Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 4.2

 

 I бөлім: Рим империясының құлауы

 Сабақ тақырыбы: Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті?

 Оқыту мақсаты:

 6.3.2.4 - Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау

 Тарихы концепт: интерпретация

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

  • Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды.

2. Сабақтың тақырыбын айқындау үшін оқушыларға Ольганың Константинополь қаласына сапарының бейнелейтін суреттерді көрсетіп, келесі сұрақтарға жауап берулерін сұраңыз: Бұл суреттерде не салынған деп ойлайсығдар? Қандай оқиға бейнеленген? Бұл қай мемлекет? Оның билеушісі кім? Византия императордың алдына басын иіп, тағзым етіп тұрған беделді әйел кім деп ойлайсыңдар?, т.б. Оқушылардың жорамалдарын тыңдаңыз, содан кейін сабақ тақырыбын айтыңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен таныстырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдаланып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу жұмысының бағыттарын анықтайды. Олар мынадай болу мүмкін:

  •  Княгиня Ольганың шоқыну себептері мен салдарын анықтау.
  •  Византияның Киев Русімен қарым-қатынасын сипаттау.
  •  Византияның Түрік қағанаты мен Киев Русімен жүргізген дипломатиялық саясатын салыстыру.
  •  Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 

  • Тарихи оқиғамен танысу үшін оқушыларға княгиня Ольганың шоқыну рәсімі туралы бейнефильмді көрсетіңіз және сұраққа жауап беруін сұраңыз: «Киев Русінің тарихындағы княгиня Ольганың рөлі қандай болды?»

Оқушылардың жауабы:

Княгиня Ольга православиелік христиандықты қабылдаған болашақ Ресей мемлекетінің басшыларының ішінде бірінші болды. Осы өзінің тарихи маңызды ісімен ол тарихта танымал тұлға болып қалды және кейінірек Ресей православие шіркеуінің қасиетті тұлғаларының бірі болып танылды.

 Дескрипторлар:

 - оқушылар Христиан дінінің Ресейдегі таралуында княгиня Ольганың рөлін сипаттайды;

 - оқушылар тарихтағы тұлғаның рөлін бағалайды.

4. Бұдан кейін оқушылардан тарихи дереккөзмен танысуды ұсыныңыз - «Бұрынғы жылдар туралы хикаялар» атты жазбаның фрагментерін таратыңыз. Мұнда княгиня Ольганың шоқыну рәсімі суреттелген.

Оқушылардың үш тобына талқылауға келесі сұрақтардың бірін ұсыныныз:

1-топ. Құжаттың мәтіні сүйініп, княгиня Ольганы Византия императоры Константин Багрянородный өзіне тең билеуші ретінде қабылдағанын дәлелдеңіз.

2-топ. Константинопольға жасаған сапары кезінде княгиня Ольга өзінің қандай жеке тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерімен танылды?

3-топ. Қалай ойлайсыздар, княгиняные бұл сапар Ежелгі Ресей мемлекетінің беделіне әсер етті ме?

Оқушылардың жауаптары:

Византия императоры княгиня Ольганы үлкен құрметпен қабылдады, өйткені сол кезде екі мемлекеттер арасында бейбіт қарым-қатынастар орнатылды.

Княгиня Ольга мемлекет қайраткер ретінде батылдық, табандылық, дипломатиялық және бейбітсүйгіштік қасиеттерін көрсетті. Өзінің сапары барысында ол екі ел арасындағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға, императордың халықаралық қатынастарда қолдауына ие болуға тырысты.

Княгиня Ольга Киев Русьтің халықаралық беделінің өсуіне ықпал етті, ол империямен тең дәрежеде қарым-қатынас орната алды.

Қарастырылып отырған тарихи фактіні дереккөзді пайдалана талдап, оқушылар княгиня Ольга Ресейдің саяси және діни жағынан қалыптасуында үлкен рөл атқарды, ол әйгілі әйел және мықты билеуші болған, елде және одан тыс жерлерде үлкен беделге ие болғаны туралы қорытынды жасайды.

5. Келесі жұмыс түрі: «Не себепті княгиня Ольга христиан дінін қабылдады?» - деген сұрақ бойынша пікірталас ұйымдастырыңыз.

 Оқушылар пікірталас нәтижесінде келесі қорытындыға келулері керек: княгиня Ольганың христиан дінін қабылдауы Киев Русьтегі басты мәселені шешуге ықпалын тигізді, атап айтсақ, феодалдық бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған мемлекеттің қалыптасуына септігін тигізді.

 Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, оларды княгиня сыртқы саясатында және жаңа дінді қабылдаудағы оның батылдығы ұзақ мерзімді маңызды салдарға әкелгені туралы қорытындыға жеткізініз.

 

6. Сабақ тақырыбының оқыту мақсаттына сәйкес, оқушылардың Византияның дипломатия саясатын жақсы түсіну үшін, оларды топта жұмыс істеуге жұмылдырыңыз. Оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, Византия мен Киев Русі арасындағы қарым-қатынастары туралы постерлер жасайды.

 Әрбір топ өз сұрағын алады:

1- топ. Неліктен Киев Русі христиандықты Византиядан қабылдады?

 2-топ. Бірлескен әскери науқандарға қандай факторлар ықпал етті?

 3-топ. Неліктен Ресей князьдігі Византиямен сауда жасауға мүдделі болды?

 Оқушылармен бірге постерлерді бағалау критерийлерін анықтап алыңыз. Бағалау критерийлері мен дескрипторлардың мысалдары:

 - оқушылар өздерінің топтарының сұрақтарына толық жауап берді,

 - оқушылар өздерінің топтарының сұрағына тиімді және түсінікті визуалды түрде жауап берді,

 - оқушылар бірлесіп жұмыс істеді, топтың барлық мүшелері жұмысқа белсенді қатысты.

 Жұмыстары аяқталғаннан кейін топ мүшелері Византия мен Киев Русінің дипломатиясының негізгі ерекшеліктерін бейнелейтін постерлерді көрсіп, түсіндіреді. Қалған топтар бір-бірінің жұмыстарын дескриптор бойынша өзара бағалау жүргізеді.

 

 7. Сабақтың рефлексиясы «Плюмин» стратегиясын пайдаланып өткізуге болады. Оқушылар оқыған тақырып бойынша немесе сабақта жұмыс істеулері туралы келесі сөздер арқылы бағалайды:

 «Плюс» - маған ұнады, «Минус» - маған ұнамады, «Қызықты» - бұл қызықтырды, таңқалдырды, көп нәрсені білгім келді деп, алған мәлімен бойынша мысалдар келтіреді.

 Оқушылардың пікірлерін талқылаңыз, қажет болса сұрақтарға жауап беріңіз немесе қосымша жеке тапсырмалар ұсыныңыз.

 

 8. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға осы тақырып бойынша қосымша оқу үшін әдебиеттер тізімін ұсыныңыз:

1) Алексей Карпов. «Княгиня Ольга» («ЖЗЛ» сериясы) - М .: Молодая гвардия, 2009.

2) Светлана Кайдаш - Лакшина. «Княгиня Ольга» романы

3) Николай Гумилев «Ольга» (өлең).

Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалы.Мәтін: «Киев Русі тарихынан»

 Киев қаласы Днепрдің жағалауында орналасқан. Бұл аймақта алғашқы адамдар палеолит дәуірінде пайда болды. Қаланың кегізін қалағандар: VI-VII ғғ. Өмір сүрген, поляндар тайпасынан шыққан Кие, Щек және Хорив ағайындылар және олардың әпкесі Лыбедь болатын. Қала туралы алғашқы ақпатар 862-ге жылға жатады.

 882 жылы Киев Русьтің астанасы және князьдердің резиденциясы болды.

 1037 жылы Ярослав Мудрыйдың бұйрығымен София соборы тұрғызылды.

 1057 жылы Ресейдегі алғашқы монастырлардың бірі - Киев-Печора Лаврасы (үлкен монастырь) салынды.

 Жазушысы Нестор осы монастырда «Бұрынғы жылдар туралы хикаялар» еңбегін жазды. 1240 жылы оңы моңғолдар қиратып тастады.

 1654 жылы Богдан Хмельницкийдің басшылығымен азаттық күрес нәтижесінде Киев Ресейдің құрамына кірді.

 1917-1918 жж. Киев Орталық Раданың және Украина халық республикасының астанасы болды.

 1934-1991 жж. – КСРО құрамындағы Украина КСРның астанасы болды.

1941-1943 жж. Германия Киевты басып алды, қиратты.

 Қазіргі уақытта Киев - Украинаның астанасы.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу