XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.
Дүниежүзі тарихы, 8 сынып.
Қысқа мерзімді жоспар № 8.22.1
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | XІX ғасырдағы өнер мен әдебиет әлеуметтік әділетсіздікті қалай суреттейді? | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану | ||
Сабақ мақсаттары | ХІХ ғасырдағы өнер мен әдебиеттегі әлеуметтік әділетсіздік әдістерін анықтау. | ||
Бағалау критерийлері
| - өнердегі негізгі стильдер мен тенденциялардың белгілерін анықтайды (нео-классизм, романтизм, импрессионизм, реализм); - өнердегі басты стильдер мен үрдістерді сипаттайды (нео-классицизм, романтизм, импрессионизм, реализм); - әлеуметтік әділетсіздікті көрсету әдістерін түсіндіру үшін өнер туындыларын түсіндіреді. | ||
Тарихи концепт (фокус)
| интерпретация | ||
Тілдік мақсаттар
| Тілдік құзіретті дамыту: Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау. Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс. Жазылым: жазба жұмыстарын орындау. Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде. Пәнге тән лексика мен терминология: Еуропадағы бейнелеу өнерінің бағыттары: неоклассицизм, романтизм, академиялық классицизм, реализм, импрессионизм, неоимпрессионизм, постимпрессионизм,символизм Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: XIX ғасырдың басында өнер саласында классикалық тәсіл пайдаланылды, себебі …. Өнердегі романтикалық бағыт мынаған бағытталды: ...., Реализм XIX ғасырдағы өмірдің шынайы тарихи фактілерін береді, себебі … Импрессионизм сияқты өнердегі жаңа бағыттар радикалды болды, себебі… | ||
Құндылықтарды дарыту
| жұптық/топтық жұмыстарды және бағалауды ұйымдастыру арқылы ынтымақтастық, сыйластық пен академиялық шындықты дамыту | ||
Пәнаралық байланыстар | Өнер (стильдер) | ||
АКТ қолдану дағдылары | Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады. | ||
Бастапқы білім | Оқушыларда 7 сыныпта өткен мәдениет туралы қысқаша ақпартты біледі. |
Сабақ барысы
Сабақ элементтері, уақыт | Жоспарланған іс-әрекет (мұғалімнің және оқушылардың іс әрекеті) | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі 0-2 | 1. Сәлемдесу 2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. | Оқу құралдары | |||||
Сабақ тақырыбын, мақсаттар және бағалау критерийлерін анықтау 2-5 | БЫМ/Б Оқушылар назарына XIX ғ. классикалық стильде жазылған суретпен Ван Гог немемсе бесқа бір импрессионизм стилінде жазылған суретт көрсетіледі. Талқылау сұрақтары: -суреттер арасында қандай айырмашылықтар бар? Неліктен? - суреттердің арасында қандай ұқсастықтары бар? Оқушылардың кез келген жауабы қабылданады. Сабақ барысында суретшілердің қолданған әдістерімен танысатыны туралы айтып кетіңіз. Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу. | Презентация | |||||
Сабақтың ортасы Сыныппен талқылау 5-10 Топтық жұмыс түрі Зерттеу жұмысы 10-20 20-25 25-30 30-35 35-40 | Т XIX ғ. орын алғантүрлі стильдерде салынған суреттер топтамасын ұсыныңыз (Қосымша 1). Оларды стилі бойынша топтарға бөліп, таңдауды түсіндіріңіз. Б кейбір топтар таңдауларын ұсынады, өзге топтар жауаптарды толықтыруы мүмкін. Жалпы белгілерге назар аударыңыз. Талқыланғаннан кейін оқушылар өзін-өзі бағалайды. Т оқушыларға өнер стильдері бойынша ақпараттық мәтін таратылады. Оқушылар салыстырмалы кесте толтырады. (Қосымша 2). Жалпысыныптық талқылау. Дескриптор: - әр стильдің кем дегенде үш ерекшелігін анықтайды. -әр стильдің пайда болуына әсер еткен факторларды анықтайды. Ж Оқушыларға Домьенің әлеуметтік таптарды сипаттайтын үш картинасын ұсыныңыз: 1 класс вагоны, 2класс вагоны және 3 класс вагоны. Сонымен қатар, ағылшын суретшісі-карикатуршы. Д.Личтің иллбстрацияларын көрсетіңіз (Қосымша 3). Ортақ белгілерін, өнердегі стилін анықтаңыз. Б Жұптар жауаптарын қорғайды. Мұғалім кері байланыс беріп отырады. Дескриптор: - кем дегенде бес ортақ белгілерін анықтайды. -өнердегі стильді анықтайды. Берілген суреттер топтамасы индустриалды қоғамға тән әлеуметтік теңсіздікті сипаттайтынын атап кетіңіз. Бұл мәселені тек суретшілер ғана емес, жазушылар да көтерді. Бұл стиль- сындарлы реализм деген атқа ие болды. Жаңа ұғымды талқылаңыз. Б Ч. Диккенстің «Оливер Твист» романынан үзіндіні беріңіз (Қосымша 4) шығармада әлеуметтік әділетсіздік қалай көрініс тапты? Дескриптор: - әлеуметтік әділетсіздікті көрсететін негізгі сөздер мен фактілерді дұрыс анықтайды. Жұмыстың нәтижелерін талқылау, оқушылардан қазіргі замандағы әлеуметтік әділетсіздіктің мысалдары бар ма?деген сұрақ қойыңыз. Мұндай жағдайларда көмек көрсету тәсілдері қандай? | Қосымша 1 Қосымша 2 Қосымша 3 Қосымша 4 | |||||
Сабақтың соңы Рефлексия және үй тапсырмасы 40-45 | Рефлексия (Ж) Оқушылардың оқу мақсаттарына және бағалау критерийлеріне, сабақ мақсаттарына назар аудартыңыз. Оқушыларға оқу мақсаттары мен сабақ мақсаттарына жету деңгейін бағалауға шақырыңыз. | Презентация | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады. | Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау: 7.2.2.2 өнердегі негізгі стиль мен ағымдарды (неоклассицизм, романтизм, импрессионизм, реализм) анықтау 7.2.2.1 тарихи оқиғаларды интерпретациялау үшін өнер туындыларын пайдалану Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады. | Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?