Ежелгі Рим қоғамы Рим мәдениетінде қалай көрініс тапқан? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша

Әлеуметтік топтар мен сословиелер.

Тапсырма. Патрицийлер мен плебейлердің арасындағы күрестің себебін анықтаңыздар.

  

 Патрицийлер мен плебейлердің арасындағы күрес ұзақ әрі қиын болды. Патрицийлер оларды ортақ жерді пайдалану мен Рим республикасының басқаруына жақындатқысы келмеді. Плебейлер әскерге баруға қарсы болып, Римнен мүлдем кетеміз және өз мемлекетімізді құрамыз деп қорқытты. Патрицийлер әскердің әлсіреуінен сескеніп, плебейлердің айтқандарына көнді.

 Б.з.б. Ү ғасырда плебейлер жыл сайын өздерінің қорғаушылары – халық трибундарын сайлау құқығына ие болды. Трибун консулдар мен сенаттардың плебейлерге қатысты шешімдеріне тыйым сала алды. Ол үшін оған жай ғана «вето» (латынша «тыйым саламын»)деп айту жеткілікті болды. Трибунның үйі күндіз де- түнде де ашық болды, кез келген плебей кез келген уақытта одан көмек ала алды. Трибунды өлтіру ең ауыр жазалардың бірі ретінде саналды.

 Халық трибундары плебейлердің көсемдері болды. Плебейлердің қолдауы арқасында трибундар олардың пайдасына жарайтын заңдар ұсынды. Плебейлер консулдық және басқа да қызметтерді алу, қауымдық даладан жер алу құқығына ие болды. Олардың қарыздары үшін құл ретінде пайдалануға тыйым салынды. Плебейлер мен патрицийлер арасындағы күрес 200 жылға созылып, плебейлердің пайдасына шешілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу