Қазіргі әлемді жасаған ежелгі адамдар ма. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Тапсырма. «Ежелгі дүние мәдениеті» мәтінін оқыңыз. Ежелгі адамдар мәдениетіндегі жетістіктердің кемінде 3-ін анықтаңыз.

 Ежелгі дүние өркениетінің ошақтары Месопотамияда, Ніл, Инд және Хуанхэ аңғарларында, Жерорта теңізі мен Қара теңіз бассейндерінде және басқа жерлерде пайда бола бастады.

 Халықтар арасындағы байланыс түрлі идеялар мен техникалық жетістіктерге алып келді. Әр этнос бұл алыс-берістерді игеріп, өз өмір салты мен танымдарына сәйкес бейімдеді. Осылайша, іс-әрекеттің барлық халықтарға тән негізгі түрлері түрленіп, икемделіп, дүниетанымның жаңа формаларын туғызды.

 Ежелгі өркениеттер арасында тығыз байланыстар орын алды, ол жазбаның таралуы, әдебиет пен өнер саласындағы өзара байытуда көрініс тапты. Барша адамзат өркениетінің алдағы дамуына ықпал еткен елеулі жетістіктер көнеліктің мұрасы ретінде қалды. Дәл осы кезде адам өсімдік өсіру мен жануарларды асырау мүмкіндігін ашып, аңшылық пен теруге мәжбүрліктен алғаш айыға бастады.

 Отырықшылық салт ауылдар мен қалалардың пайда болуына себепші болды. Қала орталықтарында өңделген ағаш, кірпіш пен тегістелген тастардан жасалған құрылыстар соғыла бастады. Ежелгі дүниеде өнер мен сәулет ескерткіштерінің құндылығын ерекшелеу үшін қалаларды белгілі жоспарлар бойынша салатын болған.

 Ежелгі дүние халықтары күмбез, мұнара, колонналарды (бағаналар) ойлап тапты. Дөңгелек, қыштау, металлургияны да ойлап тапты. Солардың тапқырлығының арқасында жазу үшін папирус шиыршықтары, саз тақтайша мен жарғақ қолданыла бастады. Ежелгі өркениеттер ойлап тапқан жазу болашақ үшін адамдардың ойлары мен жаңа табыстарын сақтауға, тарихи оқиғаларды сипаттауға мүмкіндік берді.

 Ежелгі дүние халықтары театрды (комедиялар, трагедиялар, музыкалық қойылымдар), поэзиядағы жаңа бағыттарды (лирика, элегия, эпопея) және алғашқы философиялық трактаттарды ойлап тапты. Ежелгі елдерде цифр, есеп, өлшеу мен таразылау жүйелері ашылды.

 Білімге құштарлық ғылымның: астрономия, медицина, математика, геометрия, тарих, география – құрылуына алып келді. Ежелгі дүние мемлекетті ұйымның алғашқы формаларын: монархия, арнайы қызметкерлері бар әкімшілік, адамдар мен үкімет арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құқықты – туғызды. Ежелгі дүние демократияны да туғызды. Экономикадағы ұлы ашылу – тиын пайда болды. Ежелде басқарудың түрлі формаларының сұлбалары құрылды: аристократия (ең жақсылардың билігі), демократия (халықтың билігі), тирания (озбырлықтың билігі), монархия (бір адамның билігі). Демократия шешендік өнер, саясат пен құқықтануға дем берді.

 Ежелгі өркениет кеңістігінде діннің екі негізгі формасы қалыптасты: политеизм (мысырлықтар, Қосөзен халықтары, ежелгі гректер, римдіктер т.б.) және монотеизм (зороастризм, вайшнавизм, иудаизм, буддизм, ежелгі геттер діні, христиандық).

 Діни сенім адамдардың алғашқы әдеби мәтіндерді жазуға шабыттандырды. Ежелгі дүниеде қазіргі заманда алдыңғы қатардағы діндердің бірі – христиандық пайда болды.

 Ежелгі өркениеттің көптеген құндылықтары қазіргі ғылым, мәдениет пен экономиканың негізі болып табылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу