Крест жорықтары христиандық Еуропа мен мұсылман әлемін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Тарихи дерек1

Барлық жерде өліктердің денелері шашылып жатты, жер қанға боянды. Ең қорқынышты сәт өліктердің мүрделері емес, жеңгендердің үсті-басы қанға боялғаны кез-келген адамға қорқыныш сезімін ұялатады. Аль-Акса мешітінің маңында 10 мың адам қаза тапты. Қалған әскерлер қалаға бет алып, аман қалғандарды бауыздап өлтірді.

  • Қандай крест жорығы туралы айтылды? Қандай қала басып алынды?
  • Неліктен крестшілер басып алған жерлерде осындай жағдай туғызды?

Дескрипторлар:

  • Тарихи дерек бойынша крест жорықты анықтайды.
  • Крестшілердің басып алған жерлердегі іс-әрекеттерді талдайды.

Тарихи дерек2

 «Ұзақ жолды өте келе, император және оның әскері белгісіз өзен жағасына шықты. Император суға түсті. Басшыны өлтірген император суға батып кетті. Біз таң қалдық. Бұл өзенде бату мүмкін емес, себебі ол терең болған жоқ.куәгерлердің барлығы бұл өзенді аттап өтуге болушы еді деген....»

 

 Кёльндегі король жылнамасы, XII–XIII ғғ.

  • Қай императордың өлімі туралы айтылған?
  • Қандай крест жорығы туралы ақпарат берілді? Оның маңызы неде?

Дескрипторлар:

  • Тарихи дерек бойынша императордың есімін атайды.
  • Крест жорығының ерекшеліктерін талдайды.

Мәтін «Крест жорықтарының салдары»

 

 Қасиетті Құдайдың табытын құтқару мақсатында ұйымдастырылған «қасиетті» крест жорыөтары жеңіліске ұшырады. Бұл әлемдегі католик шіркеуінің беделін түсірді. 1096 жылдан 1271 жылға дейін (Агра - кресшілдердің Шығыстағы соңғы бекінісі құлаған жыл) созылған крест жорықтарында католик шіркеуі тек қана кейбір алдына қойған мақсаттарына қол жеткізді. Бұл жорықтардың келесі салдары:

 - католик шіркеуі Азия елдеріндегі өз ықпалын біршама кеңейтті,

 - католик шіркеуі еуропалық ақсүйектердің жер үлестерін қайта бөліп бекітті, сол себепті экономикалық дамуда тұрақтылық орнатылды,

 - католик шіркеуі рыцарьлардың рухани ордерін жасақтады, солар арқылы еретиктерге (діннен безгендерді) қарсы күресті күшейтуге мүмкіндік алды.

 Крест жорықтарының бұл тікелей салдарымен қатар жанама салдарлары көп болды. Батыс елдері шығыс елдерінінен көптеген технология, сауда, күнделікті өмір салты және рухани мәдениеті салаларында көптеген жаңалықтарды үйреніп, қабылдады.

 Еуропада ғылымға деген қызығушылық дамыды, Шығыс пен Батыстың сауда қатынастары кеңейді, мәдениеттердің өзара байланысы нығайды.

 Крест жорықтары техниканың жетілдірілуіне әкелді: кресшілер XII ғасырда Сирияда бірінші рет көрген жел диірменін, Антиохия қолөнершілерінің су дөңгелегінің жетілдірген нұсқасын Еуропаға алып келді.

 Сирия қалаларының атауларымен аталатын маталарды өндіру басталды: муслин (Мосул), дамаст (Дамаск), араб тілінде «әдемі» дегенді білдіретін атлас, т.б.

 XII ғасырдың аяғында Еуропа шығыс елдерінде бұрыннан пайдаланылған почта көгершіндерін (бастапқыда әскери мақсатта қолданылған) қолдануға кірісті.

 Күнделікті өмірде үлкен өзгерістер болды: сақал қойю, ыстық ванналарды пайдалану, қола айналардын орнына шыныайналарды қолдану, ішкі және сыртқы киімнді жиі алмастыру. Бұған дейін еуропалықтар суық сумен ғана жуынған, киімдерін әбден тозғанша тастамаған.

 Еуропалық рыцарлар шығыс әскерлерінен қару түрлерін қолдана бастаған, оларды қоладан, алтыннан, піл сүйегінен жасалған әшекелейлермен безендіре бастаған. Рыцарлардың туларында және қалқандарында бейнеленген елтаңбалар арабтардан алынды. Осылайша, Византия арқылы Еуропаға көшірілген екі басты бүркіттің символы ертерек араб және салжұқтардың символы болған.

 Крест жорықтары аяқталғаннан кейін шығыс архитектурасының стилінің кейбір элементтері Еуропаға көшірілді. Мысалы, XII-XII ғғ. Еуропадағы тамплиерлердің күмбезді храмы Халиф Омардын күмбезді мешітінің үлгісімен салынған. Франциядағы көптеген шіркеулер Иерусалимдегі Қасиетті табыт шіркеуінің үлгісіне негізделген.

 Кресшілер Еуропаға музыкалық аспаптардың жаңа түрлерін әкелді және шығыс елдердің әскерінде қолданылатын шайқас кезінде әскери музыканы орындау дәстүрді қабылдады. Музыка командир орналасатын жерде ойнатылған, сол арқылы барлық шайқасқа қатысушылар осы туралы хабардар болды.

 Еуропада бұрын белгісіз болған ауыл шаруашылық далалық, бақшалық және бақша дақылдары пайда болды: күріш, қарақұмық, қарбыз, лимон, өрік, дамаск раушаны, т.б.).

 Еуропада ұзақ уақыт бойы жалғыз тәтті өнім бал болды. Тек ХІІ ғасырда ғана 1098 жылы Антиохиядағы аштық кезінде франк жауынгерлері бірінші рет құрақ қанты ауыз тиіп көргеннен кейін ол еуропалықтардың күнделікті тағам түріне айналды. «Кант» сөзінің өзі араб тілінен шыққан.

 Еуропада қолөнер мен өндірістің жаңа түрлері (зығыр, мата, спирт, алтын зергерлік бұйымдар, иіссу және т.б.) пайла болды.

 Әскери жорықтардың арқасында рыцарьлық әдебиеті жанданып, жауынгерлердің қаһармандығы мен батылдығы суреттейтін өлеңдер мен романдар таралды.

 Крест жорықтарының нәтижесінде феодалдардың шаруаларға деген көзқарасы өзгерді: басыбайлыдық құқығы жойылды, натуралды оброк ақшалай түріне ауыстырылды.

 Бірақ бұл оң өзгерістердің барлығы қанды соғыстар болмаған жағдайда да болулары мүмкін еді. Крест жорықтары зор материалдық құндылықтардың жойылуына, мыңдаған бейбіт адамдар мен рыцарьлардың қазасына әкеліп соқтырды, көптеген сәулет өнерінің туындылары толығымен жоғалтылды. Константинопольді басып алу мен оны тонау нәтижесінде Рим империясының шығыс бөлігі - Византия империясы - айтарлықтай әлсіреп кетті.

 Крест жорықтарының ең қайғылы және ұзақмерзімді салдарына мыналарды жатқызуға болады: Батыс пен Шығыстың арасындағы қастық пен қарсыластықтың қалыптасуы, джихадтың жандануы, христиан шіркеудің бөлінуінің күшеюі, христиан әлемі мен мұсылмандар арасындағы өзара сенімсіздік стереотиптің қалыптасуы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу