Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

 6 СЫНЫП, САБАҚ.6.2

 

 II бөлім: Феодализм

 Сабақтың тақырыбы: Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан?

 Оқыту мақсаттары:

 6.1.1.1 - феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау;

 6.1.2.1 - үстемдік етушілер мен бағыныштылардың (феодалдар мен шаруалардың) өзара қатынасын сипаттау.

 Тарихи концепт: ұқсастық пен айырмашылық

 

 Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды. «Үнсіздік» деп аталатын жаттығу откізініз. Мақсаты: ынтымақтастықты дамыту, коллаборативті орта қалыптастыру. Жабдықтар: топтардың саны бойынша А4 форматтағы қағаздар, түрлі түсті қарындаштар немесе маркерлер таратыңыз. Оқушыларға ойын шартын түсіндіріңіз. Әр топқа 1 қарындаш беріледі, соны пайдаланып, оқушылар сурет салулары керек. Ойынның негізгі шарты - үсіріп, қарындашты бір-біріне түсіріп алу керек. Бұл ойында негізгі ереже - сурет салу кезінде сөйлесуге болмайды. Сурет салуға 5 минут беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін, сұрақтарды талқылаңыз:

 - Топта жұмыс жасап, қандай сурет сала алдыңыз?- Сізге үнсіздікте сурет салу қиын болды ма?- Сыныптастарыңызбен ортақ пікірге келе алдыңыз ба?- Сурет үнемі өзгергендігі сендер үшін қиындық тұдырды ма?

 Бұл ойын оқушыларды өзара түсініктіктік қарымқатынас орнатуға көмектеседі. Осындай қарымқатынасты үнемі дамыту қажеттігін оқушыларға түсіндіріңіз.

2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға толтырылмаған феодалдық сатысының (феодальная лестница) бейнесін көрсетіңіз. Оқушыларға феодалдардың категориялары жазылған (король, граф, герцог, виконт, барон, рыцарь, шаруалар) стикерлерді таратыңыз. Оқушылар стикерлерді феодалдық сатыға дұрыс орналастырулары қажет.

 Оқушылар топтарда жұмыс жасап, талқылайды, стикерлерді дұрыс реттеу барысында пікірталас жүргізеді. Жұмыс аяқтағаннан кейін, феодалдық сатысының дұрыс түрін көрсетіңіз, оның мағынасын түсіндіріңіз. Оқушылар бұл орта ғасырдағы қоғамның түрлі топтар арасындағы қарым-қатынастың бейнесі екенін біледі, кейбір топтар әлеуметтік мәртебесі бойынша жоғары, немесе төмендеу орналасқан. Сұрақ қойыныз: Сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін? Біз нені білеміз және нені үйренуіміз?

  Содан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, оқушыларға оқу мақсаттарын түсіндіреді, тарихи концептілерімен және бағалау критерийлермен таныстырады. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерге жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының кезеңдерін анықтайды.

 Зерттеу кезеңдері төмендегідей болуы мүмкін:

- Феодалдық сатының ерекшеліктерін зерттеу;- Феодалдық қоғамның сословиелерге бөлінудің ерекшеліктерін қарастыру;- әр сословиенің ерешеліктерін анықтау үшін тарихи дереккөзді талқылау;- Тақырып бойынша қорытынды жасау.

 

  3. Оқушыларды феодалдық қоғамның сословиелері туралы (шаруалар, дворяндар, дінбасылар) мәтінді оқуды тапсырыңыз. Оқу барысында мәтіннің мазмұнын кестеде қысқаша түрде сипаттауды ұйымдастырыныз. Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін оларға тақтада кесетің дұрыс толтырылған нұсқасын көрсетіңіз және дескрипторлар негізінді өзін-өзі бағалауды ұсыныныз. Оқушы:

 - феодалдық қоғамның сословиелердің әрқайсысының кемінде 3 белгілерін немесе 3 әрекетін дұрыс анықтайды.

 Оқушылардын жұмысын қорытындылай отырып, қажет болған жағдайда қосымша түсіндірмелер ұйымдастырыңыз.

 Келесі сұрақтардың талқылауын өткізіңіз:

 - Орта ғасырлық қоғамның алғашқы екі сословиесін (дворяндар мен дінбасыларды) не біріктіреді, ал не оларды үшінші сословиеге (шаруаларға) қарсы қояды?- Бұл сословиелердің қайсысы қоғамда үстемдік құрды және неге?- Бұл сословиелердің қайсысы тәуелді болды және неге?

 

  4. «Шеңберде әңгіме құрастыру» атты ойын өткізіңіз. Оқушылар шеңберде отырып, феодалдық қоғамның әлеуметтік топтар арасындағы қарым-қатынасы мен құрылымы туралы әңгіме құрастыру керек. Әр оқушы бір ғана сөйлемді айтуға құқылы, және ол тақырыптың негізгі терминдерін қолдану керек.

 Қолданылатын сөздер: феодализм, феодалдық саты, феодалдық жүйе, феодалдық шаруашылық, әлеуметтік рөльдер, рыцарьлар, басыбайлы шаруалар, экономикалық теңсіздік, әлеуметтік теңсіздік, феодалдық міндеттемелер, барщина, оброк (алым), сеньор, сословиелер, жеке дара тәуелділік.

 

  5. Оқушылар Еуропадағы және Азиядағы (Жапония, Үндістан) әлеуметтік құрылымдардар туралы оқулықтың мәтінін немесе таратылған мәтіндерді оқуды ұсыныныз.Сыныпты екі топқа бөліп, Венн диаграммасын толтыруды тапсырыңыз:

 1-ші топ: орта ғасырдағы еуропалық қоғам мен үнді қоғамы,

 2-ші топ: орта ғасырдағы еуропалық қоғам және жапон қоғамы.

 Дескрипторлар:- Үндістанның/Жапонияның әлеуметтік құрылымын сипаттайды;

 - әлеуметтік құрылымның ұқсастықпен ерешеліктерін анықтайды;

 - феодалдық әлеуметтік қатынастарды түсіндіруге арналған терминдерді пайдаланады;

 - екі әлеуметтік құрылым арасындағы ұқсастығы туралы қорытынды жасайды.

  Содан кейін топтар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Оқушылардын жауаптарын тыңдап, оларды әлеуметтік құрылымдар түрлі болғанымен, феодализмнің мәні өзгермейді: феодалдар шаруалардың еңбегіп пайдаланды, өйткені олардың қолында билік құралдары болды: жер меншігі мен әскери күш – рыцарьлар жасақтары.

 Оқу қабілеті жоғары оқушылар үшін түріктердің және үнді қоғамының әлеуметтік құрылымын салыстыруды ұсынуға болады; түріктер мен жапон қоғамы және олардың ұқсастығы мен айырмашылық деңгейі туралы қорытынды жасауды тапсырыңыз.

 

 6. Сабақта меңгерген білімін бекіту үшін оқушыларға жұптық жұмыс ұсыныңыз. Оларға аяқталмаған тұжырымдарды ұсыныңыз. Тұжырымдар мысалдары:

- Вассал болудың негізі ... (жер үлесімен қамтылуы)- Тек қана әскери іспен айналысатын феодалдарды ... деп атаған (рыцарлар)

- Әскери мықтылық пен шеберлікті анықтайтын әскери жарыстар ... деп аталды (рыцарлық турнир).- Феодалдар киім, құрал-саймандар, қару-жарақтар қорын ... сақтады. (замокта).- Шаруаның өз еңбек нәтижесі арқылы жасалатын төлемдер ... деп аталды... (феодалдық міндеттемелер: барщина және оброк).

- Феодалдық экономикадағы барлық жұмыстар ... деп аталады (міндеттер: барщина и оброк)- Шаруалардың феодалдыққа тәуелділігі жеке болды және ... (жерге байланысты тәуелділігі)- Шаруалар екі санатқа бөлінді: ерік шаруалар .... және шаруалар. (басыбайлы).

 Дескрипторлар. Оқушылар:- тұжырымдарды дұрыс аяқтайды;- орта ғасырдағы қоғамның үстемдік жасаған және тәуелді қоғам сатылары арасындағы қарым-қатынасты дұрыс сипаттайды.

 Оқушылардың пікірлерін қорытындылаңыз, қажетті қосымшалар мен түсіндірмелер жасаңыз.

  7. Сабақтың рефлексиясы «Жұқа және қалың сұрақтар» атты стратегиясын қолданып өткізіңіз.

 Оқушыларға сабақта өткен тақырып бойынша слайдқа жазылған аяқталмаған сұрақтарды ұсыныңыз. қою үшін оларға жазылған сөздердің атауларымен слайд жасаңыз. Оқушылар ауызша түрде сұрақтар қойып, жауап береді, ұжымдық талқылау арқылы сыныптастың көмегіне жүгінеді.

  Жұқа сұрақтардың мысалдары:

 Кім ...? Қашан ...? Мүмкін бе ...? Болады ма ...? Оны не деп атайды ...? Сізге ұнады ма ...? Бұл шын бе ...?

 Қалың сұрақтардың мысалдары:Түсіндіріңіз, неге ...? Сіз не деп ойлайсыз? ... арасындағы айырмашылық қандай? Егер ... болса, не болады деп ойлайсыз? Ал егер ... Қандай қорытынды жасауға болады?

 Осы немесе басқа сұрақтарды талқылау барысында оқушылар феодалдық қоғамының әлеуметтік құрылымы туралы өз білімдерін қорытындайды.

 

 8. Үй тапсырма ретінде сіз оқушыларға Жак Ле Гофтың «Балаларға арналған орта ғасырдың тарихы» кітабын табуға және оқып келулерін сұраңыз. (https://www.ozon.ru/context/detail/id/19627674/).

 Орта ғасырдағы қөғамның әлеуметтік құрылым және топтары арасындағы қарым-қатынас туралы кітабынан кішкене фрагменттерін жазып, оларды келесі сабақта оқып беруды ұсыныныз.

 

 Саралап оқыту мүмкіндіктері

 Көптеген оқушыларға арналған тапсырма.

 

 Тұжырымдардың 1-7 сандарын (қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесінің сипаттамасы) және әріптерді А-Ж (қоғам мүшелері) сәйкестендіріңіз:

 

 11.

Осы күннен бастап мен сіздің қызметшіңіз боламын. Маған сеніп тапсырған жер үлесі үшін Сізге адал боламын. Маған барондар тәуілді, мен оларды қорғауға мүндеттімін.

 АА

Король

 22.

Маған тек Құдай ғана бұйрық бере алады. Мен тек Құдайға мойынсұнамын. Барлық жер маған тиесілі, мен жерді басқа адамдарға олардың қызметі үшін беремін.

 АБ

Діни қызметкер

 33.

Осы күннен бастап мен сіздің қызметшіңіз боламын. Сіз маған сеніп тапсырған жер үлесі үшін Сізге адал боламын. Мен баронға мойынсұнамын, бірақ шаруалардың үстінен билік етемін.

 ИВ

Шаруа

 44.

Мен ауыл тұрғындары пайдаланылатын өсірілген астықтан ұн жасаймын. Мен еркін адаммын, мен басыбайлы шаруа емеспін.

 ГГ

Лорд (граф немесе герцог)

 55.

Өсы күннен бастап мен Сіздің қызметшісіңіз боламын. Сіз маған сеніп тапсырған жер үлесі үшін Сізге адал боламын. Мен үлкен жер учаскелеріне қожалық жасаймын және оларды өз рыцарьларыма үлестіремін.

 ДД

Диірменші

 66.

Мен шіркеуде Құдайға қызмет етемін.Мен ауыл тұрғындарына олардың дұғаларына көмектесемін және медицинамен де айналысамын. Мен епископқа адал қызмет етемін.

 ЕЕ

Рыцарь

 77.

Ауыл шаруашылықтың иесі маған өз жер үлесінен бір бөлігін береді, сондықтан менің адалдығым үшін өзіме де астық өндіремін.

 ЖЖ

Барон

 

 Дұрыс жауап: Г, 2- А, 3-Е , 4-Д , 5- Ж, 6-Б , 7-В.

 

 Қосымша теориялық материалдар

 Мәтін: «Сеньорлар мен вассалдар»

 

  Орта ғасырларда негізгі әлеуметтік қатынастар лорд пен вассал арасындағы феодалдық қатынастар болды. Олардың арасындағы келісім Қасиетті Жазбаны немесе қасиетті қалдықтары бар кемені пайдаланып міндетті түрде ант беру («фуа») және «оммаж (құрмет)» рәсімін орындау арқылы жасалды. Жан Ибелинаның кітабында былай делінген: «Егер біреу, еркек не әйел, жоғары лордқа вассалдық тәуелділікке өтетін кезде... ол сеньор алдында тізе бүгіп, өз қолдарын бірге ұстап, сеньордің қолына салып, ант береді: «Мырза, мен Сіздің жақын вассалыңыз боламын, сол себепті мен Сізді жаулардаң қорғауға ант беремін». Сеньор оған мынадай жауап айту керек: «Мен өзімнің құқықтарым бұзылмаған және сен Құдайға және маған адалдықты танытқын жағдайда, өзіңді вассалдық тәуелділікте қабылдаймын». Осы мүндетті түрде айтылатын сөздерден кейін, сеньор вассалына бейбітшілік сүйіспеншілігін сыйлады және оны жерден тқрғызады. Бұл рәсім вассалға өкшелек (шпоры) немесе қолғап ұсынуымен аяқталады. Егер келісімшартта жер үлесін берілуі қарастырылатын болса, онда инвеститура салты жасалды. Инвеститура дегеніміз – бұл жерге қатысты басқару құқығын беру. Кейбір жағдайларда найзамен (немесе скипетірмен) бірге, берілген жерлерге қатысты құқықтарды қорғау міндеттемесінің белгісі ретінде вассалға шым (жердің беткі қабаты), кейінірек держава (мемлекет символы) берілген.

 Феодтар - шартты түрде атадан балаға мұра ретінде берілетін жер иелігі. Феодалдық иелеріне – феодалдарға - өздерінің жер иелетерін пайдаланатын шаруаларға қатысты оларға әсер ететін белгілі бір билік құралдары болуы маңызды болды. Жер иелікті табыс есткенді сеньор деп атаған, ал жерді пайдалануға алған адамдар вассал болатын. Әр феодалдық лорд біреудің иесі және біреудің вассалы болды. Әр феодал біреудің сеньоры, немесе біреудің вассалы болды. Тек ең төмен сатыда тұратын рыцарьларда ғана өз вассалдары болмады, ал корольдің сеньоры болмады, өйткені ол жоғарғы лорд-сюзерен (жоғарғы жер иеленуші) еді. Бірақ кейбір корольдер өздерін Рим Папасының вассалы деп жариялады. Кейбір феодалдарда біршене сеньоры болған, яғни бірнеше сеньордың жер иеліктеріне билік жүргізген. Феодалдық иоры жиі бірден бірнеше қарт кісілерге ие болды. Вассал-лендік қатынастары (яғни, сеньорлар мен вассалдар арасындағы қарым-қатынас) Еуропадағы феодалдар арасындағы жеке байланыстар жүйесі болып табылады.

 (Дереккөзі: http://wikiwhat.ru сайті)

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу