Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша маттериал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 9.2

 

III бөлім: Ислам тарихы

Сабақтын тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды?

Оқу мақсаттары:

6.2.2.1 – тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау;

6.2.2.4 – Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау;

6.2.3.1 – Шығыс ойшылдары жетістіктерінің маңызын бағалау

Тарихи концепт: маңыздылық

 

 Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

  • Сабақтың басында ұйымдастыру және алдынғы алған білімді өзектендіру сәті: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. «Шеңбер бойынша әңгіме жазу» тапсырмасын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға хабарлаңыз: Өткен сабақта біз ислам тарихына арналған бөлімді оқи бастадық. Қазір мен мына ақ бетке бірінші сөйлемді жазамын және бірінші партада отырған оқушыға беремін. Сендер шеңбер бойынша, бір-бірлеріңізге 1 сөйлем жазып, үлестіріп отырасыз. Сіз оқылып жатқан бөлім бойынша бір сөйлем жазасыз. Соңында бізде әңгіме шығу керек.

Соңғы оқушы аяқталған әңгімені мұғалімге тапсырады. Құрастырылған әңгімені оқып беріңіз. Жұмысты талқыланыз, түзетулер енгізіңіз немесе толықтырыңыз.

Осы жұмыс арқылы оқушылар алдыңғы сабақта алған ақпаратты естеріне түсіріп, бөлімді зерделеуге дайын болады.

  • Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға келесі мақаланың мағынасын талқылауды сұраңыз: «Адамның ең маңызды әшекейі - білімі».

Оқушылардың ойларын тыңдап болған соң, бұл араб мақалы деп айтуға болады және бұл ортағасырлық кезеңде жаңа діннің пайда болуымен бірге араб әлемінде ғылым мен мәдениеттің бұрын-соңды болмаған қарқынды даму кезеңі басталды.

Ислам мәдениетінің «алтын ғасырындағы» жетістіктері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтпады және олар осы сабақта оқушылар үшін пайдалы болатын оқиғалардың тарихи маңыздылығына қатысты өлшемдерге сай келеді. Бұл келесі критерийлер:

 1) Оқиға көптеген адамдарға әсер етті (адамдар осы оқиғаны белсенді түрде талқылап, ол сол кезде немесе кейінірек өмір сүрген адамдар оқиға туралы өз пікірін білдіген болатын).

 2 Оқиға көптеген ұрпақтардың жадында қалды (адамдар үшін бұл оқиғаларды әлсін-әлсін еске түсіру маңызды болды).

 3 Оқиға резонансты болып табылады (адамдар өздерінің күнделікті әңгімелесу кезінде немесе қазіргі оқиғаларды талқылағанда осы оқиғаға сілтеме жасайды).

 4) Оқиға елеулі өзгерістер әкелді, басқа да маңызды оқиғаларға әсер етті (оқиға кейінгі маңызды тарихи оқиғаларға себеп, түрті болды).

5) Бұл оқиға сол тарихи кезеңінің ерекшеліктерін айқындайлы (оқиға сол кездегі өмір қандай болғанын түсінуге көмектеседі, ашып көрсетеді).

Оқушыларға сабақтың тақырыбын айтыңыз, оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерийлермен таныстырыныз. Оқушылар дәптеріне сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағытарын анықтап алады.

Сабақты ұйымдастырылатын зерттеу үдерісі келесі элементтерді қамтиды:

- Ислам өркениетінің ғылым, мәдениет және адардардың күнделікті өмірдегі жетістіктерін анықтау;

- Бұл кезең ислам мәдениетінің «алтын ғасыры» деп аталуын негіздеу;

- «Алтын ғасыр» кезеңінде ислам мәдениеті өнертабыстарының бүгінгі күні мен келешекке беретін пайдасы туралы талдау жүргізу.

 

  • Бейне материалдармен жұмыс істеу. Оқушыларға «Ислам өркениетінің әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесі» атты бейнефильм көрсетіңіз. Бейне ресурсты көргеннен кейін оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз:

- Араб ғалымдары мен басқа да мәдениет саласының өкілдері мәдениет пен ғылымның қандай салаларында елеулі жетістіктерге жетті?

  • Содан кейін оқушыларға қосымша материалдар беріп, постерлер дайындауға тапсырма беріңіз. Әрбір топ келесі тақырыптар бойынша ислам мәдениетінің жетістіктерін зерттеуге келесі тақырыптарды алады:

1-ші топ - Ислам мәдениетін дамытудағы мемлекеттің рөлі

2-ші топ Астрономия саласындағы жетістіктер.

3-ші топ - ислам архитектурасы.

4-ші топ - биология, география, химия саласындағы жетістіктер.

5-ші топ - медицинадағы жетістіктер.

6-топ - математика және физика салаларындағы жетістіктер

7-ші топ - Тіл және әдебиет саласындағы жетістіктер

8-ші топ - Күнделікті өмірдегі өзгерістер.

Тапсырмаға арналғаң дескрипторлар: оқушы

  • топқа тапсырылған саладағы ең маңызды жетістіктерді анықтайды
  • осы жетістіктердің маңыздылығын тарихи маңыздылықтың критерийлеріне сүйене отырып, дәлелдейді.
  • Маңыздылықтың 5 өлшемін қолдана отырып, сабақты рефлексиялауды сұраңыз:

Оқушыларға сабақтың басында аталған осы критерийлердің біреуін пайдаланып ислам мәдениетінің «алтын дәуірінің» жетістіктерінің жалпы маңыздылығын бағалауды сұраңыз.

  • Үй тапсырмасы ретінде оқушылар осы жұмысты (рефлексия кезеңін) аяқтауды сұраңыз: бір жетістікті талқылау үшін жоғарыда аталған барлық 5 маңыздылық критерийлерді қолдануға ұсыныныз.

Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалдар.

Мәтін: «Араб халифатының елдерінің мәдени жетістіктері».

  • Ежелгі грек, иран, үнді ғалымдарының ғылыми еңбектері араб тіліне аударылды.
  • «Даналық үйі» - кітаптарды аударып, қайта жазатын қолжазбалар қоймасы.
  • Алгебраның негізі қаланды. Кейінірек олар араб сандары деп аталатын

үнді сандарын пайдаланды.

  • Бағдад пен Дамаск қалаларында обсерваториялар жұмыс істеді. Астрономдар Жер шеңберінің ұзындығын шамамен есептеді.
  • Ғалым Әл-Бируни Күн Әлемнің орталығы болғанын және Жер оның айналасында қозғалатынын айтты.
  • Арабтардың тарихы – Мұхаммедт туралы аңыздар, арабтардың жаулап алу соғыстары, Рим, Византия және Иран билеушілері туралы мәліметтер.
  • География. Географтар басқа елдер туралы ақпараттарды зерттеп қана қоймай, сондай-ақ оларға баруға тырысып, өмірлеріне қауп төнсе де, алыс аймақтарға саяхат жасаған. Араб саяхатшылары мен саудагерлер халифат елдерін, Үндістан, Қытайды сипаттап, Африка және Шығыс Еуропаның ішкі аймақтарына да барған. Олар өздеріне белгілі елдердің және теңіздердің карталарын жасады.
  • Медицина. Ибн Сина (Авиценна) көптеген аурулардың белгілерін сипаттады. Оның бастамасымен қалаларда дәріханалар пайда болды. Латын тіліне аударылған медицина саласы бойынша жазылған Авиценнаның еңбектері XVII ғасырға дейін еуропалық дәрігерлердің анықтамалық кітабі болды.
  • Әдебиет. Тауарларымен қоса саудагерлер және түйе жүргізушілері басқа елдерден керемет ертегілерін әкелген. Оларды халиф пен ақсүейектердің сарайларында, базарларда, көшелерде және Багдадтағы ауқатты үйлерде айтылды. Көптеген тыңдаушылар керемет саяхат пен оқиғалар туралы әңгімелерді ұнататын. Қарапайым адамдар қу судьялар мен шенеуніктер туралы күлкілі, қызықты әңгімелерін бір біріне айыт жүретін. Осы ертегілер кейінірек көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарын біріктірген әлемге әйгілі «Мың бір түн» ертегілер жинағына енді.
  • Поэзияны дамуы. Ақындар тәжік-парсы тілінде (фарси) жазған. Ақын Фирдауси «Шах-наме» («Патшалар кітабы») өлеңін жазды.
  • Сарайларды, қабірлерді және бекіністерді салу. Альгамбра - Гранададағы әмір сарайы. Храмдардын сырттары арабескілермен - тығыз ажыраған сызықтармен безендірілген. Иерусалимдегі «Жартас күмбезі» храмы.
  • Мешіттер салу. Мешіт: төртбұрышты намаз залы, бағандар галереясы бар аула, ауланың ортасында - бассейн, күмбез немесе тегіс шатыр, михрабу - Меккеге бағытталған жардағы белгі, молда немесе имам - мұсылман дінбасылары, мешіттің іші қарапайым безендірілді, едендерге кілем төселетін, қвбырғаларында - Құраннан алынған сөздер, мұнаралар - дұға етуге сенушілерді шақыратын биік башня, ол тастар, плиткалар, мозаикалар, арабескілермен - күрделі геометриялық оюлармен безендірілген. Адамдар мен жануарлардың суреттерін салуға исламда тыйым салынады. Стамбулдағы «Көгілдір мешіт».
  • Білім беру. Әрбір мұсылман, лауазымды адам болғысы келсе, білім алуға тиісті болды. Мұсылмандарды оқытатын бастауыш мектептерді жеке адамдар ашты. Оқуға төлей алатындар үйлеріне жалдамалы мұғалімдерді шақырып білім алды. Білім алуды жалғастыра келгендер Құран, сүннетерді және шариғатты терең оқып білетін адамдармен әнгімелесіп, дәріс алған. Үлкен қалаларда танымал мешіттердің жанында медреселер – жоғары мұсылман мектептері - ашылды. Мысаоы, Бұқара қаласындағы медресе.
  • Меценатство (патронаж). Әрбір бай адам өзінің айналасында көптеген Құран білгіштер, ғалымдар, әйгілі ақындардың болғанын қалады. Неғұрлым оның айналасында танымал адамдар болса, соғырлым оның беделі артып, даңққа ие болды. Жазушылар мен ғалымдар халиф пен әмірлердің сарайларында тұрған, олар өздерінің мырзаларын даңқтап, оралға арнап өлең шығарып, сол үшін олар тарапынан сыйлықтар мен қолдауға ие болды.
  • Халифаттың мәдениетінің маңыздылығы. Еуропалықтар арабтардан көптеген пайдалы білім алды: араб цифрлар, астрономиялық ақпараттар, географиялық карталар, компас пен глобус, медицина саласындағы шығармалар. Мұсылман өнері Еуропа елдеріне үлкен әсер етті. Халифат елдерінің мәдениетімен еуропалықтар негізінен Испания (Кордова эмираты) арқылы танысты. Кордоба қаласында көптеген жоғары оқу орындары болды, онда белгілі ғалымдар лекциялар оқыды. Мұндағы үлкен кітапханаларда ежелгі қолжазбалар сақталған. Ежелгі грек ғалымдары мен жазушыларының көпшілігі, сондай-ақ халифат елдерінің ойшылдары араб ғалымдарының еңбектері арқылы Еуропада танымал болды.
  • Араб математиктері, дәрігерлер және астрономдардың шығармалары ортағасырлық Еуропа ғалымдарына нұсқаулық ретінде болды. Арабтардан еуропалықтар тек қана сандар мен жаңа санау жүйесін ғана емес, сонымен қатар астрономия туралы, көптеген жұлдыздардың есімдерін білетін болды. Арабтардан олар компас пен глобусты қолдану арқылы жақсы карталарды сызуды үйренді. Мұсылман өнері архитектураны өзгертті, Испания мен Оңтүстік Италияның, Африкадағы көптеген елдеріне сән мен әдет-ғұрыптарды өзгертті.

Тарихи дереккөз

 

 Орта ғасыр археологтары туралы араб географы Ибн Хордабектің (IX ғасыр) «Жолдар мен елдер» атты кітабынан үзінді.

 «Біз Египетте Ахмад бин Тулунның хатшысы Абу Абдалла әл-Васитимен бірге шағын пирамидалардың бірінде болғанбыз. Бізбен бірге жұмысшылар болды. Біз пирамиданың 10 түйе сиятын көліміне тең келетін аймақты алып жарқанын көрдік. Біз тастарды сындырып, ішіне кіре бастадық. Біз тастың алғашқы қабатын бөлшектеп тастап, бос құмға келдік, содан кейін екінші қабатты қазып алып, үшінші қабатқа жақындап келдік. Үшінші қабатты қазып болғаннан кейін, қырық төрт шынтақтай бөлмеге кірдік.

 Киблаға (Құбыла - мешіттерде Каабаға бағытталған жардағы белгі), шығысқа, батысқа және оңтүстікке қарай бағытталған, тастармен жасырынған есіктер болды.

 Біз шығыстағы есікті бөлшектеп тастадық, ал жерде оникстан жасалған және формасы жабайы қабанда ұқсас құмыраны көрдік, Құмыра мумиямен толтырылған. Содан кейін біз батыс пен оңтүстіктегі есіктерді бөлшектеп шығып, жаңадан ашылған бөлмелердің әрқайсысын шығысында табылғандай, бірақ әр түрлі формалы құмыралар ғана табылды. Бұл бөлмелерде 360 адам мүсіні болды. Содан кейін біз солтүстіктегі есікті алып тастадық және онда біз мықты қара тастан жасалған купельді (христиандардың дін ұстаушылар қатарына қабылдану жорасын жасауға арналған) таптық».



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу