Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 4.1

 

 I бөлім: Рим империясының құлауы

 Сабақ тақырыбы: Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?

 Оқыту мақсаты:

 6.3.2.4 - Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

 Тарихы концепт: интерпретация

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

  • Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды.
  • Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға княгиня Ольга бейнеленген белгішенін (иконасын) көрсетініз және «Бұрынғы жылдар туралы хикаят. 1-бөлім» тарихи дереккөздің фрагментерін ұсыныңыз. Оқушыларға суретті көріп, тарихы дереккөзін оқып шығып және сұрақтарға жауап беруды тапсырыңыз: Княгиня Ольганың қолында қандай заттар бар? Бұл заттар ненің белгілері болулары мүмкін?

Оқушылар княгиняның қолында православиелік шіркеуінің моделі және крест бар екенін айтады. Бұл заттар православиені - христиан дінінің шығыс тармағын - білдіреді. Бұл Ольганы православие ұстанушы болғанын білдіреді. Оқушылардың жорамалдарын тыңдаңыз, содан кейін сабақ тақырыбын айтыңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдалана отырып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының бағыттарын анықтайды. Бағыттар келесі болу мүмкін:

  • Княгиня Ольганың Киев Русін билеген кездегі билігінің ерекшеліктерін анықтау.
  • Княгиня Ольга шоқынғаннан кейінгі Киев Русьте болған өзгерістерді анықтау.
  • Болған өзгерістерді уш топқа: қысқамерзімді, ортамерзімді және ұзақмерзімді деп жіктеу.
  • Византияның Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау;
  • Түрік қағанаты мен Киев Русіна қатысты Византияның дипломатия саясатын салыстыру;
  • Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.
  •  Византия тарихы туралы оқушылардың білімдерін естеріне түсіру үшін «Бағдаршам» ойыны өткізіледі: егер мұғалім дұрыс тұжырымдама айтқан болса, оқушы жасыл карточканы және жалған мәлімет болса - қызыл карточканы көтереді. Оқушылардың жауабы:

- ақиқат тұжырымдама: №9;

- жалған тұжұрымдамалар: №№1-8.

Дескрипторлар:

- Оқушы 1 дұрыс және 8 жалған тұжырымдамаларды дұрыс анықтайды;

  - Оқушы 6-8 қате тұжырымдамаларды түзетеді.

Бұл жұмысты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақ қойыныз: Византия Батыс Рим империясынан 1000 жылдан астам өмір сүруінің басты себебі неде болды деп ойлайсыңдар?

Оқушының жауабы: Византияның ұзақ өмір сүруінің басты себептерінің бірі - оның дипломатия саясаты. Мұны Түркі қағанатымен қарым-қатынасы анық айқындайды.

  •  Одан кейін оқушыларға оқулықтын мәтінін немесе қосымша ақпараттық ресурстармен танысып, княгиня Ольганың билігі кезінде Киев Русьта болған өзгерістерді анықтауды ұсыныныз. Жұптық жұмыс барысында оқушылар оқулықтағы схеманы қолдана отырып, қоғамдық өмір салаларындағы өзгерістерді анықтап, оларды төрт топқа үлестіреді: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер.

 Оқушылардың мүмкін болатын жауаптары:

 Саяси: жаңа дін аясында Ольганың жақтаушылары бірікті, орталық билік және князьдердің билігі нығайды, Киев Русінің халықаралық беделі өсті.

 Экономикалық: сауда-саттықты дамыту және жергілікті князьдар арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында погосттар құрылды.

 Әлеуметтік: адамдардың дүниетанымыны, күнделікті өмір салты, мәдениетте өзгерістер байқала бастады, жаңа дінге қызығушылық қалыптасты.

 Мәдениет: княгиня Ольганың шоқыныу, апостолдық қызметтің пайда болуы, шіркеулер салынды, кресттер орнатылды, Құдайға қызмет етуге бағытталған рәсімдер тарала бастады.

 Оқушылар княгиня Ольга Ресейдің саяси және діни өзіндік жолын табуында үлкен тарихи рөл атқарды, ол атақты әйел және билеуші ретінде елінде және одан тыс жерлерде өте беделді болғандығы туралы қорытынды жасайды.

 

  • Келесі жұмыс түрі Ресейдегі өзгерістерді ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді өзгерістер деп 3 топқа бөлуге арналған тапсырма болады.

Оқушылардың жауаптары:

        • Қысқа мерзімді өзгерістре - княгиня Ольганың шоқыну рәсімі, елшілік

қызметі, шіркеулердің құрылысы, кресттерді құру, құдайға құлшылық ету қызметін жүргізу.

        • Орта мерзімді - Киев Русьтің шоқындыру рәсімі, князьдердің

билігінің нығаюы, пұтқа табынушылықты және оның салт-жораларын жою, жазбаның пайда болуы, православие шіркеулерін құру, білім беру дамыды, мемлекеттің әлемдегі беделі өсті.

        • Ұзақ мерзімді - адамдардың дүниетанымында, өмір салтында,

мәдениетте тұбегейлі өзгерістер орын алды, бір діннің негізінде халық бірікті.

 Бұл жұмысты оқушылар жекеше орындайды, олар өзгерістерді стикерлерге жазып, тақтадағы флипчартта салынған кестенің тиісті ұяшықтарына оларды жабыстырады. Осылайша, барлық оқушылар оқулықтың мәтіннінде берілген ақпаратты талдайды және интерпретация жасайды.

Осы жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардаң қорытындылауды сұраңыз: олар Ресей үшін бұл өзгерістерді маңызды деп есептейді ме, немесе неге оларды маңызды емес деп санайды?

Оқушыларға сұрақтар қойып, дискуссия жүргізуді ұсыныңыз, мысалы, мынадай сұрақтар негізінде:

  • Княгиня Ольга Ресейде христиандықтың таралуында рөлі маңызды болған ба, оның ұлы шешесінің үлгісіне ермеседе?
  • Княгиня Ольга тұсында Ресей пұтқа табынушылы ел болып қала берді. Бұл оның бағынушыларының арасында беделінің төмен екендігін айқындайды ма?

 Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, оларда княгиня ольганың бастамасының ұзақ мерзімді өзгерістерге әкелгені және оның жаңа дің қабылдаундағы батылдығы туралы нақты түсінікті қалыптастырыңыз.

 

  •  Сабақтың тақырыбына бойынша қойылған оқу мақсатының таблабына сай, оқушылар Византияның дипломатия саясатын тереңірек түсіну үшін оларға Венн диаграммасын толтыруды ұсыныңыз. Мұнда Византияның Түркі қағанатымен және Киев Русімен қарым-қатынастарын салыстыруды сұраңыз.

 Оқушылар бұл қарым-қатынастардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

 Оқушылардың жауабы:

 Ұқсастықтар: бұл қатынастар бейбітшілік сипатқа ие болды; Византия көрші мемлекеттермен өзара пайдалы қарым-қатынастарды сақтауға мүдделі болды;

 Айырмашылықтар: Түркі қағанатының және Киев Русі өкілдерінің келу мақсаты түрлі болды: түріктер сауда және әскері одақ құруды көздеді, ал княгиня Ольга – рухани мәселені шешуге мақсатымен Византияға келді. Княгиня Ольганың Константинополь қаласына жасаған сапарының ұзақ мерзімді салдары болды: оның немересі Владимир христиандықты қабылдады және Русьті шоқындырды.

  •  Сабақтың рефлексиясы «Пайдалы етістіктер» жаттығуды орындауымен жасалуы мүмкін. Ұсынылған етістіктердің тізімінен оқушылар кез-келген 3 жетістікті таңдап, оларлы пайдаланып зерттелген тақырыпқа қатысты тқжырымдама жазады немесе ауысша айтады.

 Етістіктердің мысалдары: түсіндім, оқыдым, білдім, үйрендім, ойландым, қорытындыладым, салыстырдым, таңдадым, таң қалдым, түсінбедім, бағаладым, бекіттім, сендім, талқыладым және т.б.

Кейбір оқушылардан жазғандарын оқып беруді сұраңыз. Оқушылардың пікірлерін талқылаңыз, қажет болса сұрақтарына жауап беріңіз немесе қосымша жеке тапсырмалар ұсыныныз.

 

  •  Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға осы тақырып бойынша қосымша оқу үшін келесі әдебиеттерді ұсынуға болады:

 1) Антонов А.И. Ольга Ханшайымы: Роман. – М.: ТЕРРА - Кн. клубі, 1999. (Тағдырдың таңдағандары). (2006, 2007, 2011 жж. қайта басылған)

 2) Борис Васильев. Ольга, орыстың патшайымы. – М.: Вагриус, 2002.

 3) Виктор Грецков. «Княгиня Ольга - болгар ханшайымы

 

Сабақтың тақырыбына қатысты қосымша теориялық материал.Мәтін: «Киев Русь тарихынан»

 Б. з. VI ғасырында бірлескен славян қауымдастығынан шығыс славяндар (болашақ орыстар, украиндар, белорустар) ерекшеленеді. Оның құрамына 100-200 тайпа кірген ірі тайпалық одақ қалыптасты. Осылайша, шығыс славяндар тайпаларының құрамында поляндар, кривичтер, древляндар, угличтер, тиверцтер, волындар, дреговичтер, северяндар, радимичтер, словендер кірді.

Олардың ішінде ең жоғары дамығандар - Днепрдің оң жағалауында өмір сүрген поляндар болды. Олар тұрған аумақ Ресей деп атала бастады, себебі Днепрдің ағынының бірі Рось деп аталған.

 Славяндардың негізгі еңбек түрі ауыл шаруашылығы болды. Қара бидай, арпа, тары, сондай-ақ көкөністер мен техникалық дақылдар - зығыр, қарасора өсырген. Ауыл шаруашылығының екі түрі болды: подсечно-огневая және переложная, екі өрісті (егістік, бу астындағы егін) және үш өрісті (көктемгі, қысқы және бу астындағы егін) жүйелері пайдаланылды.

 Олар шошқа, сиыр, қой мен ешкі, бұқалар мен жылқыларды өсірді.

Шаруашылықтағы маңызды орын аң аулау, балық аулау және ормандағы ара өсірушілікпен айналысқан. Ормандағы ара шаруашылығы - бұл жабайы аралардың балын жинау іс.

 Сыртқы сауданың негізгі заттары - бал, балауыз (воск) және жүн болған.

VIII-IX ғасырларда шығыс славяндарда қолөнер ауыл шаруашылығынан бөлінген, арнайы қолөнер орталықтары - погосты немесе городищалар пайда болып, олар бірте-бірте қалаларға айналған. Қала - қолөнер және сауда орталығы. Қаланың қабырғалармен және сумен толтырылған терең шұңқырмен қоршалған орталық бөлігі кремль немесе детинец деп аталды. Кремльдің айналасында слободалар орналасқан – бұл қолөнершілердің елді мекендері. Қаланың бұл бөлігі посад деп аталды.

  Нева өзенінен Қара теңізге дейін созылған сауда жолын «Варягтардан (Скандинавия тұрғындарын славяндар варягтар деп атаған) гректерге жол» деп аталды, өзеннен теңізге дейін сауда-саттық кемелерді жер бетімен сүрелеген.

  Екінші сауда жолы – Волга өнегі арқылы өтетін жол - Ресейді Шығыс елдерімен байланыстырған. Сауда жолдарында Новгород, Полтава, Киев және т.б. ірі сауда қалалары құрылды.

  Қалалар пайда болу нәтижесінде ежелгі ата-бабалардың демократиялық жүйесі жойылды (халық жиналысы, дружиналар, көшбасшылар), ақсүйектер бөлініп, ерте мемлекеттер қалыптасты.

  Тайпаларды князьдар басқарды, оларда ірі қарулы топтар – дружиналары болды. Князьдар жерге өз жеке меншігіне айналдырып, қарапайым адамдарға салық төлеуді мәжбірледі. Салықтар төлеу рәсімі полюдье деп аталды - қыс мезгілінде князь өзіне тиесілі аймақтарды дружинасымен аралып, салық жинайды, бұйрықтарын тапсырады, даулы мәселелерді шешеді.

  «Бұрынғы жылдар хикаясында» (XII ғасырдың басындағы Печорск ғибадатханасында Нестор монах жазған тарихи жылмалалары) сәйкес, орыс патшалығың әулеті 859 жылы пайда болды.

 Солтүстік славяндар, бұрын алым төлеген варягтарды теңіздің басқа жағына құып шығып, олардың билігінен босаған. Осы оқиғалардан кейін Новгородда князьдер арасында билік үшін ішкі соғыстар басталды. Қанды төгісті тоқтату үшін Новгород қаласының тұрғындары варягтардың князін өздерінің билеушісі болуға шақырды.

 862 жылы Ладоганың арғы жағында өмір сүрген князь Рюрик Ресейді басқарып, ресейлік патша әулетінің негізін қалаушысы болды.

 Рюрик қайтыс болғаннан кейін, Руриктің туысы, князь Олег Новгородта билікті басып алды.

 882 жылы ол Киевке қарсы шабуыл жасап, оны басқарып отырған Аскольд пен Дирді өлтірді. Сөйтіп, князь Олег бірыңғай мемлекет ретінде солтүстік және оңтүстік ресейлік жерлерді біріктірді.

  Елорда Киев қаласы болғандықтан, бұл мемлекет Киев Русь деп аталды. Олег 882-912 жылдары билік құрды.

  Осылайша, IX ғасырдың аяғында шығыс славяндар Киев қаласы орталығы болып қалыптасқан ерте-феодалдық мемлекетті - Киев Русьті құрды. Кейінірек Киев қаласы «орыс қалаларының анасы» деп аталып кетті.

 

 Хронологиялық анықтама: Киев Русьден Ресей Федерациясына дейін.

 

  • Ежелгі славяндар, IX ғасырға дейін – рустар.
  • Киев Русі - 862-1242 жж.

3. XII-XVI ғғ. Орыс княздіктер:

    • Новгород республикасы: 1136 – 1478 жж.
    • Владимир княздігі: 1157 – 1363 жж.
    • Литва, Ресей және Жемойт княздіктері: 1236 – 1569 жж.
  • Москова княздігі: 1263 – 1547 жж.
  • Ресей патшалығы: 1547 – 1721 жж.
  • Ресей империясы: 1721 – 1917 жж.
    • Ресей республикасы: 1917 ж.
    • Кеңестік Ресей: 1917 – 1922 жж.
  • Кеңес Одағы: 1922 – 1991 жж.
  • Ресей Федерациясы: 1991 жылдан бастап.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
Пікір жазу