Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

1.Король

«Менің үстімнен тек қана Құдай. Мен тек Құдайға мойынсұнамын. Бүкіл жер маған тиесілі, мен жерді өзіме адал адамдарға бөліп беремін»

2. Барон

«Осы күннен бастап мен Сіздің қызметшісімін. Маған тапсырған жерлер үшін Сізге адал қызмет етемін». Мен король берген жер учаскелерін сақтап, оларға билік жүргіземін»

3. Лорд

«Осы күннен бастап мен Сіздің қызметшісімін. Маған тапсырған жерлер үшін Сізге адал қызмет етемін». Мен баронның жерін сақтап, оған басшылық жасаймын.Менде де билік бар.

4. Рыцарь

«Осы күннен бастап мен Сіздің қызметшісімін. Маған тапсырған жерлер үшін Сізге адал қызмет етемін». Мен баронның жерін сақтап, оған басшылық жасаймын.Ол үшін күресемін.

5. Сот орындаушы

Лордтың бұйрықтарын орындалуын бақылаймын. Мен оның поместьесінде тұрамын, оның бұйрықтарын бақылаушыларға айтамын

6. Бақылаушы

Сот орындаушының бұйрықтарын орындалуын бақылаймын, баяу жұмыс жасағандарды жазалаймын.

7. Басыбайлы шаруа А

Лорд жер үлесінің бір бөлігін маған береді. Мен осы жерде егін егемін, ақысына лордқа адалмын және оған мойынсұнамын.

8. Диірменші

Егістікте өсірілген астықты ұнтақтап, ұн жасаймын. Мен еркін адаммын, басыбайлы шаруа емеспін.

9. Ұста

Барлық металл өнімдерін жасаймын. Бұл жерде жұмыс істеудің барлық құралдарын, құлыптар мен тұспаларын қамтиды. Мен еркін адаммын, білікті шеберімін

10. Дін басы

Мен шіркеуде Құдайға қызмет етемін. Мен ауыл тұрғындарына олардың проблемаларына көмектесемін, менде медицина бойынша біраз білім бар. Мен епископ және попқа адалмын.

11. Басыбайлы шаруа Б

Мен лордтың жерінде жұмыс істеймін, ол мені қорғайды. Мен үйленуге және ауылды тастап кетуге рұқсат алу керекпін.

12. Батырақ

Кішкентай бақшадан басқа, егінді өсіру үшін жерім жоқ. Мен ауыл тұрғындарының ішіндегі ең кедей және қайырымдылыққа тәуелдімін.

Қосымша 2

Тапсырма

Түрлі мемлекеттердің әлеуметтік жүйелерін салыстырып, постерді жасау. (Үндістандағы касталық жүйені бір жұп, Жапониядағы самурайларды екінші жұп орындайды)

Үндістанның касталық жүйесі Брахма құдайы

Жапонияның әлеуметтік құрылымы

Дескриптор:

  • Үндістан/Жапонияның әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін анықтайды;
  • Әлеуметтік құрылымдардың арасындағы ұқсастықтарды табады;
  • Феодалдық қатынастарды түсіндіруде жаңа ұғымдарды тиімді пайдаланады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу