? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, сабақ жоспары.
Мектеп: | |||||||||||
Бекітемін ӘБ жетекшісі: _________________________ (қолы) | |||||||||||
Сынып: 8 Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | ІІІ бөлім. Ресей азаматтық қарсыласу жылдарында. | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Неліктен Ресейде самодержавие құлады? | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.1.1 - қоғамдық-саяси ағымдардың (либерализм және консерватизм, марксизм және социал-демократия) қоғам өміріне ықпалын талдау | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | Тарихи оқиғалардың, атап айтқанда Ресейдегі 1917 жылғы революция тарихындағы жеке тұлғалардың рөлін зерттеу. XX ғасырдың басында Ресейдің мысалында саяси құрылымдарды (партияларды) зерттеуді жалғастыру. Ресейде самодержавиенің құлау себептерін анықтау (революция себептері) | ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік міндеттер | Оқушылар үйренеді: 1) топтарда жұмыс жасап, 1917 жылға дейінгі Ресейдегі әр түрлі саяси топтардың қысқа ақпарат алуды; 2) жұмысын сыныптың қалған бөлігіне ұсынуды (оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдылары) Диалог / жазу үшін пайдалы фразалар 1917 жылға дейін Ресейдегі әлеуметтік құрам ... Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Ресей экономикасы ... 1917 жылға дейін Ресейдің басқару жүйесі ... негізделді. Ленин большевиктер партиясын ұйымдастырды, ол ... ұстанымын алған тартты. Меньшевиктер ... ұстанды. Ресейдегі революцияға дейінгі негізгі саяси топтарға ... жатты. Пәндік лексика және терминология патша, автократия, ақсүйек, шаруа, пролетариат, интеллигенция, марксизм, социализм, ленинизм, социал-демократия, меньшевик, большевик, эсерлер | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | -тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану, өзара құрмет, ынтымақтастық, академиялық шындық, ашықтық; - жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу; | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы: 1917 жылғы революция кезінде Қазақстан Ресей империясының құрамында болды, сондықтан Қазақстан да революциялық оқиғаларға тікелей қатысты. Саясаттану: студенттер сабақта әр түрлі саяси партияларды, олардың мақсаттары мен билікке жету әдістерін зерттеуді жалғастырады (бағдарламалар) | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақтаны, ноутбукті пайдаланып отыру. | ||||||||||
Бастапқы білім | Білім қоғамның құрылымы мен экономиканың дамуы туралы білімді (7-сынып), сонымен қатар экономикалық құрылымды, экономикалық және философиялық теорияны, әсіресе марксизм теориясын (7 сынып курсынан) білуді қамтиды. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | (М) Ұйымдастыру кезеңі. Бірлескен орта құру Слайдта II Николайдың және Ресей төңкерісі көсемдерінің портреттері беріледі. Сыныпқа сұрақ қойылады: Кімнің портреттерін көріп тұрсыз? Тарихи тұлғалардың арасында қандай байланыс бар? Қандай тақырыпты қарастырамыз? Әңгіме барысында мұғалім оқушыларды зерттелетін тақырыптың атауына жетелейді. Оқу мақсаттарымен және сабақтың мақсаттарымен таныстырады. | Презентация Слайд 1 | |||||||||
Сабақтың ортасы | Терминдермен жұмыс. Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендір: Либерализм, консерватизм, коммунизм, социализм. (ҚБ) Топтық жұмыс. Тапсырма 1. 1917 жылғы революцияға дейінгі Ресейдегі әртүрлі саяси топтар туралы кестені мұғалімнен алған ақпараттық парақты пайдаланып толтырады. Бұл топтарға мыналар кіреді: большевиктер; Меньшевиктер; Эссерлер; Кадеттер. Оқушылар топтың таныстырылымын дайындайды және сыныптың алдында қорғайды.
Бірін-бірі бағалау. Оқушылар сыныптастарын берілген критерийлер бойынша бағалайды. Дескрипторлар: - тараптарды қолдаған әлеуметтік қабаттарды анықтайды; - партияның мақсаттарын анықтайды; - мүмкін талаптарды анықтайды Тапсырма 2. Ақпан төңкерісі туралы бейнефильмді немесе революция туралы мәтінді қарайды. Оқушылар топта Ресейдегі революцияның себептерін жіктеп, фактілер мен мысалдар келтіріп, "фишбоун" әдісін қолданады. Дескрипторлар: -1917 жылғы Ресейдегі революцияның 5 себебін біледі; -төңкерістің себептерін әлеуметтік-экономикалық, саяси, әскери және т.б-ға жіктейді және бір-екі факті келтіреді | Презентация Слайд 5 http://www.youtube.com/watch?v=VjEcIHeP828 Ақпан төңкерісі Ақпан төңкерісі туралы ақпараттық мәтін https://www.youtube.com/watch?v=H233VGxMITw Ақпан төңкерісі | |||||||||
Сабақтың cоңы 5 минут | Сабақтың қысқаша мазмұны Жеделхат: Жеделхаттың бланкілерін таратып, телеграмма жазу ұсынылады. Онда Ресейдегі самодержавиенің не себепті құлағаны туралы пікірін білдіреді. Қысқа жазба - мәтін 10 сөзден аспасын (үш жеделхат қарастырылады) Үй тапсырмасы: 1917 жылғы Ресейдегі революция кезіндегі тарихи тұлғалардың рөлі туралы презентациялар дайындайды( IIНиколай , Ленин, Троцкий, Керенский және т.б.) Бағалау критерийлері: 5-6 слайд; Слайд 3-5 сөйлем мен 1-2 фотосуреттен аспасын; Қорытынды және қолданылған әдебиеттер берілсін. |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?