Кешігіп неге жолықтың ?
Міне, бұл өлеңді тыңдап жүргеніме 1 жылдан аса уақыт болыпты... 2012 жылддың 20 жүлдызында мен сабақтан шаршап келгеннен кейін жатып қалдым. Біраз уақыт өткеннен кейін үйқыдан тұрсам, жүрегім айнығандай болып, біртұрлі болдым. Бірақ сонда да сабаққа бардым, ол кезде мен 11 сыныпты бітіргелі жүргенмін,тестке дайындалып. Сол күні сабақта ұзақ отыра алмай апайдан сұранып кеттім, ауырып тұрмын деп. Үйге жылап келдім. Мамам түрімді көріп шошып кетті, не болды деп. Сол кештен бастап ішім қатты ауыра бастады,Түнімен ауырып шықтым,ұйықтамай. Ертесіне азанда мені больницаға көрсетуге мамам алып келді онда маған аппендицит деген диагноз қойып,сол күні орталық ауруханаға жатқызылдым.
Түстен кейін,яғни түскі үзілістен кейін, врачтар жұмысқа келе бастады,ол кезде мен аурухананың қабылдау бөлімінде отырған болатынмын. Врачтар келгеннен кейін мені тексере бастады,бірінен соң бірі. Сол аурухананың хирургия бөлімінің г л.врачы тексеріп жатқанда ішке бір ағай кіріп келді,жасы 45-46 жас шамасында екен бірақ ол тіптен жас көрінетін . Мен ана ағайдан көзімді ала алмай тұрып қалдым, тіпті ауруымды да ұмытып кеттім...Сөйтіп, ол ағайға бір көргеннен ғашық болып қалдым. Сол кұні маған 1 сағаттан кейін операция жасайтын болды, өзім ауырып жатсам да операцияға жаңағы ағай қатысса екен деп ойлап жаттым, маған алдын ала обезболивающий салып қойған еді. Сөйтіп мені 20 минут өткеннен кейін операция бөлмесіне алып келді, қарасам жаңағы ағай жүр екен оны көріп қуанып кеттім.
Содан ол ағай маған наркоз салатын болды. Қолымды ұстап бір нәрсе кигізді, сол кезде байқадым оның үйленгенін, оң қолынан неке жүзігін көргенде жүрегім сыздап қоя берді. Операциядан кейін ертесіне обход болатын болды мен болсам кешегі ағай келетін болды деп қуанып болып жатсам, ол ағай араларында болмай шықты. Сөйтсем ол ағай сол аурухананың реанимация бөлімінің меңгерушісі екен, оны кейіннен білдім. Кейіннен коридорда жүргенде ол ағайды көріп қалам ба деген оймен ешқайда кетпей азаннан кешке дейін сол жерде отыра беретінмін. Бір күні коридорда жүрсем жаңағы ағай кетіп бара жатыр. Оны көріп жүрегім дүрсілдеп кетті,ол ағай да мені көре салысымен атымды атап, "қалай жағдайың? жақсы болып қалдың ба?" деп сұрады. Ол ағай менің есімімді қайдан біледі деген ойда болдым(шын жақсы көрген адамың ең болмаса есіміңді білсе соның өзі бір ғанибет емеспе?) Одан кейін ол ағайды көрмесем тұра алмайтын халге жеттім. Бір күні оны көру үшін реанимацияға да бардым, бірақ әттең...ол жаққа кіргізген жоқ, тек медсестралар мен врачтар ғана жүреді екен. Сөйтіп ол ағайды ойлап жүргенімде әні-міне дегенше 8 күн өте шықты. Қайран сол ауруханадағы күндерім-ай...
Қазір ол ағай маған тек елес болып қалды, оны күнде ойлаймын ойлай берем. Күнде түнде жатарда сол ағайды ойлап жылап алам. Ол ағайды сағынғаным соншалықты кейде машинаның астына түсіп реанимацияға түссем екен деп АЛЛАдан тілеймін, ең болмаса сол арманға айналған жанымның түрін бір көрсем деп армандаймын. Сол ағайды көргелі бері менің де өмірге деген көзқарасым өзгерді, болашақ мамандығымды реаниматолог-анестезиолог саласына ауыстырдым, кейін оқуды бітіргеннен кейін ең болмаса сол ағайдың жанында жүрсем екен деп...

Автор: Асель
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?