Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр). Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Дүниежүзі тарихы, 6 сынып.

 Қысқа мерзімді жоспар6.25.1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9-бөлім Қайта өрлеу дәуірі

 

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

 

Сабақ тақырыбы

Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр)

 

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;

6.2.2.4 - Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау

Сабақ мақсаттары

Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр еңбектеріндегі идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау, ерекшеліктерін сипаттау.

Бағалау критерийлері

 

  • Оқушылар ортағасырлық ғалымдар туралы сұрақтар төңірегінде топта талдау жасайды.
  • Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады;

Тарихи концепт

 

Өзгеріс және сабақтастық

Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қайта өрлеу, Византия, Шығыс Рим империясы,

Ортағасырлық Еуропа, Еуропалық Қайта Өрлеу, Ренессанс, перспектива, шынайылылық, нимб (нұр, сәуле), путти, нақыш, утопия,.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Бұл сурет менде мынадай сезім тудырды .....

Суретші мені мыналар арқылы.... бұндай нәрселерді сезінуге мәжбүр етті.

Суретші суретті.......... арқасында шындыққа жақын етіп жасады.

Мен бұл сурет .........кезеңге дейін\кейін салынған деп санаймын.

Қайта өрлеу себебі..........

Екі суреттің арасындағы ұқсастық пен айырмашылық.................

Суретшілер көрерменді.......... сезінуге мәжбүр етуге тырысты.

Өнерде 200 жылда жүзеге асқан өзгерістер................

Бұл суретте басқа суретпен байланысы бар, себебі.............

Құндылықтарды дарыту

 

 

- тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;

- жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;

- басқа мемлекеттердің тарихына қызығушылық қалыптастыру;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті, қазақстан тарихы (Ұлықбек, Әлішер Науаи, Бабыр)

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.

Бастапқы білім

 

Оқушылар бұған дейін оқытылған белгілі бір географиялық факторлардың жиынтығы орасан зор мәдени және зияткерлік өзгерістерге әкелген кезеңдерді еске түсіру қажет болады (мысалы, ислам дінінің пайда болуы). Оқушылар себеп және өзгерістер тұжырымдамалары туралы өз түсініктерін дамыта түсуді жалғастырады.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі

0-5 мин

БЫМ/С Оқушыларға ортағасырлық тарихи тұлғалардың портреттерін көрсетіп, Бұл адамдарды ортақ не байланыстырады?,-деген сұрақ төңірегінде ой бөлісуге шақыру. Осы ой-бөлісудің негізінде сабақ тақырыбына болжам жасату. Суреттерді көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсатын және бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс түрі

5-25 мин

Жеке жұмыс түрі

25-35 мин

С. Бүкілсынып оқушыларын ғалымдар атауларына қарай бірнеше топтарға бөлу.

1 -топ Ұлықбек

2-топ Әлішер Науаи

3-топ Бабыр

Т. Оқушылар ортағасырлық ғалымдар туралы мәтінді жеке оқып, топта сұрақтар төңірегінде талдау жасайды.

1-топ.Неліктен Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне ықпал етті?

Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығы неде?

2-топ. Бабыр өзінің танымал еңбегі «Бабырнама» арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосты? «Бабырнама» еңбегінің қазақ халқы үшін маңыздылығы неде?

3-топ. Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келді?

Әлішер Науаи еңбектерінің бүгінгі күнгі маңыздылығы қандай? Әр топ сұрақтар бойынша зерттеген жұмыстарын сынып алдында жариялайды.

Ж. Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастырып, тақырыпты толық меңгеру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады.

Дескрипторлар:

  • Ұлықбектің ғылыми еңбектері сол замандағы діни өкілдердің қоғамдық сана-сезіміне қалай ықпал еткенін анықтайды;
  • Ұлықбек обсерваториясының бүгінгі күнгі маңыздылығын анықтайды;
  • «Бабырнама» еңбегі арқылы орта ғасырлық мәдениеттің дамуына қандай үлес қосқанын анқтайды;
  • Әлішер Науаи өз еңбектері арқылы халыққа қандай идеяларды жеткізгісі келгенін анықтайды;
  • Бабыр, Әлішер Науаи еңбектерінің қазақ халқы үшін маңыздылығын анықтайды;
  • Топтардың жариялаған ақпараттарын топтастыру үшін оқушылар жеке «Үш жақты күнделік» толтырады;

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

35-40 мин

Сабақты қорытындылау: Шығыстағы Ренессанс әлемдік мәдениетті қалай байытты? сұрағы төңірегінде 2 сөйлеммен ой тұжырымдату.

Рефлексия: Кім? Не? Неліктен? Қашан ?Қайда?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Сабақта бағалаудың түрлері қолданады: өзін өзі, бірін бірі, топтық және мұғалімнің бағалауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мұғалім сабақ барысында кері байланыс беріп тұрады.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу