Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.
Конфуции туралы мәлімет:
Конфуций ежелгі Қытайдың ұлы ұстазы, философ болған. Ол шамамен б.з.д 551 жылдан б.з.д 479 жылға дейін өмір сүрді. Оның суреті көркемөнер елестетуі бойынша ол қайтыс болған соң салынған, себебі император Ашоктың портреті сияқты, оның да ең алғашқы түпдеректі суретінен ештеңе сақталмаған.
Конфуций Қытайдың жауласушы мемлекет болған уақытынды өмір сүрген.
Оның өзі айтқан және жинаған ертегілері, поэмалары және мақалдары ол қайтыс болған соң да Қытай елі үшін үлкен әсер қалдырған. Конфуцийдың көптеген ойлары мен идеялары мақал-мәтелдерге айналды. Конфуции қайтыс болғаннан кейі оның ізбасарлары барлық Қытай елі төңірегінде мемлекетің кеңесшісі және сот шенеуніктері ретінде атақты болған.
1. Тапсырма
Конфуцидың ілімі туралы қысқаша мазмұндама:
- Әрбір адам қоғамда қатаң анықталған мәртебені білуі керек, нақты анықталған әлеуметтік рөлде ойнауы керек (әмірші, билеушінің өкілі, шенеунік, мұғалім, шаруа)
- Егер әрбір адам өзіне тиістіні істесе және қоғамда өзінің орнын білсе ол төзімді және үйлесімді болады.
- Конфуцийшілдікте бес негізгі адами өзара қарым-қатынастар бар деп есептелген: басқарушы және оның қол астындағылар; әкесі мен баласы; әйелі мен жолдасы; достар арасындағы үлкен және кіші қатынастар және т.б
Сұрақтарға жауап беріңіз
- Осы пікір алмасуларда қандай конфуцийшілдік идеялар қалыптасқан?
- Осы оқытуға сүйене отырып қоғамдағы өзгеріс не нарсеге байланысты?
- Осы оқытуға сәйкес отбасы мен мемлекет және қоғам арасында қандай қарым-қатынастар болуы керек?
-Мемлекет осы оқытуға сәйкес басқарыла алады ма?
Тапсырмаға арналған дескрипторлар:
Кем дегенде 3 сұраққа жауап береді. |
Мемлекеттегі отбасының және адамның рөлі туралы қысқаша түсініктеме береді |
Қоғамдағы үйлесімділіктің немен байланысты екендігін айтады |
Конфуцийшілдіктің негізгі идеяларын атайды |
Мемлекетті басқарудың әдістерін атайды |
2. Тапсырма
Лао-Цзыдың оқытуы:
Данышпандық- басқа адамдарды түсіну ал білімпаздық дегеніміз ол адамның өзін-өзі түсінуі
Өзгелердің алдында жеңісті ұстай білу ол батырлық , ал өзін жеңе білген адам- құдіретті.
Егер сен үйлесімді болсаң онда сен бай адамсың Басқа адамдарға әсер ету ол өзінің ғана қамын ойлайтындықты білдіреді.
Өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу ол өте маңызды. Күшті басқа біреулерді бақылау үшін қолдану арқылы баю ол дұрыс емес.
Сұрақтарға жауап беру
Лао – Цзы –дың пікірі бойынша құдірет, байлық, билік дегенміз дегеніміз не?
Тапсырмаға арналған дескриптор
Оқытуға сәйкес құдіреттілік деген ұғымға түсінік береді. |
Оқытуға сәйкес байлық деген ұғымға түсінік береді |
Оқытуға сәйкес билік деген ұғымға түсіндірме береді |
Тапсырма 3
Лао-Цзы-дың келесі идеяларымен танысыңыздар
Лао-Цзы дың келесі идеялары
Мен ешқандай әрекет қолданбаймын, сондықтан адамдар түзеледі.
Мен әлемнен рахат аламын және айналамдағы адамдар шыншыл бола бастайды.
Мен ешқандай әрекет істемеймін , ал адамдар бай бола бастайды.
Менде ешқандай ықылас жоқ, ал адамдар мейірімділікке және қарапайым өмірге қайтып келеді
Сұрақтарға жауап беріңіз
- Лао-Цзы –дың оқытуына сәйкес басқарушы қандай болуы керек?
- Егер басқарушы осындай басқару түрімен елді басқарса мемлекет қандай болмақ?
- Конфуцийшілдіктің жақтаушысы ретінде сіз Лао-Цзы-дың айтқан ақыл кеңестерін билеушінің ақыл-кеңестері ретіне қосар ма едіңіз?
Тапсырма 4
Рөлдік ойын арқылы мемлекет пен адамның арасындағы өзара қарым-қатынасын көрсетіңіз.
Конфуцийшілдік (даосизм) философиясы арқылы тәртіп бұзған оқушымен қандай қарым қатынас жасау керектігін кішігірім сахналау арқылы көрсетіңіз.
Ұсынылған жағдайлар
-Оқушы өзінен жас үлкен адамға дөрекілік көрсетті
-Оқушы үй тапсырмасын орындамады
Тапсырмаға дескриптор
Ежелгі Қытай философиясының түсінігін демонстрациялайды |
Конфуцийшілдіктің және даосизмнің негізгі жағдайларын қолданады |
Бағалайды және оқушылардың жауаптарын түсіндіреді |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?