Ағартушылық идеялар американдықтарға қалай әсер етті? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, дидактикалық материал.
Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы[өңдеу]
Колумбтың Американы ашуы және оны еуропалық державалардың игеруі Жаңа Әлемде Батыс өркениетінің таралуына жол ашты. XVII ғасырда кең қанат жайған британдық отарлау жүйесі Солтүстік Американың тағдырында маңызды рөл атқарды: қоныстанушы отарлар пайда болды. Испандық Американың қазына байлықтары британдық кәсіпкерлерге маза бермеді. Оларды Солтүстік Американың Франция иелене бастаған, дегенмен әлі де болса, испандықтар мен португалдықтар иелене қоймаған атланттық жағалаулар қызықтырды. Бұл жердегі басты байлық әлі қауымдық қүрылыс дәрежесінде өмір сүріп жатқан санаулы үндіс тайпаларының мекені саналатын құнарлы жерлер болатын. Алғашқы (ағылшындық) ерікті эмиграция бастамасы кейінгілерімен жалғасып жатты: немістер, голландтар, швейцариялықтар, француздық гугеноттер де қоныс аударып, отарларды ауқымды “этникалық қазанға” айналдырды. Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені — болашақ отар Виргиния жерінде, 1607 жылы мамырда Джеймстаун форты құрылған еді. 1625 жылы таққа отырған ағылшын королі I Карл Виргинияны корольдық отар деп жариялап, онда өзінің губернаторын тағайындады.
Виргиниядағы саяси билік, қоғамдық құрылым мен әлеуметтік қатынастар басқа отарлар үшін үлгі боларлықтай еді. Толық құқылы азаматтарға (фримендер) губернатор басқарған отарлық әкімшілік мүшелері және орта тап — джентрилер, компания акционерлері мен ауқатты тұрғындар жатты. Төменгі топты жеті жылға келісімшартқа қол қойған адамдар — сервенттер (лат. зегиапі — құл) құрады. Отарлар үш түрге бөлінді: корольдық, жеке және қауымдық (корпоративтік) меншік. Виргиния (1607) және Нью-Йорк (1664) корольдық отарларға жатқызылды. Отарлар жоғары меншік иелеріне — корольға немесе лордқа белгілі мөлшерде салық төлеп тұрды.
- Король жерді тек компанияларға емес, сонымен бірге Англияның ірі феодал ақсүйектеріне де таратты. Отарлардың меншік иелері бөлінген жерге толық қоныстануға және үндістермен бейбіт қатынас жасауға тікелей мүдделі болды. Онда құлдардың еңбегі кең пайдаланылды.
- Жекеменшіктік отарларға Мэрилэнд (1632), Нью-Джерси (1664), Солтүстік және Оңтүстік Каролина (1670), Пенсильвания (1681), Дэлавер (1702), Джорджия (1732) жатты.
- Американың солтүстік-шығыс бөлігіндегі жерге отарлардың қоныстандырылуы үшінші — қауымдық меншік түріне жатты. Иелік отарларды Америкаға қоныс аударған діни қауым мүшелері қоныстанды. Олар Жаңа Англиядағы меншік иелеріне тиесілі емес бос жерлерге қоныс тепті.
Массачусетс (1629) Жаңа Англияға қоныс аударушылардың алғашқы тұрағы болды. Оның негізінде Род-Айленд (1635), Коннектикут (1636), Нью-Гемпшир (1680) отарлары қалыптасты.
Отарлардың әлеуметтік-экономикалық дамуы[өңдеу]
Жаңа Англияның әлеуметтік-экономикалық жағынан біршама дамыған отарларында алғашқы банктер, сауда орындары ашылып, фермерлік шаруашылықтар қарқын ала кеңінен қанат жайды. XVII ғасырдың бірінші жартысында солтүстік отарларда қалалар бой түзеді. 40-жылдары алғашқы мануфактуралар пайда болып, кеме жасау дамыды. Алғашқы кезде солтүстікамерикалық отарлар тұрғындардың 9/10 айналысқан ауыл шаруашылығының есебінен күнелтті. Ағылшын корольдары феодалдық қатынас орнатқысы келді: жақындарына жер үлесін таратты. Алайда отарлардың дамуы өзгеше, прогрессивті жолмен ілгеріледі. Солтүстікте фермерлік, яғни ауыл шаруашылығының капиталистік жолы бекіп дамыды. Оған ауқымды игерілмеген жер кеңістігі ықпал етті. Батысқа кету жалға алушылар мен жер иеленушілердің арасындағы шешім әрекеті болатын: аса ауқатты емес отарлаушылар бос жатқан жерлерді басып алып тәуелсіз жер иесі атанды.
Феодализм Солтүстік Америкада берік тамыр жая алған жоқ. Өйткені мұнда феодализмнің өмір сүруінің басты шарты болып табылатын — феодалдардың жерге толық құқығы болмады.
Плантациялық шаруашылықтың даму болашағы зор болғанымен, ол сервенттер мен қара құлдардың еңбегіңе тәуелді еді. Құл саудасы мен контрабаңда өріс алып, жерді алып-сату дамыды.
Елдің ңегізгі бөлігін (80%) фермерлер құрады. Қиыр шеттегі фермерлер патриархаттық шаруашылық жүргізді. Массачусетстегі жер иеленушілер XVII ғасырдың өзіңде жекеменшік иелері болды, себебі олар квитрента (корольға ңемесе лордқа салық) төлемеді. Жаңа Аңглиядаң оңтүстікке қарай орңаласқан меншіктік отар фермерлері қиын жағдайда болды, ал ұсақ жалға алушылар (жалгерлер) оларға тікелей тәуелді болды. Сонымең қатар Америкада скваттерлік — қоныс аударушылардың жыртылмаған жерлерді өз еркімен иелену тәсілі дамыды. Бұл жағдай жерге деген толық құқықты бұзды.
Америкада басқарудың олигархиялық түрі орнықты. Биліктің заң шығарушы жәңе атқарушы болып бөлінуі қалыптасты. Еркін қоңыс аударушылардың өмір сүру деңгейі орта дәрежедегі еуропалықтан жоғары болды. Еуропа соғыстан көз ашпады, ал қоныс аударушылар тыныш өмір сүрді. Олар Англия және басқа да еуропалық елдердегі сияқты әскерді, король отбасын және ақсүйектерді қаржыландыруға жұмсалатын салықтарды төлеуден босатылды. XVII ғасыр мең XVIII ғасырдың бірінші жартысыңда метрополия тұрғыңдарына қарағаңда қоныс аударушылардың артықшылықтары болды. Метрополия отарлардың қорғаңыс шығындарын да өзі ала бастады. Америка қоғамының алғашқы даму сатысының маңызды ерекшелігі — адам өзінің жеке еңбегі мен кәсіпкерлігінің жемісін пайдаланды. Американы отарлау құл саудасы және үндістерді тонаумен қатар жүргізілсе де, америкалықтардың ңегізгі бөлігі меншікке өздерінің табанды еңбектерінің арқасыңда қол жеткізді. Сөйтіп, олардан орта тап қалыптасты.
Еркін қоныс аударушыларды метрополия билігіне бағындыру қиын болды. Бостандық пең құқыққа қысым жасаушыларға төзімсіз қатынас қалыптасты. Экономикалық, саяси және діни бостандықтарды иелене отырып, америкалықтар олардың кеңейтілуіне және нығайтылуына мүдделі болды.
Тәуелсіздік үшін соғыстың алғышарттары[өңдеу]
1775—1783 жылдардағы Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды. XVIII ғасырдың ортасына қарай отарлар экономикалық жағынан өсті. Ендігі жерде олар метрополиядан жабдықталуына тәуелді болмады, өйткені оларда жекеменшік флот, ормандар және құнарлы жерлер көп болды. Халықтың саны өсті. Егер 1688 жылы онда 200 мың адам тұрса, 1775 жылы адамның саны 2,7 млн-ға жетті. Отарлар Англияның иелігінде болғанымен, мұнда Еуропаның барлық мемлекеттерінен эмигранттар ағылды. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші портты қалалардың — Бостон, Нью-Йорк, Филадельфия, Балтимор — өсуі болды. Отарлық колледждер негізінде белгілі америка университеттері — Гарвард, Принстон, Колумбия, т.б. ашылды.
Отарлар тәуелсіздік жолындағы күрес үшін пісіп-жетілді. Бірақ Ұлыбритания 1756—1763 жылдардағы Жеті-жылдық соғыста Францияны жеңгеннен кейін, өз ішкі жағдайын тұрақтандырып, Солтүстік Американың толық билік етуші қожайыны болғысы келді. Метрополияның отарларда кәсіпкерлік еркіндігін шектеп, оларды өз мүдделеріне бағындыру саясаты тәуелсіздік үшін соғыстың экономикалық алғышарттарын тудырды.
XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бірнеше парламент актілері жарық көрді. Оларда басқа теңіз державаларымен еркін сауда жасауға, отарларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға тыйым салынды.
1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. Бұл заң қоныс аударушыларды корольдың жер монополиясының белгілі әкімшілік шекарасында ұстауға тырысты. Отарлық империяның басқару аппаратын қаржыландыру үшін 1764 жылы бірқатар тауарларға жаңа кедендік салықтар енгізілді. 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты Америкада пәтерге орналастыру қарастырылды. Ал шығындарды жабу мақсатында осы жылы гербтік салық туралы акт қабылданды. Бұл актінің парламентте қабылдануы отарларда наразылық тудырды.
Осы кезде феодалдар билігіне қарсы аграрлық қозғалыс күшейді. XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында партизан соғысы өріс алды. Тәуелсіздік үшін күрескерлердің негізгі бөлігі фермерлер мен ауыл тұрғындары болды.
Гербтік салық жаңа кедендік салықтармен ауыстырылды, бірақ бұл отарларға тыныштық әкелген жоқ. 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшын шайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға “Бостондағы шай ішу” деген атпен тарихта қалды.
Англия әкімшілік шаралар арқылы қысымды күшейте түсті. Бостон портын жауып, америкалық солтүстік-батысты өзінің Квебек провинциясына қосып алды. Осындай “төзімсіз актілерге” қарсы бой көтерулер күшейе түсті. 1774 жылы Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс жиналды. Қабылданған “Құқықтар декларациясында” отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі де тәуелсіздіктің жариялануы емес еді, ел оның табалдырығында тұрды.
Соғыс 1775 жылы сәуірдің 19-ында бірден басталып кетті. Америкадағы ағылшындардың бас қолбасшысы генерал Гейдж қару-жарақ қоймасын басып алу жөнінде бұйрық бергеннен кейін, қаруланған фермерлер оның жіберген полкіне қарсы соғыс ашты. Тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғашқы шайқасы патриоттық күштер үшін сәтті болды.
Тәуелсіздік үшін соғыс[өңдеу]
1775 жылы мамырда жиналған Екінші құрлықтық конгресс америка өкіметіне айналды. Америка тұрақты армиясын виргиниялық ірі плантатор әрі тәжірибелі әскери адам Джордж Вашиңгтон басқарды.
1776 жылы шілденің 4-інде Томас Джефферсон (америкалық ағартушы, демократиялық бағыт идеологі, кейін АҚШ-тың үшінші президенті болып сайланған) құрастырған “Тәуелсіздік декларациясы” қабылданды. Тарихта тұңғыш рет мемлекеттік құжат мемлекеттік құрылыстың негізі ретінде халық егемендігі принципін жариялады. Декларация ағылшын королі мең парламентін озбырлық әрекеттері мең адам құқығын бұзғаңдығы үшін айыптап, бұдан былай отарлар “соғыс жариялауға, бітім жасауға, одаққа енуге, сауда жасауға жәңе кез келген актілер мен әрекеттерді жүзеге асыруға толық құқықты” екеңдігін мәлімдеді.
Джефферсон адамның табиғи жәңе туа біткен құқықтары туралы айта келіп, Жан-Жак Руссо сияқты меншікті табиғи емес, азаматтық құқыққа жатқызды.
Тәуелсіздік идеясын америкалықтар түгел қолдаған жоқ. Экономикалық, саяси жәңе басқа да себептер бойынша ләнд- лордтар, король шеңеуніктері, саудагерлердің басым бөлігі Англиядан бөлінуді қаламады. Оларды лоялистер деп атады.
Сауда жәңе кәсіпкерлер еркіндігін жақтаушы плантация иелері, американ көпестерінің көпшілігі патриоттарға жатты. Олар тәуелсіздік ісіне қаржылай көмек көрсетіп отырды. Бостондық көпес-контрабандашылардың “королі” Джон Хэнкок “Тәуелсіздік декларациясына” қолын бірінші болып қойды. Патриоттардың жетекшілері жас саясаткерлер еді. Демократиялық сенімінің күшіне қарай қарапайым адамдардың көпшілігі тәуелсіздікті қолдады.
Соғыстың барысы[өңдеу]
Әскери қимылдар сәтсіздіктерге толы болды. 1775 жылғы жеңістердең кейін жеңілістер кезеңі туды. Күші мен саны жағынан британ әскерлері америкалықтардан басым еді. Бірақ америкалықтар соғысқа бар күш-қуатын салды. Джордж Вашиңгтон шебер қолбасшы ретінде танылды. Америка әскерлерінің жағдайы лоялистердің кесірінен қиыңдай түсті. Әскер нашар жабдықталған еді, қару-жарақ пен ақша жетіспей жатты. 1776 жылы күзде Нью-Йорк қаласына жақын жердегі ауыр шайқастан кейін Дж. Вашиңгтон әскерінің қалдығы жойылып кетуден әзер дегенде аман қалды. 1777 жылдың күзі америкалықтарға, бір жағынан, жеңіліс (ағылшын әскерлері АҚШ-тың астанасы Филадельфияны алды) әкелсе, екінші жағынан, жеңіс (солтүстікте) алып келді. Еріктілер және полиция күшімен Саратога қасында 7 мыңдық ағылшын корпусы қоршауға алынып, тізе бүкті. Бұл хабар сол кездегі америкалық дипломат Бенжамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті (1778).
Франциядан кейін Испания (1779), одан кейін Голландия Англиямен соғысқа кірісті. Англияның халықаралық оқшаулануға ұшырауы америкалықтардың жеңіске деген үмітін арттырды. Ресей мен Австрия бейбіт келісім жасау үшін делдалдық қызмет етуді ұсынды. 1780 жылы Ресейдің ұсынысымен құрылған әскери-теңіз бейтараптығы жүйесі Англияның теңіздегі басымдығына қарсы бағытталды. Американың тәуелсіздігі үшін шайқасушы еріктілердің қатарында маркиз де Лафайет, поляк патриоты Тадеуш Костюшко, орыс дворяны Г.Х.Веттер фон Розенталь, т.б. болды.
Англия сонда да соғысты тоқтатқан жоқ. 1780 жылы АҚШ-тың оңтүстігінде оның әскері Чарльстонды басып алды. Оңтүстік Каролинада америкалықтар талқандалды. Ағылшындар Виргинияға қарай жылжыды, бірақ полиция мен партизандардың күшті қарсылығына кезікті. 1781 жылы қазанның 19-ында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде лорд Корнуоллистің 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындардың қарсылықсыз берілуі — соғыстың тағдырын шешті.
АҚШ пен Англия алдын ала келісімшартқа 1782 жылы Парижде, ал қорытынды келісімшартқа 1783 жылы қыркүйектің 3-інде қол қойды. Бұл келісімшарттың басты нәтижесі — Америка Құрама Штаттарының тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылуы болды. Испания Флориданы алды, Канада Англияның иелігінде қалды.
АҚШ Конституциясының қабылданылуы[өңдеу]
Жас республиканың басшылары елде үлкенді-кішілі өзгертулер енгізді. Бұрынғы отарлар билік бөлінісі және республикалық басқару формасы бар штаттарға айналды. 1776—1780 жылдары отарларда конституциялар қабылданды. Солтүстік штаттарда және бос жерлерде құлдық жойылды, бірақ ол оңтүстікте сақталып қалды. Сервенттерді негрлермен ауыстырған плантация иелері құлдыққа мүдделі болды.
Алғашқыда АҚШ-тың мемлекеттік құрылысы егеменді штаттардың келісімшартына негізделген конфедерация болды. Орталық билікті Құрлықтық конгресс атқарды. Президент те, сенат та, Жоғарғы сот та болған жоқ. Соғыстан кейінгі экономикалық құлдырау мен бейберекеттік федеративті республика туралы идеяны тудырды. Ішкі тұрақсыздықтың өсуі, халық толқулары билікті реформалаудың маңызды алғышарттары болды.
1787 жылдың жазында барлық штаттардың өкілдері қатысқан жартылай ресми съезд өтті. Осында федералдық конституция қабылданды. Оның жобасын дайындауға Дж. Вашиңгтон, Б.Франклин, А.Гамильтон және Дж. Мэдисон қатысты.
1787 жылғы конституция одақтас немесе федералдық мемлекет құрды, штаттар өзін-өзі басқару құқығы мен жеке конституцияларын сақтап қалды. Заң шығару билігі өкілдер және сенаттан тұратын екі палаталы Конгреске берілді. Өкілдер палатасының мүшелері, халқының саны шамамен тең штаттардан 2 жыл мерзімге, ал сенаторлар — әрбір штаттан 6 жыл мерзімге сайланатын 2 мүшеден құралды. Заңды қабылдау үшін оны екі палата мүшелері мақұлдауы қажет болды. Атқарушы билік конституцияға сай президентке берілді. Ол екі сатылы сайлау жүйесі бойынша сайланып, ерекше өкілеттіліктерге ие болды. Президент өзінің алдында дербес жауап беретін министрлерді қызметке тағайындады, қарулы күштердің бас қолбасшысы болды. Конституция АҚШ Жоғарғы сотын, өмір бойғы ауыстырылмайтын судьяларын бекітті. Жоғарғы сот егер конституцияға қарама-қайшы деп таныса, заңдардың күшін жоя алатын болды. 1787 жылғы конституцияның прогрессивті мәні болғанымен, әлі де демократиялық бола алмады. Ол революцияның жеңістерін құл иеленушілер мен ірі буржуазияның мүддесіне бекітті. Негрлерді құлдыққа алу заңдастырылды. Қашқын құлдар өздерінің бұрынғы қожайындарына қайтарылып берілетін болды. Үндіс тайпалары құқықсыз жағдайда қала берді. Үндістердің жер иелену құқығы болмады, олардың АҚШ-тағы азаматтығы танылмайтын болды.
Конституция сайлау құқығын реттей алмады. Еңбекшілердің қалың бұқарасы — ұсақ фермерлер, жұмысшылар, кедей қолөнершілер — сайлау құқығынан айырылып қалды. Әйелдер де ешқандай құқықтар иелене алмады. Штаттар конституциясында мүлік шектелімі болды. Көп жағдайларда сайлаушылардан отырықшылдық, белгілі бір діни наным-сенімдерге төуелділігі Джордж Вашингтон талап етілді. АҚШ-тың 3 млн-ға жуық тұрғынының тек 120 мың адамы ғана сайлау құқығына ие болды. Буржуазиялық демократиялық сөз, баспасөз, жиналыс “бостандығы” ескерілмеді. Бірақ бұл билік механизмін жүзеге асыру жөне орталықтың өкілеттілігін нақтылап бөлу жағынан жетілген конституция еді. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің рет-жосықтары жетілдірілді. Конституция күні бүгінге дейін өрекет етеді. 1789 жылы Конгресс сайлауы болып, Джордж Вашиңгтон (1789—1797) АҢШ-тың тұңғыш президенті атанды. 1791 жылы Конгресс сөз, баспасөз, жиналыс жөне петиция құқығына, жекебасқа, тұрғын үйге қолсұқпаушылық, қылмыстық істер бойынша азаматтық қорғау соттарын енгізу туралы конституцияға 10 түрлі өзгерістер енгізуге мәжбүр болды. АҚШ тарихына бұл өзгерістер “Адам құқығы туралы билль” деген атпен енді. Конституцияға енгізілген бұл өзгерістердің прогрессивті ықпалы болды жөне бұл АҚШ халқының ірі жетістіктерінің бірі.
Тәуелсіздік жолындағы соғыстың тарихи маңызы[өңдеу]
Англияның америкалық отарларында болған төуелсіздік жолындағы соғыс елдің дербес капиталистік жолмен дамуындағы ең басты кедергілер — отарлық езгі мен ағылшындардың жер иеленуші ақсүйектерінің билігін жойды. Соғыс нөтижесінде ағылшын отаршыларының феодалдық тәртіптерді енгізу өрекеттері тоқтатылды. Дворяндық титулдар мең майораттар таратылды, ірі латифундиялар тәркіленді. Отарлардағы тәуелсіздік соғысының жеңісі нәтижесіңде 1787 жылы конституция қабылданып, АҚШ деп аталатын ірі дербес республика дүниеге келді. АҚШ мемлекеті революциялық жолмен құрылғаң жаңа замандағы тұңғыш демократиялық республика болды. Оңың құрылысы ағартушылардың саяси идеяларын іске асырды. XVII ғасырдағы ағылшын және XVIII ғасырдың соңыңдағы фраңцуз революцияларына қарағанда, америка революциясының артықшылығы — террордың болмағандығы еді. Отарлардың тәуелсіздік үшін күресі жәңе республиканың жариялануы өркениетті еуропалықтарда қорқыныш сезімін тудырған жоқ. Жаңа тәуелсіз республиканың пайда болуы сол кездегі феодалдық-монархиялық Еуропаға ешқандай революциялық күйзеліс қаупін төңдірмеді. Монархияның республикамен алмасуын қуаттай отырып, америкалық мемлекет қайраткерлері өздерінің сыртқы саясатында идеологиялық емес, прагматикалық ұғымды басшылыққа алды. Өзінің мақсаты жағынан америка революциясы XVI ғасырдағы Нидерланд революциясын көбірек еске салатын еді.
2-қосымша
Американдық революцияның сипаттамасы
1. Революцияның себептері.
2. Революцияға қатысушылар.
3. Революцияның сипаты.
4. Революцияның жүрісі, оның негізгі кезеңдері.
5. Қоғам үшін революцияның нәтижелері мен маңызы.
3-қосымша.
Ағарту идеясының әсерін бағалау кестесі
4-қосымша.
Құжаттардан үзінділер.
«АҚШ тәуелсіздігінің декларациясы» үзіндісі.
«Біз барлық адамдар жаратылысымен бірдей теңдесіз жаратылған және өмірге, еркіндікке және бақытты ұмтылуына байланысты белгілі бір ажыратылмайтын құқықтармен қамтамасыз етілген өздігінен айқын шындыққа сүйенеміз. Осы құқықтарды қамтамасыз ету үшін, адамдар үкіметтер тарапынан құрылады, олардың заңды өкілеттіктерін басқарушы келісімімен жүзеге асырады. Оның олардың қауіпсіздігі мен бақыт жүзеге асыру үшін, ең алдымен, меніңше, ол Үкіметтің кез келген нысаны осы ұшына жойқын болса, адамдар, билікті ұйымдастыру принциптері мен нысандары негізінде, өзгерту немесе оның күшiн жоюға, оны, және жаңа Үкіметке қозғауға құқығы бар . Әрине, ұқыпты болу ұзақ уақыт бойы құрылған үкіметтердің шамалы және өтпелі жағдайлар әсерінен өзгермеуін талап етеді; тиісінше, барлық тәжірибесі олар үйреніп болып табылатын нысандарын жою арқылы өздері тікелей қарағанда адам, сондай-ақ ұзақ олар төтеп мүмкін ақауларды көтере әлдеқайда бейім екенін дәлелдейді. Бірақ қашан өзгеріссіз мақсатын көздейді және теріс узурпации тоқтатуға ұзақ поезд, алдап мұндай үкімет өшіру лақтырып, шексіз деспотии дейін қоюға адамдарды мәжбүрлеп, және болашақта жаңа қауіпсіздік кепілдіктерін құру халқының құқығы әрi мiндетi болып көрсетеді. Ұзақ уақыт бойына бұл колониялар шыдамдылық танытты, ал олардың қажеттілігі олардың үкіметтің бұрынғы жүйесін өзгертуге мәжбүр етті. Ұлыбритания осы Королі тарихы - шексіз деспотизм мекеме тікелей объектіде, қайталанатын жарақаттар мен узурпации тоқтатуға жиынтығы «.
АҚШ Конституциясынан үзінді
«» Біз, Америка Құрама Штаттарының халқы, неғұрлым тамаша одағын қалыптастыру Әділет құру, ішкі тыныштық сақтандыруға, ортақ қорғаныс қамтамасыз етеді, жалпы әл-ауқатын жақсартуға, сондай-ақ өзіміз және біздің ұрпақ үшін Бостандық батасын қамтамасыз ету мақсатында, Америка Құрама Штаттары үшін осы Конституцияны жариялауға және құру керек.
I бөлiм. 1-бөлiм. Сенатор мен Өкiлдер Палатасынан тұратын Америка Құрама Штаттарының Конгрессiне барлық заң жүзiндегi өкiлеттiктер берiледi.
Мұндай тұлғалардың 9-тарау жылжытыңыз немесе әкелу қолданыстағы мемлекеттердің кез келген мойындауға тиісті деп ойлаймын, себебі алдын ала он сегiз жүз сегізінші жылға Конгресі тыйым салынбайды, алайда, осындай импорттың әрбір адам үшін он доллар артық емес, салық немесе баж бағынуы мүмкін.
II Бап. Бөлім. Атқарушы билік Америка Құрама Штаттарының Президентіне беріледі. Төрт жыл мерзімге ол өзінің кеңсесін ұстап тұрды
Осы Конституцияны қабылдаған кезде Құрама Штаттарының азаматы болып табылмайтын және Америка Құрама Штаттарының азаматынан басқа ешкім Президенттің сайлауына қатыса алмайды; отыз бес жасқа толмаған және Құрама Штаттарында он төрт жыл өмір сүрмеген адам
ІІІ бап. 1-бөлім. Америка Құрама Штаттарының сот билігі бір Жоғарғы Сотта және төменгі соттарда Конгресс уақытша белгіленуі мүмкін.
«Конституцияға енгізілген он түзетулер», «Билік туралы» заң жобасынан үзінді.
Түзетулер I
Конгресс заң жоқ қандай да бір дінді белгілеу, немесе оның тегін жаттығу тыйым, немесе бейбіт жиналуға, және шағымдарын қанағаттандыруға арналған петиция үкіметке қолдануға сөз бостандығы немесе адамдардың баспасөз құқығын шектейтін жасайды.
Түзетулер II
Ұйымдастырылған милиция бос мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет болғандықтан, халықтың қару-жарақты ұстап тұру және оған қарсы тұру құқығы бұзылмауы тиіс.
Түзетулер III
Бірде-бір жауынгер бейбiт уақытта иесiнiң келiсiмiнсiз үйде тұрмауы керек;
IV түзету
Адамдардың жеке баспананы, тұрғын үйді, құжаттарды қорғауға құқығы
негізсіз іздестіру мен тұтқындаудан мүлкін бұзуға болмайды ».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?