2D кескінін құру. Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Сабақ жоспары

«Графика және жобалау» САБАҚ 3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары (компьютерлік графика)

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2D кескінін құру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.1.2.4

2D объектiлердi құру үшiн графикалық редактордың тиісті құралдары мен мүмкiндiктерін қолдану

Сабақ мақсаттары

  • 2D объектiлердi құру үшiн AutoCAD графикалық редактордың тиісті құралдары мен мүмкiндiктерімен таныстыру;
  • 2D объектiлердi құру үшiн графикалық редактордың тиісті құралдары мен мүмкiндiктерін қолдануды үйрету;
  • 2D объектiлердi графикалық редакторда құруды үйрету;

Бағалау критерийлері

  • 2D объектiлердi құру үшiн AutoCAD графикалық редактордың тиісті құралдары мен мүмкiндiктерін біледі;
  • 2D объектiлердi құру үшiн графикалық редактордың тиісті құралдары мен мүмкiндiктерін қолданады;
  • 2D объектiлердi графикалық редакторда орындайды;

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Векторлық графика, растрлық графика, бағдарлама интерфейсі, құралдар панелі, примитивтер, объектілер, операциялар, координаттар торы, қабаттар, түрлі түсті градиент.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Берілген бейнелерден … ақпаратты алуға болады.

Осы графикалық редакторлардың тағайындалуы …

Осы компьютерлік бағдарламалардың негізгі рөлі …

Осы қабатты арттыру үшін …

Примитивтер …үшін пайдаланылады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар арасында бір біріне сыйластық, өзінің және өзгелердің жұмыстарына құрмет көрсету

Пәнаралық байланыстар

Информатика, геометрия, сызу

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады

Бастапқы білім

Компьютерлік графиканың негізгі түрлері

2D бейне құруға арналған БҚ (бағдарламалық қамсыздандыру)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру;

- Сергіту сәті, көзге жаттығу орындау;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар:

  • Компьютерлік графиканың қандай бағдарламаларын білесіңдер?
  • Олар бейнені орындау үшін қандай мүмкіндіктерді көздейді?
  • Векторлық графика деген не?
  • Растрлық графика деген не?
  • Осы график түрлері қайда қолданылады?

Сабақтың ортасы

5 мин

5 мин

25 мин

) «AutoCAD бағдарламасының интерфейсімен танысу» таныстырылымды көрсету.

Оқушыларға тәжірбиелік жұмысты орындау үшін «Құжатты (документ)» ашу жолын көрсету және AutoCAD жұмыс экранымен, құрал панелімен, командалық жолымен, жұмыс графикалық алаңмен таныстыру. Алғашқы ашылу барысында AutoCADтың экрандағы 6 құрал панельдерімен таныстыру қажет:

  • Standard – стандарты панель.
  • Layers – қабаттарының панелі.
  • Draw – сурет (сызу) панелі
  • Styles –стильдер панелі.
  • Properties – қасиеттер панелі
  • Modify – редакциялау панелі.

Оқушылар 2D объектісін құрастыру барысында графикалық редактор AutoCADтың командалары мен құралдарын қолдануға үйренеді.

(Ө)) Тәжірбиелік жұмысы

Графикалық редактор AutoCADтың командалары мен құралдарын қолданып, 2D объектісінің сызбасын орындаңыз. (доға, шеңбер, полисызық, көпбұрыш және т.б.).

Дескрипторлар:

  • 2D объектісінің сызбасының орындалу жолдары мен командаларды біледі;
  • графикалық командаларды қолдана аладыи (доға, шеңбер, полисызық, көпбұрыш және т.б.);
  • сызбаны безендіру ережелеріне сәйкес 2D объектіні орындайды;
  • өлшем бірліктерін қою барысында сызық түрлерін ескереді;

Оқушылар өзінің және өзгелердің жұмыстарын берілген критерийлер (дескрипторлар) бойынша бағалайды.

«Графикалық редактор AutoCAD» таныстырылым

https://knowledge.autodesk.com/ru/support/autocad/learn-explore/caas/CloudHelp/cloudhelp/2018/RUS/AutoCAD-Core/files/GUID-54B774E9-EDB1-468D-8F5C-4A1B010F173A-htm.html

Тапсырмалары бар таратпа қағаздары

Графикалық бағдарламалары бар ноутбуктар

Сабақтың соңы

3 мин

(Ө) Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету негізінде өткізіледі

Тәжірбиелік жұмыстарды тексеру

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу