Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


 Біздің дәуірімізге дейін екінші ғасырда Рим империясының гүлдену кезеңі басталған. Рим шекараларында тыныштық орнап , қанды шайқастар аяқталды.Римнін өзінде бейбітшілік орнап сенат пен императорлар арасында ауыз біршілік орын алды . Кедейлер мен құлдардың жағдайлары біршама жақсарды.

 Ежелгі Римнің маңызды жетістіктері оның өркениеті мен материалды мәдениетіне байланысты еді. Әлем мойындаған жетістіктері арасында әйгілі Рим құқығы, тамаша жолдар, керемет ғимараттар, ғаламат акведуктар және тағы басқалар. Маңызды жетістігінің бірі болып мемлекетілік формаларының оның ішінде Римнің республика және империя болып дамуына қосқан үлесі болып табылады.

 Империя дәуірінде ғылым сәтті дамып келген. Птолемей аспандағы планеталардың орналасуын анықтауға мүмкіндік беретін әлемге әйгілі геоцентрикалық әлем жүйесін құрды. Оның «Альмагест» еңбегі Антикалық дәуірдің астрономиялық білім энциклопедиясы болып саналған. Оның сондай ақ оптика, математика, география жұмыстары да бар.

 Гален дәрігері антикалық медицина білімдерін қорытындылап жүйелеп келешекте жаратылыстану ғылымы ретінде дамуына үлесін қосқан біріңғай ғылым ретінде ұсынды. «Адам денесінің мүшелері» атты фундаменталды еңбегінде ол алғаш рет адам ағзасының біріңғай анатомо –физиологиялық сипаттамасын жасады. Гален жанаурларға тәжірибе жасап қимыл рефлекстері мен қан айналымы үшін жүйке жүйесінің ролін айқындауға жақындаған.

 Гуманитарлық ғылымдар ішінде ерекше назарды қажет ететін Тита Ливия және Тацита тарихшылырының еңбектері . Біріншісі ғаламат (142 томдық), « Қаланың қалыптасқан күнінен бастап» еңбегінің авторы бұл кітабында Тибр маңында орналасқан кішігірім қалашықтың әлемдік державаға айналу тарихын баяндаған. Тацит өзінің— «Анналах» және «Тарих» (14 томдық) еңбектерінде Рим және Римдік империяның тарихын жазып ежелгі германдықтар жайлы құнды мәліметтер қалдырған.

 Өнер арасында маңызды орынды иеленген архитектура еді.

 Римдік архитекторлар жаңа құрылыс принциптерін енгізе бастады атап айтқанда аркалар мен күмбездер қолданылды , коллонналармен бағаналар тұрғызылды. Біздің дәуірімізге дейін II-I ғғ. құрылыста бетон кеңінен колданысқа түсті . Жаңа ғимараттар түрлері салынып сауда мәмілелері мен сот орындары- базиликалар , гладиатр шайқастары өтетін -амфитеатрлар монша ғимараттарының кешені-термалар пайда болды. Сәтті әскери жорықтар мен оларды бастаған қолбасшылардың құрметіне арналып салынған жаңа монументалды құрылыс триумфалды арка пайда болды. Әйгілі бола бастаған қолбасшыларды императорлар деп атай бастады.

 Римдік құрылыстың кең таралған түрі- форум еді . Олардың ішінде ең ғаламаты триумфалды аркасы мен базиликасы бар колонналармен қоршалған бірнеше құрылыстар түратын Траян форумы болған.

 Тұрғызылған ескерткіштер арасында ерекше назарға ие болатын 50 мың көрермен сыйғыза алатын , гладиатр шайқастары мен басқа да көрсетілімдерге арналған әйгілі Колизей және Флавий амфитеатры де бар.

 Империяның күнделікті өміріне өз алдына мәдени және демалыс орталықтары бола алатын қоғамдық моншалар-термалар ене бастады. Олардың ішінде ең кереметі Каракалл термалары еді.

 Біздің дәуірімізге дейін I. ғ в Рим империясында рим қоғамының рухани ыдырауына қарсы келетін христиандылық пайда болды. Бұл ілім негізіне өз өлімі арқылы адамдарың күнәсі үшін кешірімге ие болған бүкіл әлемді құтқаратын адам кейіпіндегі Иисус Христосқа сенім кірген еді.

  Рим империясында христиандылық ізбасарлары ұзақ уақыт бойына қудаланған еді. Мұндай қарым қатынастың себебі христиан діні бойынша императорларға құрмет көрсетуге рұқсат етілмеген. Бірнеше құдайларға табынатын Император кеңселері бір ғана құдайға табынған христиандарды қуғынға ұшыратқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Траян форумы

 

 

 

 Колизей, немесе Флавий амфитеатры

 

 

 

 Термалар – римдік моншалар

 

 

 

 

 

 

 Христиандар діни дәстүрлерін өткізу үшін жер асты катакомбаларға тығылуға мәжбүр болған

 .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Христиандар шіркеуі. Рим. Титтің триумфалды аркасы Тит Базиликасы

 

 

 

 Гладиаторлар шайқасы.

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу