Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.18.2
IX бөлім. XІX ғасырдағы еуропалық отаршыл үстемдік
Сабақ тақырыбы: Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?
Оқу мақсаттары:
7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;
7.3.2.3 - отаршылдық экспансияның салдарын талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси картасындағы негізгі өзгерістерді анықтау
Тарихи концепт: дәлел
Сабақ тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар
Әлемдік отарлау жүйесінің құрылуы
Жаңа тарих кезеңі - Еуропадағы жетекші елдерде капиталистік қатынастардың қалыптасу және даму кезеңі. Бұның маңызды нәтижесі - XIX ғасырдың соңына қарай әлемдік отарлау жүйесі қалыптасуы.
Отарлау жүйе – бұл әлемнің дамымаған елдерінің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және діни салаларында дамыған елдерге тәуелді болу жүйесі. Отарлар деп тәуелді елдерді атаймыз, ал отарлары бар мемлекеттері метрополиялар деп аталады.
Отарлар негізінен Оңтүстік жартышарда орналасқан елдер: Азия, Африка және Латын Америкада. Метрополиялар негізінен солтүстік жарты шарда орналасқан: Ресей империясы, Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония.
Отарлар метрополиялар үшін индустриялық өнімді сатуға арналған алаңға, арзан шикізат көзіне және арзан еңбек нарығына айналды. Отарлардың байлығын пайдалану арқылы дамыған еуропалық елдер бастапқы капиталдың жинақталуына жол ашты. Капитал - одан әрі ұлғайту үшін өндіріске инвестицияланған құрадар (адамдар, қаржы, табиғи, материалдық, интеллектуалды ресурстар).
Отарлардың тағдыры өте ауыр болды. Олар - дәстүрлі шығыс қоғамдары, мұнда аграрлық қоғам сақталып қалды. Оларда феодалдық қарым-қатынастары сақталды, мұрагерлікпен билікке келетін монархтың билігі мықты болды, қоғам өмірінің негізі - дін мен ұлттық дәстүрлер болды. Бұл қоғамдар XIX ғасырда Еуропаны қамтитын түбегейлі өзгерістерді байқамай, орта ғасырларда өмір сүргендей болды.
Қытайда, Үндістанда, Үндіқытай түбегінде, Африкада және Оңтүстік Америкада, Орта Азияның дала аймақтарында, Ресей империясының (Сібір, Қазақстан және Орталық Азия) көпшілік бөлімінде қоғам бұрынғыдай сословиелерге бөлініп, халықтың басым бөлігі жер шаруашылықпен, мал шаруашылығы және дәстүрлі ұлттық қолөнермен айналысады.
Ренессанс, Реформация және Ағарту идеялары бұл аймақтарда таралуына негіз болмады. Олар теңіз саяхаттарына да мұқтаж емес еді, өйткені олар ежелгі және ортағасырлық жер үсті сауда жолдарын пайдалануды жалғастырды.
Әртүрлі факторларға байланысты бұл өңірлер рухани және технологиялық прогрестен хабарсыз қалды, нәтижесінде олар мемлекеттік тәуелсіздіктерінен айырылды. Олар еуропалық елдер арасындағы бәсекелестіктерінің, олардың отаршылдық мүдделерінің аренасына айналды.
XIX ғасыр тәуелді аумақтарды - отарларды жаулап алуға бағытталған еуропалық елдердің бәсекелестігіне толы болды. Алғашқы отарлау империялар Португалия мен Испания болды. Одан кейін Голландиялық және Ағылшын отралау империялары құрылды.
Алғашқы екі империя өздерінің елдерінің дамуына отарларын тонауды пайдалана алмаса, соңғы екеуі әлемнің барлық елдеріне өнеркәсіп өнімдерін жеткізу арқылы нығайтылды. Парадокс туындады: португалиялық және испандық отарлардан алынған байлығы осы елдердің билеушілерінің қазынасы арқылы Голландия мен Англияның кәсіпкерлердің қолына түсті.
Осы қорлар арқылы ғасырдың соңына қарай «әлемнің шеберханасына» айналған Англияда өнеркәсіптік төңкеріс болды. Англияның келесі қадамы – басқа еуропалық елдердің отарларын басып алу және отаршылдық бағындыру мақсатында «жаңа» шығыс елдерін «ашу» болды.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
1-тапсырма. Көпшілік оқушылар үшін.
Үндістандағы Британияның және Үндіқытайдағы (Вьетнамдағы) Францияның отарлық басқару әдістері туралы мәтіндерді пайдалана отырып, Венна диаграммасын толтырыңыз.
Салыстыру сұрақтары | Британдық Үндістан | Француздық Үндіқытай | Ұқсастықтар |
Басқару жүйесі | |||
Экономикалық өзгерістер | |||
Әлеуметтік өзгерістер | |||
Мәдени және діни өзгерістер |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?