XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8.24.2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау 7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау | ||
Сабақ мақсаттары | XIX ғ. орын алған ғылыми жаңалықтарды анықтап, қоғамға тигізген әсерін талдау | ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тарихи концепт (фокус)
| маңыздылық | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: маңыздылық Ықпал, табиғи сұрыпталу, биологиялық классификациялау, Құдайшыл ниеті, эволюция, генетикалық мутация, атеизм. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Чарльз Дарвин XIX ғасырдағы адамның санасына, ғылыми идеяларға және дінге ықпал етті, себебі…. XIX ғасырда эволюция теориясы мен «түрлердің шығу тегі» теориясына күмән келтірілуінің себебі мынада…. Чарльз Дарвин өзінің жаңа теориясын мойындату үшін жеткілікті мөлшерде дәлелдемелер келтіруге тырысты, себебі …. Дарвин мен оның «эволюция» туралы ұғымы жайындағы XIX ғасырдағы карикатуралар мыналарды қамтыды…. Ғылыми қоғам «табиғи сұрыпталу» концепциясын осылай қабылдады…. Дарвин эволюциясы теориясына негізгі ықпалды келесі факторлар әсер етті …. Христиандар – фундаменталшылар (консерваторлар) Дарвин теориясына сенген жоқ, себебі… | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | биология | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 7 сыныпта өткен білім мен ғылым жайлы қысқаша ақпартты біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-5 | БЫМ/Б Оқушыларға «Жалғыз Джордж» - соңғы галапагостық тасбақасының суреті көрсетіледі. Оқушыларға сұрақ: «Тасбақа әлемді қалай және неліктен өзгертті?» Оқушыларға бірнеше минут бойына сұраққа жауабын ойлануға уақыт беріп, одан кейін олардың болжамдары сұралады. Жердегі өмір туралы ғылыми ұғымды өзгерткен Чарльз Дарвинді галапагостық тасбақалар таңқалдырғанын және олар туралы көбірек білуге құштарлық оны ғылыми қызметке шабыттандырғанын түсіндіру керек. Бүкіл сыныптық талқылау жүргізіледі. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысады. | Презентация Алып галапагостық тасбақаның «Жалғыз Джордж» суреті | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 5-10 Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 10-15 | Б Оқушылар назарына Ч. Дарвин туралы бейнеролик ұсынылады. (Т) Оқушылар Ч. Дарвин өмірі туралы маңызды фактілерді дәптерге жазып алады. Бірнеше оқушы өз жазбаларын оқып шығып, одан кейін олардың жауаптарын басқа оқушылар толықтырады. Дескриптор: -тұжырымды дәлелдейтән кем дегенде үш дәйек келтіреді. -қорытынды шығарады. (Ф) Негізгі ұғымдар мен анықтамаларды талқылау: •түрлері •Құдайдың жаратылысы •Адаптация •Табиғи сұрыптау •Саналы жаратылыс •Тарихи маңызы ХІХ ғ. ғалымдар флора мен фаунаның пайда болуы жайлы әртүрлі теорияларды Құдайдың жаратылыстары мен ғылыми жетістіктерінің жалпылама тұжырымдамасы шеңберінде жасады. | Чарльз Дарвин теориясының қысқаша сипаттамасы: http://www.open.ac.uk/darwin/darwin-theory.php Дарвиннің қысқаша өмірбаяны: http://www.bbc.co.uk/history/historic_figures/darwin_charles.shtml Дарвиннің өмірі мен ғылыми еңбектері http://zoolife.com.ua/domashnie-zhivotnye/evolyuciya-puti-i-mexanizmy/charlz-darvin-i-ego-teoriya-evolyucii-/3306/preview/ Презентация | |||||
15-20 20-30 30-40 | Б Оқушыларға «Ғылыми революция» термині нені қарастырады?» деген сұрақты қойыңыз. Оқушылардың жауаптары тыңдалып, мұғалім ұғымның анықтамасын түсіндіреді немесе оқушылардың жауаптарын толықтырады. Т Оқушыларға Г. Мендель және оның жұмыстары туралы ақпаратты беріңіз. Талқылауға арналған сұрақтар: -Г.Мендель кім? Қандай ғылым саласымен айналысты? -Г.Мендель қандай жаңалық ашты? -Г.Мендельдің жаңалығы қоғамға қалайша әсер етті? Ж Чарльз Дарвин мен Грегор Мендельдің жаңалықтарын салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтап, Эйлер-Венн диаграммасын толтырыңыз: Ч.Дарвин Г.Мендель Дескриптор: -кем дегенде үш ұқсастықтарды анықтайды. -кем дегенде үш кемшіліктерді анықтайды. -қорытынды жасайды. Бағалау.Өзара бағалау түрі дескриптор негізінде. Б Сыныпта пікірталас ұйымдастырыңыз. Талқылауға арналған сұрақ: Ғылымда маңызды рөлді кім атқарды: Чарльз Дарвин ба әлде Грегор Мендель ма? Дескриптор: -таңдаған тұжырым бойынша кем дегенде үш дәлел келтіреді. -оппонентерге кем дегенде үш сұрақ қоя алады. -қорытынды жасайды. Жалпысыныптық талқылау | Эволюция теориясы: http://www.nhm.ac.uk/nature-online/evolution/how-did-evol-theory-develop/ Мендель заңдарының сипаттамасы: http://anthro.palomar.edu/mendel/mendel_1.htm Мендельдің генетика жөніндегі жұмыстарының сипаттамасы: http://www.mendelweb.org/MWtoc.html | |||||
Сабақт-ың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Ж Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз. Сөйлемдерді жалғастырыңыз: • Бүгін мен ... • ... қиын болды • Мен түсіндім ... • Мен қалаймын ... | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау 7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?