Ежелгі Грекия өнерінде мифтер қандай көрініс тапқан. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал 2.


Ежелгі грек өнері.

Грек мүсіндер.

Зевстің алтың мүсіні.

Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.

Мүсін пір тұтқан әміршіні дәріптеу үшін емес, еркін адам құдіретін мадақтау үшін жасалған. Курос бейнесі бүкіл архаикалық өнерге арқау болып тартылған. Қала тапсырмасы бойынша жасалған мүсін шебердің тек өз басының мұратын ғана емес, қатал да арпалысқа толы өмір жағдайында барлық азаматтарға тән ер жүрек, қайратты адам сұлулығы туралы ұғымын білдіретін. Жалаңаш адамдарды бейнелеу арқылы шеберлер адам пішінінің пропорциясы жайлы білімін жетілдіріп, дененің бұлшық еттерін зерттеді, қажетті тәсіл-дағдыларды игерді. Б. э. бұрынғы VI ғасырда эллиндік полистерде монументтік пластика кең тарады. Құдайлар мен мифологиялық қаһармандардың қыруар мүсіні қалалар алаңдарында, храмдар мен ғибадатханаларда орнатылды. Жалпыгректік жарыстарда озып шыққан атақты атлеттердің жеңістері мүсінмен атап өтілді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу