1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары 17.1

Ұзақ мерзімді жоспар: XIX ғ. Үндістан және Үндіқытай елдеріне Еуропаның ықпалы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы

1857-1859 жылдары Үндістандағы болған оқиғалар туралы не айтылады?

Оқу мақсаттары

7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау

7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау

Сабақтың мақсаты

1857-1859 жж Үндістандағы оқиғаларға XIX ғ ағылшындар мен қазіргі заманғы үндістердің көзқарастарын салыстырып, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.

Бағалау критерийі

- Үндістанның отралау кезеңіндегі әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін анықтайды.

- ағылшын отарлау саясатының үнді қоғамына тигізген зардаптарын анықтайды.

Тілдік мақсаты

Тілдік құзіретті дамыту:

Тыңдалым: ауызша пікірлерді тыңдау.

Оқылым: мәтіндік мәліметпен жұмыс.

Жазылым: жазба жұмыстарын орындау.

Айтылым: барлық сыныппен жұпта/топта ұжымдық талқылау, сондай-ақ сұрақтарға жауап беру кезінде.

Пәнге тән лексика мен терминология: сипай,индус, каста, сикх

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Біз ... жайлы пайымдауды ... атты тақырыпша астында қоюды ұйғардық. Түсіндіретін болсақ, ...

Менің ойымша, ... реформалардың артықшылығы/кемшілігі болып табылады, себебі, ...

Жалпы, менің ойымша, реформалар ... салдары болды. Отарлау саясатын сипаттауда жазбаша жұптық жұмыс жүргізіледі (жазылым және айтылым дағдысы бойынша)

Құндылықтары

Толеранттық, өз елінің жеріне,тіліне сүйіспеншілік және өзге елдің тарихын құрметтеу

Пәнаралық байланыс

География пәнімен дүние жүзілік картамен танысуда

Тарихи концепт

интерпретация

АКТ қолдануы

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

Оқушылар 7 сыныпта өткен Үндістан жайлы қысқаша ақпаратты біледі.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақ кезіндегі іс -әрекеттері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

Б Ұйымдастыру кезеңі

(БЫМ) оқушыларға сипайлардың суретін көрсетіп, сұрақтар қойыңыз:

- суретте қай елдің әскері бейнеленген?

- кімнің мүдделерін қорғауы мүмкін? Неліктен?

Оқушылардың пікірі тыңдалады.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Презентация

Сабақтың ортасы

5-15

15-20

20-25

25-30

30-35

Б Уақыт сызығын пайдалана отыра, Ост-Үнді кампаниясының отарлау саясатын оқушылардың есіне салыңыз.

Т Оқушыларға Үндістанда орын алған өзгерістері бар карточкаларды таратыңыз.

(Қосымша 1).

XIX ғ үнді қоғамы жайлы әңгіме құрастыру керек: ағылшындар атынан және үнділіктер атынан.

Дескриптор:

- әңгіме құрастыруда кем дегенде 4 карточканы қолданады.

- ағылшындар мен үнідстер көзқарастарындағы айырмашылықтарды түсінеді.

Б Жалпысынптық талқылау. Оқушылар өз жауаптарын қорғайды.

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Неліктен британдықтар мен үндістер үнді қоғамындағы үдерістерге көзқарастары әртүрлі?

- Екі тараптың пікірімен сәйкес келетін кез-келген жағымды жақтар бар ма?

- Екі тараптың пікірімен сәйкес келетін кез-келген жағымсыз жақтар бар ма?

Б «Восстание» (2005 ж.) фильмнен үзінді көрсетіңіз.

Талқылау сұрақтары:

- Актердің басты рөлге таңдалуы үнділіктердің осы көтеріліске деген көзқарасын анықтайды ма?

- Ағылшындарды бұл үзіндіде қалай көрсеткен? Неліктен мұндай пікір қалыптасты?

Ж оқушыларға сипайлар көтеріліс жайлы ақпарат беріледі (Қосымша 2, Қосымша 3, Мангал Пандеяның рөлін сомдаған актердің интервьюден үзінді).

Оқушылар көтерілістің себептерін және оның салдарын, Пандей атты сипайды рөлін анықтауы керек;

Дескриптор:

- кем дегенде үш салдарын анықтайды

-сипайлардың көтеріліс басындағы рөлін анықтайды

Б Жалпысыныптық талқылау.

Талқылау сұрақтары:

-көтерілістің себептері ағылшындар мен үндістер арасындағы қарым-қатынас туралы ақпарат бере ала ма?

-ағылшындардың көтерілісті басу әдістері үнді халқына деген көзқарас жайлы ақпарат берем ала ма?

-Ост-Үнді кампания Англияның саясатын көрсете ала ма?

Ж осы оқиғаға ағылшын парламентінің көзқарасын зерттеуді тапсырма беріледі (Қосымша 4). Венн диаграммасын пайдалана отыра, үнділіктердің көзқарастарымен салыстырыңыз.

Дескриптор:

- ағылшындардың көзқарасын түсіндірді.

-ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтады.

Б Жалпысыныптық талқылау. Өзара бағалау түрі (дескриптор негізінде).

Қосымша 1

Қосымша 2, Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Тәуелді елдің әлеуметтік құрылымының өзгерісіне метрополияның қандай ықпалын көруге болады:

Блум бойынша рефлексия: БББ

Білемін. Білдім. Білгім келеді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта ақпаратты қабылдаудың әртүрлі түрлері ескеріледі. Бекіту кезеңінде қабілеті төмен оқушыларға түрлі тіректер ұсынылады.

Келесі оқу мақсаттары үшін қалыптастырушы бағалау:

7.1.1.3 - Еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау

7.3.2.6 - еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау.

Жақын арадағы даму аймағын (ЖАДА) анықтайтын ой қозғау кезеңінде диагностикалық бағалау ұйымдастыру.

Мағынаны тану кезеңінде оқушылар критерийлерге сәйкес бағаланады, олар себептерін аталған сипаттамаларға сәйкес жіктеуге мүмкіндік алады.

Оқушылар топтық жұмыс кезінде сыныпта жүрген кезде қауіпсіздік шараларын сақтау. Интербелсенді тақта 10 минут шамасында жұмыс жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу