Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті. Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімі:

1-бөлім. Жаңа заманның басталуы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Өнеркәсіп төңкерісі әлемді қалай өзгертті

Оқу мақсаттары

7.4.1.1 - себеп-салдарды анықтау арқылы Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру;

7.1.1.2 - мануфактура, фабрикалардың пайда болуы мен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысты анықтау;

7.4.1.2 - Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау;

7.4.2.2 - қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің арасындағы айырмашылығын анықтау

 Сабақ мақсаты

Өнеркәсіп төңкерісінің Англия мен Европаға ықпалын анықтау

 Бағалау

 критерийлері

-Еуропадағы феодалдық құрылыстан капиталистік шаруашылыққа (мануфактура, фабрика) өту процесін түсіндіру

-Мануфактуралармен жалдамалы жұмысшы табының қалыптасуы арасындағы байланысын анықтау

-Англияның әлемдік жетекші держава ретінде қалыптасуындағы өнеркәсіп төңкерісінің рөлін сипаттау

- қоғамның индустрияға дейінгі және индустриялық даму кезеңдерінің айырмашылығын анықтау

 Тілдік дағдылар

Оқушылар:

- зерттеу жұмысын жүргізу барысында жұпта жұмыс жасайды және өнеркәсіп төңкерісі кезеңіндегі ашылған жаңалықтарды жазып алады, сонымен қатар өзіндік зерттеудің нәтижелерін сыныпқа ауызша таныстырылым жасайды( оқылым , жазылым, айтылым, тыңдалым)

Пәндік лексика және терминология:

Өнеркәсіп төңкерісі, буржуазиялық революция, фабрика жүйесі, жүйе, шойын, паровоз, тоқыма фабрикасы, текстиль фабрикасы, тоқыма машинасы, тоқыма станогі, ұршық, бу қозғалтқышы, пароход, темір жол, табыс,капитал.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Сурет көрсетіп түрғандай

Маңызды болды....

Айтарлықтай, өйткені…

Дегенмен бірақ.....

Мен солай ойлаймын....

Менің ойымша ең басты жетістігі...

мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....

Айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын...

 Сабақта қамтылатын

 құндылықтар

 

 

Өткенге құрметпен қарау, топтық жұмыста қарым-қатынас, академиялық шыншылдық

 Пәнаралық байланыс

Экономика, қазақ тілі, сурет сабақтарымен байланысы көрініс табады

Осыған дейін меңгерілген білім

Оқушылардың есіне 6-сыныпта өткен : сауданың дамуы, мануфактура өндірісі, VIII бөлімдегі «Сауда,қолөнер және жаңа жерлерді игеру» тақырыбын мысалға ала отырып европалықтардың отарлық саясаты және жаңа жерледі игеруі туралы. Сонымен қатар У. Тайлердің бастауымен болған Англиядағы көтеріліс салдары жұмысшы табының қалыптасуына әсер етуін.

Сабақ барысы

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Топтарға бөлу. Оқушыларға сабақ пен оқу мақсатын түсіндіру.

(БЫМ) 17 ғасырдағы Ұлыбританияны көрсету, Карла I ні өлтіру суреті. Оқушыларсурет туралы сұрақтар қояды. Оларды талқылаңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

25 минут

(Т) Ағылшын революциясының себептерін түсіндіру үшін оқушыларға мәтін таратылады:

1. Экономикалық себептер

2. Саяси себептер

3. Әлеуметтік себептер

4. Діни себептер

Оқушылар себептерін қысқаша тұжырымдай отырып, бөлек парақтарға бір сөйлеммен жазады олар мұғалім алдын ала дайындаған кестенің тиісті бос бағандарында тақтаға қойылуы тиіс.

Сыныппен талқылаңыз және себептерді маңыздылығына қарай бағалаңыз, олардың таңдауын сұраңыз.

Жұптық жұмыс. негізгі терминдерді талдау бойынша жұмыс (буржуазия, капитал, пролетариат)

Әлеуметтік және буржуазиялық революцияның не екенін түсіндіріп, оқушыларға жазу кітапшасындағы анықтаманы жазуды сұраңыз. Синквейн жазуды ұсынамыз.

Слайд 6

Слайд 7

Слайд 8

Ресурс 1

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

  Сұрақтардың біріне жауап беріңіз:

бүгін мен білдім ...

қызық болды…

бұл қиын болды ...

Мен жұмыс істедім ...

Мен игердім ...

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқушылардың жұптық жұмыста бір біріне қолдау жасауы

Келесі оқу мақсаттары бойынша фоомативтік бағалау

7.4.2.3 дүниежүзі тарихының жаңа кезеңін сипаттау үшін «жаңа заман» ұғымын қолдану;

7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;

7.1.1.1 - «капитал», «буржуазия», «жұмысшы табы» \пролетариат\ ұғымдарын қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін қолдану;

7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау

Видео көрсету барысында техника қауіпсіздігін сақтау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу