Ашока буддизмді қабылдаса да, неліктен индуизм басым болып қала берді. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Дүниежүзі тарихы

Мектеп:

Сынып: 5

2B бөлімі – Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі

Тақырып: Ашока буддизмді қабылдаса да, неліктен индуизм басым болып қала берді

Оқу мақсаттары

  • қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін Үндістандағы «касталық жүйе» ұғымын қолдану
  • ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

  • касталық жүйенің ерекшеліктерін зерттеу
  • индуизм мен буддизмнің айырмашылығын түсіну

 Бағалау критерийі

  • 4 кастаның ерекшеліктерін анықтайды
  • Касталардың мәртебесін дұрыс белгілейді
  • Индуизм мен буддизмнің белгілерін салыстырады

 Тілдік мақсаттар

Сабақ барысында оқушылардың төмендегі көрсетілген тілдік құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беріледі:

  • Тыңдалым – оқушылардың бір-бірінің жауаптарын тыңдау барысында.
  • Оқылым – тәжірибелік тапсырмалар жасау барысында тарихи деректермен және мәтінмен жұмыс.
  • Жазылым – тәжірибелік тапсырмалар орындау барысында жазбаша жұмыстар жасау.
  • Айтылым - топтарда және жұптарда талдау және мұғалімнің сұрақтарына жауап беру барысында.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мемлекеттің өзгеруі/жетістіктері .......

Мемлекеттің әлеуметтік/экономикалық/саяси/мәдени саласындағы жетістіктер ..........

Ең маңызды өзгерістер/жетістіктер.....

Бұл оқиға/өзгеріс маңызды болды /

айтарлықтай, өйткені….

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Реинкарнациялау, карма, каста, нирвана

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Пәнаралық байланыс

Діңтану

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы

1-3 мин

4-5 мин

Тақырыпқа шығу мақсатында Брахма құдайының бейнесі көрсетіледі

Суретке байланысты үш сұрақ құрастырыңыз

Талқылау, үнді қоғамының құрлымы қандай болғаны туралы қысқаша шолу жасау

Сабақ тақырыбымен мақсаттары анықталады

Презентация

Сабақтың ортасы

6-7 мин

8-18 мин

19-29 мин

30-32 мин

33-41 мин

М Брахманизм, карма, реинкарнациялау, касталық жүйе туралы түсінік беру

Ж Әр жұп үнді қауымы туралы мәтінді (таратпа) алып, касталарды зерттейді. Қалыптастырушы бағалау. Дескрипторлар:

Оқушы:

  • Мәтін бойынша касталардың мәртебесін анықтайды
  • Мәтін бойынша касталардың қай дене бөлігіне жататының анықтайды.
  • Мәтін бойынша касталардың киім түсін анықтайды.

Сипат-сы

Брахмандар

Кшатриилер

Вайшьилер

Шудралар

мәртебе

Дене бөлігі

Киім түсі

Ж Тапсырма 2: мәтіңді оқып, төменде келтірілген касталарды сипаттайтын сын есімдерді сәйкестендіріңіз:

Бағынушы, сауатты, қызмет етуші, ауқатты, билеп төстеуші, құқықсыз, қорғалған, діншіл, бұйрық беруші, кедей. Қалыптастырушы бағалау. Дескрипторлар:

Оқушы:

  • Бағынушы сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Сауатты сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Қызмет етуші сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Ауқатты сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Билеп төстеуші сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Құқықсыз сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Қорғалған сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Діншіл сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Бұйрық беруші сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді
  • Кедей сын есімді кастамен дұрыс сәйкестендіреді

Будданың суреті көрсетіледі

Буддизмнің пайда болуы және Ашока патшаның талпынысы туралы қысқаша шолу жасау

Интерпретация

«Адамды оның туған ортасы емес, тәртібі не төменгі кастаның мүшесіне, немесе брахманға айналдырады» деп Будда айтқан

Саралау:

Жоғары деңгейдегі оқушылар бұл тапсырманы жеке орындап, Будданың бұл пікірі индуизмның қандай басты белгісіне қарама қайшы болып табылады сұрағына талдау қорытынды жасайды

Презентация

Дидактикалық материал 1

Соңы

42-45 мин

Сабақтың аяғындағы кері байланыс:

- не білдің, не үйрендің?

- түсініксіз болған тұстар бар ма?

- тағы не үйренер едің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу