Неліктен Мысырды «Қаражер» деп атаған? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1С бөлімі: Ежелгі Мысыр тарихы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Неліктен Мысырды

«Қаражер» деп атаған?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Зерттеу барысында оқушылартүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып, Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың тұрмыс-тіршілігіне жан-жақты әсер еткендігін дәлелдеуді үйренеді.

 Бағалау

 критерийлері

- Тақырып бойынша бір немесе екі сұрақ құрастырады;

- Мысырлықтардың өмір сүруіне Ніл өзенінің тигізген әсері туралы іздене отырып, таныстырылым әзірлейді;

- Египеттің "Қара жер" атауы мен өзеннің арасындағы байланыс туралы қорытынды ой айтады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- бүкіл сынып қатысатын талқылауда оқушылар бір-бірінің қорытындыларына қарсы уәж айта алады перғауын, атырау, саға, дамба, шадуф. «қара жер»

Пирамида, ақсүйектер, абыздар, жазғыштар, құлдар

Құндылықтарды дарыту

 

 

Шынайылылық, әріптестік, толеранттылық, үш тілділік, денсаулық, сыпайылық, жауапкершілік және өмір бойы білім алуға ұмтылу.

Тәрбиелеудің құндылықтары: шынайылық, әріптестік, денсаулық, жауапкершілік және өмір бойы білім алу топтық жұмыс жасау арқылы игеріледі.

Тәрбиелеудің құндылықтары: үштілділік білім алу барысында академиялық тілді меңгеру арқылы игеріледі. Тәрбиелеудің құндылықтары: толеранттылық, сыпайылық ежелгі Мысырдың тарихы мен әлеуметтік өмірін меңгеру арқылы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ежелгі Мысырдың картадағы географиялық орналасуы, Ніл өзенінің жағалауы мен оның ел аумағымен ағысы.

АКТ қолдану дағдылары

Қажетті ақпараттарды таңдау мен презентация дайындау.

Бастапқы білім

Бұл бөлім 1В бөлімінде қарастырылған Ніл алқабында орналасқан ежелгі өркениеттердің бірі Ежелгі Мысырды зерттеуге және өткен кезеңдердегі өмірді қалпына келтіру үшін археологиялық мәліметтерді оқып үйренуге негізделген.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

4 мин.

Ұйымдастырушылық бөлім. Сабақтың тақырыбы бойынша оның мақсаттары мен білімділік міндеттерін анықтау.

"ББҮ" кестесін толтыру:

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

БЫМ) Сазбалшықтан немесе ермексаздан жасалған Ніл өзенінің үлгісін көрсетіңіз. Өзен арнасын суға толтырыңыз, су сазбалшықтың шектерінен шығып кететіндей болсын. Ніл өзені тасуының салдарларын талқылаңыздар.

Дескрипторлар: Ніл өзені тасқынының әсерлерін айтып береді.

Сабақтың презентациясы

Сабақтың ортасы

3 мин.

4 мин.

11 мин.

2 мин.

7 мин.

2 мин.

3 мин.

(Б) Ресурстар тізімінен Мысырдағы Асуан су бөгетінің суретін көрсетіп, бұл дамбаның ХХ ғасырдың ортасында электр қуатымен қамтамасыз ету үшін салынғанын түсіндіріңіз. Сонымен бірге, су бөгетінің арқасында жыл сайын екі жағалаудағы топырақты суарып отыратын Ніл өзенінің табиғи су тасқынының тоқтағанын да түсіндіру керек.

(Т) Сыныпты үш топқа бөліңіз.

Презентация қорғау үшін бірлескен критерийлерді жасау:

-Слайдтардың саны 3-тен артық болмауы қажет;

-Қорғау уақыты 2 минут;

- және т.б.

Топпен жұмыс: Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың өміріне әсерін зерттеу.

Тапсырма:

«А» тобы қолда бар ресурстарын зерттеп, Ніл өзенінің орналасуы Ежелгі мысырлықтардың тұрған орнына қалай ықпал еткенін және олардың өз тауарларын Ніл өзені бойымен қалай тасымалдағанын зерттеп, презентация жасайды.

Дескрипторлар: -құрылған критерийлер бойынша презентация дайындайды.

-өзенге байланысты тұрғылықты жерлерді таңдауларына нақты мысалдар келтіреді.

-өзен бойымен тауар тасымалдау әдістерін атап өтеді:

-Нілдің мысырлықтардың өміріне әсері туралы қорытынды жасайды.

«В» тобы қолдағы ресурстарын зерттеп, Ніл өзенінің адамдардың егін өсіру әдістері мен егіншілікті ұйымдастыруына қалай ықпал еткенін зерттеп, презентация дайындайды.

Дескрипторлар: құрылған критерийлер бойынша презентация дайындайды.

-өзеннің егіншілікпен айналысудағы әсері туралы нақты мысалдар келтіреді;

-ауылшаруашылығы ұйымдарының әдістерін баяндайды:

-Нілдің мысырлықтардың өмір сүрулеріне тигізген әсері туралы қорытынды жасайды.

«С» тобы қолда бар ресурстарын зерттеп, Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың рухани өмірі мен діни наным-сенімдеріне қалай ықпал еткендігіне презентация жасайды.

Дескрипторлар: -құрылған критерийлер бойынша презентация дайындайды.

-Ніл өзенінің қоғамның діни бағытына әсерінің нақты мысалдарын келтіреді;

-Ніл өзенінің ежелгі мысырлықтардың діни наным-сенімдеріне әсері туралы нақты мысалдар келтіреді:

-Ніл өзенінің ежегі мысырлықтардың өмір-тіршілігіне тигізген әсері туралы қорытынды жасайды.

(Б) Презентацияны қорғауда оқушылар тақырыбын қорғаған топтарға сұрақтар қоя алады.

Іс-әрекет соңында оқушыларға Мысырды «Қара жер» деп атаудың Ніл өзенімен қандай байланысы бар екендігіне қорытынды жасауды ұсыныңыз.

Дескрипторлар: -өзен мен "Қара жер" деген атау арасындағы байланыс туралы қорытынды жасайды.

"ББҮ" кестесінің соңғы бөлімін толтыру.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім

Асуан бөгетінің фотосуреті.http://www

mbarron.net/Nile/envir_nf.html

Ежелгі Мысырдың

өркениеті.http://civilka.ru/egypet/egipet.html

Ежелгі Мысыр - http://www.newacropol.ru/alexandria/civilization/egypt/

1-3 қосымша, презентация

Сабақтың соңы

4 мин.

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды: "Сөмке, қоқыс жәшігі, еттартқыш".

Сөмке: Әрі қарай қажет болатындары... Еттартқыш: Алған ақпараттарды ой елегінен өткіземін...

Қоқыс жәшігі: Бәрін лақтырып тастаймын. Өз таңдағандарын оқушылар ауызша қорытындылайды.

Тақтаға сөмке, еттартқыш және қоқыс жәшігінің суреттері ілінеді.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мұғалімнің "жасырын" көмегі: мықты оқушылар өз беттерінше, ілісе алмағандар мұғалімнің көмегімен.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бағалау, сонымен қатар презентацияларды дайындау мен қорғаудағы бағалау критерийлерін қолдану.

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу