Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды. Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, дидактикалық материал.


 Өзен алқаптары өркениеттері

 

 Ежелгі өркениеттер ошақтары ірі өзен алқаптарында қалыптасты. Халықтың көпшілігі құнарлы өзен алқаптарында қоныстануға ұмтылды. Олар ірі өзен алқаптарында өздерінің қалалары мен тұрақтарын құра бастады, кейін олар мемлекетке біріктірілді.

 Ең алғаш Ніл, Тигр мен Евфрат (Қосөзен) аралығы, Инд пен Ганг, Хуанхэ мен Янцзы өзендерінің жағалауында ежелгі егіншілер Ірі өзен алқаптары өркениеттерін қалыптастырды. Онда теңіз, өзен және құрлық жолдары тоғысты. Ежелгі заманда өзендер су-тіршілік көзі, әрі басты сауда жолдары болып саналды.

 Осыдан шамамен 5 мың жыл бұрын Месопотамияда қала-мемлекеттер пайда болды. Осы уақытқа Ежелгі Мысыр өркениетінің қалыптасуын да жатқызады. Үш мың жыл бұрын Ежелгі Үнді, ал екі мың жыл бұрын Ежелгі Қытай өркениеттері қалыптасты. Бұлар ірі өзен алқаптарындағы алғашқы өркениеттер еді.

 Егіншілердің алдында өз заңдылықтары бар табиғатты бағындыру міндеті тұрды. Мыс өндіріп, мыстан еңбек құралдарын дайындау арқылы шөлді, суы жоқ жерлерге су арналарын бұрып, арықтар салу мүмкін болды. Өзендерде бөгеттер салу судың көп мөлшерін жинақтауға, жасанды өзен, су қоймаларын құруға мүмкіндік берді. Осылайша, қауымның күш-жігерін біріктіріп, халықтың көп бөлігін басқару дағдыларын талап ететін күрделі суармалы (ирригация) жүйе құрылды.

 Ірі өзен алқаптарында алғашқы қала, мемлекеттер, жазу, сәулет өнері, әлемдік діндер пайда болды.

 Өркениет – жоғары дәрежедегі жаңалықтарға қол жеткізген қоғам немесе мемлекеттің даму деңгейі. Ең қызығы – ежелгі адамзаттық өркениеттердің бір-бірінен тәуелсіз, байланыссыз ірі өзендердің алқаптарында пайда болуы.

 Егіншіліктің дамуы мен суармалы құрылыстарды салу қажеттілігі қоғамның күрделі құрылымдарының қалыптасуына алып келді. Қолөнер мен тауар айырбасынан қоғамда әлеуметтік таптар, ақсүйектер, егіншілер бөлініп шықты. Олар ежелгі өркениеттер өмірінде маңызды рөлге ие болды, әрі оның негізгі ерекшелігінің бірі саналды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу