Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, қосымша материал.


 Үндістан – өзінің мыңжылдық тарихында өне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай қақтырар дүниелерді жинай білген ғаламат ел. Себебі, Ежелгі Үндістан адамзат дамуын елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады. Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.

 Үндістан және оның халқына қатысты ең қызықты деректермен таныс болыңыз: Үндістан халқы 17 негізгі тілде сөйлеседі және мұнан бөлек байырғы тұрғындар мен заманауи тұрғындарға таныс 844 диалект бар. Соңғы 10 000 жылда Үндістан ешбір елдің аумағына басып кірмеген. Осындан 5000 жыл бұрын жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі көшпелілікпен айналысып, орманда өмір сүргенде Үндістан тұрғындары Харапптық өркениетті ойлап табады. "Үндістан" атауы Инд аталатын өзенге байланысты берілген. Бұл өзен ең алғашқы қоныстанушыларды бауырына басқан көрінеді. Кейде өзен "Шинду" деп те атала береді. Үндістан шахматтың, алгебраның, геометрияның, көптеген математиканың, гауһар тастардың, сандардың, йоганың отаны саналады. Үндістанда басқа елдерге қарағанда почта жәшіктері әлдеқайда көп екен.

 Үндістандаға ең үлкен жұмыс беруші – Үндістан теміржолдары. Ол жерде шамамен 1 млн.-нан астам адам жұмыс істейді. Әлемдегі ең алғашқы университет б.з.д. 700 жылдары Үндістанда салынған. Онда 10,5 мыңнан астам студенттер келіп, алпыстан көп пәндерді оқыған екен. Ал Наланда аталатын IV ғасырда соғылған тағы бір университет білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Адамзат тарихындағы тұңғыш медицина мектебі – Аюр-веда осыдан 2500 жылы бұрын Үндістанда ашылды. Әлемдегі ең үлкен Бейли көпірі (Гималай) Үндістан аймағында 1982 жылы соғылды. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды. Үндістан адам өлтіру бойынша көшбасшылық танытып отыр. Орта есеп бойынша, соңғы жылдары онда 32 719 адам өлтірілген. Үндістандағы қала көшелерінде сиырлар еркін жүре алады. Олар сиырды сәттілік нышаны ретінде қабылдап, қасиет тұтады.

 Үндістандағы ең дамыған әрі танымал өнер – би. Үндістанға барар алдында сіз бен біздің келісім ретінде жасайтын "бас изеу" ишарамыз оларда керісінше жасалатындығын біліп алған жөн. Біздің "бас шайқауымыз" оларды келісімді білдіреді. Үндістер сөйлескенді бастарын өте көп қимылдатады. Мұны екі тұрғынның бір-біріне қарап отырып айтқан әңгімесінен байқауға болады.

[attachment=46898:osymsha-mlimet.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?