Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4B-бөлімі: Рим дәуірлер тоғысында

Мектеп: НЗМ, ФМБ, Орал қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иргалиев С.С.

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны: -

Сабақтақырыбы

Ұлы Константин кезінде Рим империясы қалай өзгерді

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру

5.2.1.1 негізгі діни ұғымдарды (Құдай, ғибадатхана, қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру

5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Император Константин кезінде ежелгі римдегі әлеуметтік құрылымына, және жалпы қоғамдағы өзгерістерді анықтау

Ұлы Константин император христиан дінін қабылдаған кезде христиандардың жағдайы қалай өзгергенның анықтау

Христиан діні Рим империясын қалай өзгерткенның білу

 Бағалау критерийлері

Рим империясының ішкі әлеуметтік- саяси процестерді анықтау, және оған әсерін тийгизген сыртқы саяси жагдайын білу (әсіресе Рим империясы шекарасының өзгеру, варвар тайпаларының шапқыншылығы)

«Құдай, ғибадатхана, қасиетті кітап, пұт (идол)» ұғымдарының мағынасын түсіну

Христиандықтың дін ретінде таралуын, оның Рим империясы аумағында басымдық танытқан дін ретінде ықпалының өсуіне төнген қатерлерді қарастырады.

 Концепт

Өзгеріс пен сабақтастық

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Дерек көздерді талдап, бағалау үшін, тарихи пайымдауды, себеп пен салдарды, өзгеріс пен сабақтастықты зерттеуде тарихи терминдерді дұрыс пайдаланаалады Қуғынға ұшырату, Монотеизм/Политеизм,

Көп құдайлық, отқа/пұтқа табыну, Діннен безу, Апостолдар, Өсиеттер

Библия

Ұлы Константин кезінде христиандардың жағдайлары өзгерді, өйткені … .

Ұлы Константиннің христиан дінін қабылдау себебптері қандай болды … .

Христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдау Рим империясын өзгертті, өйткені … .

Константин императордың кезінде Рим империясы өзгерді, себебі … .

 Құндылықтарды

 дамыту

 

Дүние жүзі тарихын ардақтау, патриотизм, рухани тәрбиелеу, отансүйгіш, намысшыл сезімін тәрбиелеу, шыңдыққа ұмтылу талапты қалыптастыру. Спартак көтерілісінің себептері мен зардаптарын аша отырып, оқушылапды жалпы адамзаттық құндылықтардың \бейбітшілік, ынтымақтастық, өзара келісім, т.б.\ мәні мен мазмұнын түсінуге бағыттау.

 Пәнаралық байбайланыстар

География пәні: 7 сынып, Еуразия материгі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта зерттеулер барысында материалды визуализация үшін пайдалану.

Бастапқы білім

Алғашқы христиандар Рим империясына неліктен қауіп төндірді

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

15 мин

15 мин

5 мин

Миға шабуыл. Рим императорлар тарихында немен атақты болды!!! (соғыспен, бейбитшілікпен, оратор, атақты ғалым философ, әлсіздерды қорғады)

Оқушыларға бір жағында Ұлы Константин заманындағы Рим империясының картасы, екінші жағында Константиннің өзі бейнеленген пазлдарды жинау ұсынылады. Бұл суреттерде ортақ не бар леген сұраққа жауап беруі тиіс.

Әр топқа А4 форматты параққа салынған рим театрының стилінде Константин бетпердесін жасау үшін Константиннің бет бейнесінің суретін және бір таяқша (немесе орама қағаз беріңіз).

немесе

Бетперде ойынына арналған жабдық

Мүсіннен немесе басқа да дереккөздерден оқушыларға арналған Константин бетінің суретін интернеттен алуға болады.

Рим стиліндегі бетпердені бір қолда ұстау үшін оны бекітетін таяқша немесе қағаздан шиыршықтап жасалған ұстағыш

Оқушылар бетперде жасауды бастамас бұрын олар бетперденің екінші жағында Ұлы Константиннің өмірінің негізгі ерекшеліктері мен жетістіктерін қысқаша мазмұндап жазуы тиіс. Бұл үшін оларға Ұлы Константиннің өмірі мен жетістіктері туралы ақпаратты қамтитын мәтінді ұсыныңыз. олардың бетпердені таяқшаға немесе ұстағышқа бекіту үшін жеткілікті орын қалдырғанына көз жеткізіңіз.

Карталарды салыстырыңыз. Екі айырмашылығын анықтаңыз. Мемлекет шекарасының өзгеру себептерін болжаңыз. Карталарды тарату (қосымша материал)

Тапсырманы бағалау критерийлері:

  • Оқушылар мемлекет шекарасының өзгеруіне кемінде 2 себеп келтіреді.

Оқушылар христиан діні Рим империясын қалай өзгертті деген басты сұраққа жауап беру үшін жұптарда жұмыс істейді.

1-топ – көпқұдайшылдарға деген қарым-қатынас қалай өзгерді?

2-топ – шіркеудің жағдайы қалай өзгерді?

3-топ – Константин ( немесе діннен безген Юлиан) басқарғаннан кейін христан дінінің жағдайы қалай өзгерді?

Сыныпқа топ ішіндегі жұмыстың қорытындысын талқылап, «Неліктен Константиннің есімі оның өлімінен кейін ұзақ уақыт есте сақталды? Христиан діні Рим империясын қалай өзгертті?» деген сұрақтарға жауап беруін сұраңыз.

Сабақ соңында оқушылар Ұлы Константин басқарған уақыттағы. Рим империясындағы өзгерістерді анықтайды (Мұғалімнің қалауы бойынша жазбаша, ауызша, дәптерге синквейн тапсырмасын орындатуға болады)

Дескриптор

Рим империясының қоныс аудару және жаңа астанасың құрылуын 3 күшті жағын анықтайды

Константин императордың кезінде рим қоғамындағы өзгерістерге кемінде 3 аргумент келтіру

Рефлексия.

Мұғалім келесі сұрақтарға жауап сұрайды:

Сабақтың мақсаты қандай?

Біз сабақ мақсатына қалай жеттік?

Оқу мақсаты қандай?

Оқу мақсатына жетуге қандай іс-әрекет жасадық?

Ұсынылған бейнематериалдарды қарап шығу.

Маған ұнады

Мен үшін жаңалық

Маған қиын болды

Ұлы Константин

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BE%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D1%82%D0%B8%D0%BD_I_%D0%92%D0%B5%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B8%D0%B9

Константин тұсындағы Империяның картасы

http://www.novgorod.ru/read/information/history/clauses/venedy_spory/venedy_spory_4/

Христиан кресі http://petr-pavel.kz/novosti/vozdvizhenie-chestnogo-i-zhivotvoryashhego-kresta-gospodnya

Бейнесюжет: https://www.youtube.com/watch?v=57FfcTgVKHc

Рим империясының Online энциклопедиясы («Жаңа Рим» тарауын қараңыз)

Фильмдер дереккөзі

Ежелгі дүние тарихы бойынша оқулықта «фильмдердегі ежелгі дүние тарихы» деген тарау барhttp://www.fordham.edu/Halsall/ancient/asbookmovies.asp

kk.wikipedia.org/wiki/Рим_құқығ

Христостың/алғашқы христиандардың өміріhttp://www.fordham.edu/Halsall/ancient/asbookmovies.asp#EarlyChristian

http://history-klio.ru/maps/rome.html#prettyPhoto_PhotoGallery1[PhotoGallery1]/10/

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудең кейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

ДенсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуыСабақ бойы интербелсенді тақта 10 минут көлемінде пайдаланылды. АКТ тек бейнебаян, презентация

Саралап оқытуды әр түрлі тапсырмалар арқылы еңгізу. Қабілеті жоғары оқушыларға бағалау критерийлерді құрастыру тапсырмасын беру.

Формативті бағалау тапсырмалар арқылы беріледі.

Сабақбойыншарефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты дұрыс қойылды. Оқушылар барлық мақсатқа жетті. Картамен жұмыс жақсы өтті. Берілген кезеңге шолу жақсы жасалды. Оқушылар тақырыпты түсініп қортында жасады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:CLIL бойынша тапсырмалар: скафолдинг, бейнебаян көру.

2: Зерттеу жұмысы топта жақсы жүргізілді.

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: CLIL әдістерін көбірек қолдану.

2: Ресурстардың әр-түрлілігі.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кейбір орыс тілдес сыныбының оқушыларына тапсырмаларды дайындау уақытында қосымша уақыт керек. Соны келесі сабақ жоспарлағанда ескертемін.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу