Стандарттау. Бұйым, бөлшектер және олардың элементтері. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқамерзімді сабақ жоспары
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: | Бөлім 6: Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері. | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | 05.02-10.02 12.02-17.02 | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||
Сынып | 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Стандарттау. Бұйым, бөлшектер және олардың элементтері. | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.6.1.1 Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы жалпы түсінікті білу | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері | 1. Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, бөлшек және жиынтық бiрлiгі туралы түсініктерін көрсетеді; 2. Жиынтық бірлік сызбасына спецификация орындайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Стандарттау, өзара алмасушылық, сәйкестендіру, спецификация. Бөлшектер, құрастырмалы бірліктер, ажырайтын қосылыстар, ажырамайтын біріктірулер . Жоспар, қасбет, қима. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұмыс және шығармашылық, оқу барысында сызу, дизайн бойынша дағдыларын дамытып, өз идеяларын басқаларға ұсынады. Құрмет және ашықтықты топтық, жұптық жұмыс және оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы дамыту. | ||||||||||||
ЖаҺандық азаматтыққа тәрбиелеу | Кескіндерді визуалдау мен ақпараттарды беру әр түрлі қызмет (ғылым, өнер және техника) салаларында және адам өміріндегі алатын орынның білу және түсінуін көрсету. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта қолдану,ноутбуктер арқылы ғаламтор желісінен ақпарат іздеу. | ||||||||||||
Түпнұсқалық оқыту | Оқушылар геометриялық денелердің формаларының қалыптасу қағидалары мен негізгі заңдылықтарын, әртүрлі жазықтық (көпқырлы және қисық беттер) түрлерін, көріністердегі жаймасы мен жазылмайтын жазықтықтардың ерекшеліктерін біледі. Қарапайым геометриялық денелердің жайма сызбаларын орындап, берілген параметрлер бойынша заттардың формасын құрастырады және қызықты тапсырмалар орындайды. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия, сызу, бейнелеу пәндері кіріктірілген | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар арнайы сызба құрал- жабдықтарымен жұмыс жасай алады. Жазық және көлемді пішін проекцияларын тұрғызу дағдыларын игереді. Геометриялық денелердің формалық түрлену қағидаларын және негізгі ережелерін, сызбадағы қима мен тіліктін мағынасын және орындалу ережелерін біледі. Заттың бөліктерінің және кеңістіктегі орнының, формаларының түрленуін орындай алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
1 жұп 5-10мин 20мин 15 мин | Сабақтың тақырыбы: Бұйымдар туралы жалпы түсінік.Тетіктерді біріктіру туралы жалпы мәліметтер. Мағынаны ашу.ЖИГСО стратегиясын қолданудағы мақсат:білімді кеңейту,ойымызды жүйелеу. «Бұйымдар»Бұйымдардың көпшілігі әр түрлі өндірістік кәсіпорындарда дайындалады, сондықтан да оларды өндірістік бұйымдар деп атайды.Адам қолымен немесе өндірістік тәсілмен жасауға болатын нәрселер, нәрселер жиынтығы, машина, аспап және т.б.бұйым деп аталады.КҚБЖ-сі стандартында бұйымның мынадай түрлері тағайындалған: тетіктер, құрастырмалы бөліктер, комплекстер, комплектілер.Біртекті материалдан құрастыру операцияларын орындамаай дайындалған бұйым тетік деп аталады. Құрастырмалы бөліктерді дайындаушы кәсіпорында біріктірілетін бұйым құрастырмалы бірліктер деп аталады. Дайындаушы кәсіпорында құрастырылмаған, бірақ өзара байланысты эксплуатациялық қызметтерді атқаруға арналған екі және одан да көп арнайы бұйымдаркомплекс деп аталады. Дайындаушы кәсіпорында құрастыру операциялары арқылы біріктірілмеген және көмекші сипаттағы жалпы эксплуатациялық қызметтер атқаратын бұйымдардың жиынтығы түріндегі екі және одан да көп бұйымдаркомплект деп аталады. «Ажырайтын біріктірулер» Құрастырмалы бөліктердің тетіктері бір-бірімен әр түрлі біріктіріледі. Бұйым тетіктерін біріктіру түрі ажырайтын біріктіру немесе ажырамайтын біріктіру болып бөлінеді. Тетіктерді, олардың құрамына енетін және біріктірілетін элементтерді бүлдіріп алмай, бірнеше рет бөлшектеу мен қайта жинау мүмкін болатын біріктіру ажырайтын біріктіру деп аталады. Бұрандалы біріктіру (болттық, винттік, бұрамасұқпалы) шлицтік, кілтектік(шпонды), штифтік біріктірулер ажырайтын біріктіруге жатады. Ажырайтын біріктірулерді сызбада тілікте көрсетеді. Бекітуші тетіктердің өлшемдері сызбаға түсірілмейді. Болттық біріктіру – тетіктерді болттың, сомынның және шайбаның көмегімен біріктіру Винттік біріктіру деп тетіктерді біріктірілетін тетіктердің біріне бұрылатын винттің немесе винттің, шайбаның және сомынның көмегімен біріктіруді айтамыз (189-сурет). Бұрамасұқпалы біріктіру - тетіктерді бұрамасұқпаның көмегімен біріктіру, мұнда оның бір ұшы біріктірілетін тетіктердің біріне бұралады, ал екінші ұшына біріктірілетін тетік, шайба кигізеді де, олар сомынмен бекітіледі (191-сурет). Кілтектік біріктіру - тетіктерді кілтектің көмегімен біріктіру, мұнда кілтек біліктің жырақшасына қойылады және біріктірілетін тетіктің кілтектік жырақшасына кірігеді (193-сурет). Штифтік біріктіру – біріктірілетін тіктерге штифтіні тығыз отырғызукөмегімен жүзеге асырылатын біріктіру(195-сурет).Штифтер цилиндр жөне конус пішінді болады. Штифтік біріктіру тетіктердің өзара орналасуын дәлме-дәл анықтауға арналған, сондай-ақ аса көп емес салмақтың әсері кезінде біріктіруші тетіктер ретінде пайдаланылады.
| Интернет-дереккөзі: http://cadinstructor.org/eg/lectures/1-konstruktorskaya-dokumentatcia/ МЕСТ, КҚБЖ сызбаны безендірудің жалпы ережелері https://www.youtube.com/watch?v=15iLCvS2iZQ | |||||||||||
2 жұп 20 мин 10мин | «Ажырамайтын біріктірулер» Ажырамайтын біріктірулердің түрлері: тойтарып, пісіріп, дөнекерлеп, желімдеп,тігіп біріктірулер. Тойтарып біріктіру - екі тетікті тойтарманың кемегімен біріктіруТойтарманың бір ұшында бастиек болады да, екінші ұшы тойтарылады.соққының жөне серіппенің әрекетінен жұмыс істейтін құрылғыларда, сондай-пісіруге келмейтін металдан жасалған тетіктерді біріктіру үшін қолданылады(197-сурет) Пісіріп біріктіру - тетіктердін материалын балқу жағдайына дейін қыздыру жолымен жүзеге асырылатын біріктіру. Пісіру нәтижесінде біріктірілетін жиектердің балқу кристаллизациясы немесе біріктірілетін тетіктер жасалған металдарының молекулалары бөлшектерінің диффузиясы жүреді. Пісіру жігі сызбада тұтас негізгі және штрих сызықтармен көрсетіледі (198-сурет).Шығыңқы сызық біржақты нұсқамамен аякталады. . Дәнекерлеп біріктіруде металл тетіктерді дәнекер деп аталатын қосымша металл немесе қорытпаның көмегімен біріктіруді айтады, мұнда біріктіретін жерді қорытпаның балқу температурасына дейін қыздырады. Дәнекерлеп біріктіруде элементтерді біріктірудің орны көріністер мен тіліктерде 2s жуандықтағы тұтас сызықпен кескінделеді. Сызбаларда дәнекерлеп біріктіруді белгілеу үшін жарты шеңбер түріндегі таңба тағайындалған (199-сурет). Желімдеп біріктіру - тетіктерді, өртекті материалдарды желімдеуге мүмкіндік жасайтын әр түрлі желімдердің кемегімен біріктіру. Желімдеп біріктіру шығыңқы сызыққа түсірілетін шартты таңбамен белгіленеді (200-сурет). Тігіп біріктіру – жұмсақ материалдарды бір-бірімен жіптің көмегімен біріктіру. Тігіп біріктірулердің сызбаларында жікті тұтас жіңішке сызықпен кескіндейді және N таңбасымен белгілейді, ол шығыңқы сызыққа тұтас жуан негізгі сызықпен түсіріледі. Шығыңқы сызықты жікті кескіндейтін тұтас жіңішке сызықтан бастап нұсқама қоймай жүргізеді(201-сурет). Уақыты болған соң,жанұяларына таратып,әр оқушы өздерінің оқып келген ақпараттарын жұппен -2 минут, топпен -5 минут ақпарат алмастырады,талдайды. Кері байланыс: Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болды? Өзінің бүгінгі сабақтағы жұмысына қанағаттанасың ба? Саған бүгінгі сабақта не қиын, не жеңіл болды? | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Сызба аспаптары мен жабдықтарымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасын сақтауды оқушылардың естеріне салынады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | |||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?