Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В бөлімі – Ежелгі Грекия

Мектеп: НЗМ ХББ Алматы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырып:

 Афинадағы адамдар қаншалықты еркін болды

Оқу мақсаттары

5.3.1.2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

Тарихи концепт (фокус):

Дәлел

Бағалау критерийлері:

Оқушылар демократияның отаны Афина екенін, сондай-ақ Ежелгі Грекияның қала-мемлекеттерінде мәдениет пен экономика дамығанын біледі.

 Сабақ мақсаты

Афинадағы демократияның пайда болуын саралай отырып, демократияның маңыздылығына көз жеткізу.

 Тілдік мақсаттар

Өзге де тілдік мақсаттарды құрастыру, сондай-ақ ғылыми тілді үйретуде және оқытуда қолданылатын оқытудың тілдік мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулықтарды білу үшін «Тілдік мақсаттар туралы» мәтінін қараңыз

Құндылықтарды дарыту

еркіндік, теңдік, патриотизм, гуманнизм.

Пәнаралық байланыстар

география

Бастапқы білім

Ежелгі Грецияны алдағы 1 С бөлімде қарастырылатын археологиялық жәдігерлердің маңыздылығы арқылы өткенді қалпына келтіре отырып, түсінуге негізделген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Топқа бөлу

Суреттерден пазл құраңыздар

Тарих» пәні жөнінде ойыңызды айтыңыз

не ұнайды

не ұнамайды

(Г) сөз еркіндігін пайдалану мүмкіндігінен қандай сезімде болдыңыздар?

Ойын еркін айту мүмкіндігі қайсы ежелгі мемлекетте болды, азаматтардың осындай құқықтары болғаны маңызды ма?

Презентация

Сабақтың ортасы

20 минут

(Б) Ресурстар тізімінен Ежелгі Грекияның қала-мемлекеттері бейнеленген картаны көрсетіңіз. Әр қала-мемлекеттің басқару формасы әр түрлі екендігін, тілі, мәдениеті, діні бір болса да, бұл қалалар жер үшін, ықпал ету аймағы үшін жиі соғысатын бәсекелестер болғанын түсіндіріңіз. Картадан жекелеген қалалардың орналасқан жерін бөліп көрсетіңіз, олардың сипаттамасы берілген мәтіндердерді оқуын сұраңыз. Афина туралы оқып, афиналық демократия туралы қысқаша деректер беріңіз.

Оқушыларға Мысыр (монархия) мен Афины (демократия) қоғамдарының саяси және әлеуметтік құрылымының сызба-кестесін ұсынып, олардың айырмашылығын табуды сұраңыз (төмендегі критерийлер бойынша):

1.Биліктің қалыптасу әдісі

2.Биліктің басқа билеушіге өту әдісі (сайлау және мұрагерлікпен)

3. Сайлау құқығының болуы және ауқымы

Дескрипторлары: : 1.Мысыр мен Афин қоғамдарын салыстыра отырып, саяси билік құрылымының ерекшеліктерін анықтай алады. 2. Демократиялық жүйенің артықшылығы мен кемшілігін саралай біледі.

Мәтінді оқыңыз

1-і топ 2 топқа

2-і топ 3 топқа

3-і топ 1 топқа түсіндіреді

Оқушыларға мәтінде сүйеніп дайындалған сұрақтары бар кестені береміз. Сұрақтарға жауап беріп, екі қоғамда қандай ұқсастық пен айырмашылық бар екенін сұрап білеміз.

Карточки с текстом

Карта, презентация

Сабақтың соңы

Рефлексия

15мин

(К) Оқушылардың «демократия» ұғымының мәнін түсінетіндігіне көз жеткізіңіз. Оларға қазіргі Қазақстандағы демократия жайлы ықшамдалған мәтін беріп, афиналық басқару жүйесінің қазіргі Қазақстанның басқару жүйесінен айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырып, ұқсастықтарды бір түспен, айырмашылығын басқа түспен бояуды сұраңыз. Дескрипторы:

Оқушы Афин басқару жүйесі мен қазіргі Қазақстан басқару жүйесінің 2 айырмашылығын анықтай біледі

Оқушылардан демократияның маңыздылығы жайлы қорытынды жасауды сұраңыз

Афин азаматы атынан эссе жазу: «Мен осындай заң қабылдауды ұсынамын….» (50 сөз)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қадағалау

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу