Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады? Дүние жүзі тарихы, 5 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: | Бөлім 1A: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін | ||||||||||||||||||||||
Мектеп: | Астана қаласы, ФМБ НЗМ | ||||||||||||||||||||||
Уақыты: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Неліктен адамдар егіншілік және мал шаруашылығымен айналыса бастады? | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме) | 5.4.1.1 – кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау; 5.4.1.2 – «неолиттік төңкеріс» ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу; 5.4.2.1– экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
| ||||||||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы | ||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Оқушы тарихи деректерде берілген теориялар мен гипотезалар туралы дискуссияға қатыса алады (сөйлеу дағдысы) Пәндік лексика мен терминология: Терімшілік, аңшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, неолит төңкерісі Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Менің ойымша, егіншілік пен мал шаруашылығы пайда болды, өйткені… | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| - оқу, жеке қажетті ақпараттарды таба алу, тарихи оқиғаны талдау, жаңа жағдайларға бейімделу, мәселелерді қойып, оларды шеше алу, топта жұмыс істеу, ұжымда түрлі рөлдерде жұмыс істей алу, өз жұмысының сапасы үшін жауап беру, өз уақытын жоспарлай алу. - қоршаған ортаның мәселелерін көріп, түсіну қабілеттілігі, сынды дұрыс қабылдау. | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы, дүниетану, география, информатика | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Алғашқы адамдардың шығуы, эволюция теориясы мен түрлердің пайда болуы, континенттердің қалыптасуы мен климаттық өзгерістер туралы біледі. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс - әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | (БЫМ- бастапқы ынталандырушы материал) Оқушыларға азық-түліктің суреттері көрсетіледі. Сұрақ. Аталған азық-түлік қалай өндірілді? | Презентация 1-слайд | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | (С) Иллюстрациямен жұмыс. Аңшылық, терімшілік, мал шаруашылығы мен егіншілікті көрсететін иллюстрациялар слайдын көрсету. Қалыптастырушы бағалау үшін 1-тапсырма. Шаруашылық түрлерін сипаттай отырып, оқушылар ежелгі адамдардың әрекеттеріндегі айырмашылықтарды анықтау керек. Шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерінің айырмашылықтарын ажыратуға тапсырма беріңіз. (А) Оқушыларға бейнеролик көрсетіп, оны ауызша талқылатыңыз. Ежелгі адамдар бірте-бірте терімшілік пен аңшылықтан егіншілік пен мал шаруашылығына, яғни шаруашылықтың өндіруші түрлеріне көше бастады. Бұл «неолит төңкерісі» деп аталып, ежелгі адамдардың өміріне көптеген өзгерістер алып келді. (ҚБ) Жұппен жұмыс. Қалыптастырушы бағалауға арналған 2-тапсырма. Оқушыларға «Жаңа тас ғасырындағы өзгерістер» кестесін (тіршілік көздері, тұрғындары, тұрақтары, еңбек құралдары, өндіріс, қоғамы) таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Әр жұп мәтінді қолдана отырып, әр сала бойынша орын алған өзгерістерді анықтайды. Бүкіл сыныпта талқылау және бағалау үшін бірнеше жұппен кестені презентациялауғаболады | 4,5 слайдтар Бейнекөрсетілім «Мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуы» Ақпараттық мәтін Кесте-сызба «Жаңа тас ғасырындағы өзгерістер» | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Бекіту тапсырмасы. 1. Еңбек құралдарының жаңа түрлерінің пайда болуына қандай факторлар әсер етті? Еңбек құралдарының ішіндегі ең маңыздыларын атаңыз (дәнүккіш, келі, тас балта, қайла, т.б.). 2. Неліктен ежелгі адамдар жануарларды қолға үйретті? (10, 11 слайдтағы суреттер) Рефлексия: - не үйренді; - нені түсінбеді; - немен жұмыс жасау керек. | Презентацияда қолданылған иллюстрациялардың сілтемелері https://www.google.kz/webhp?sourceid=chrome-instant&ionhttp://900igr.net/kartinka/geografija/vozniknovenie-zemledelija-i-skotovodstva-104428.html | |||||||||||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-ны қолдану Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі) | |||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?