Кескіндерді қайта құру (реконструкция). :рафика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары, 5 сабақ.


Сабақ жоспары «Графика және жобалау» САБАҚ 5

Ұзақ мерзімді

жоспар бөлімі:

Көріністердің құрамын

түрлендіру

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кескіндерді қайта құру (реконструкция).

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.1

Ішінара кескіндері арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасау

 Сабақ мақсаттары

  • ішінара кескіндері арқылы нысанның (заттың) толық көрінісін жаңадан жасауды үйрету;
  • көріністің бір бөлігі немесе үзілген контур негізінде заттың формасын жаңадан орындауды үйрету;

 Бағалау критерийлері

  • кескіндерді қайта құру (реконструкция) тәсілдерін біледі;
  • көріністің бір бөлігі немесе үзілген контур негізінде заттың формасын жаңадан орындайды;
  • берілген өлшемдер, көрініс бөлігі, симметрия және т.б. негізінде заттың формасын жаңадан орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бейнесі, нысан, сөздік сипаттау, қайта жаңарту

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Тәсілдерін қолдана отырып, мен бейнені қайта жаңарту арқылы....
  • Мен сызбаны ауызша сипаттау арқылы...
  • Мен сызбаны ішінара кескіндері арқылы...

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • еңбек және шығармашылық;
  • оқушылар арасында бір біріне сыйластық;
  • оқушылар мен мұғалім арасындағы ынтымақтастықты құру.

 Пәнаралық байланыстар

Дизайн, сызба, математика, геометрия, физика

 АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты іздеу, іріктеу, салыстыру бойынша оқушылардың өзіндік жұмыс және интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытады

 Бастапқы білім

 

Тілік пен қима. Көріністердің түрі мен құрамын түрлендіру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сабақ

Сабақтың басы

5 мин

Сабақ басында:

- оқушылардың зейінін шоғырландыру;

- көзге жаттығу орындау;

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, тақырыбын анықтау

«Кескіндерді қайта құру (реконструкция)» тақырыбын қайталау

Сабақтың ортасы

5 мин

25 мин

Мұғалім: Оқушыларды сызбаларды орындау алгоритмімен таныстыру

Талдау әрекеті :

  • геометриялық пішіндерді талдау;
  • оның симметриясын анықтау;
  • форматның орналасуын таңдау;
  • бейненің масштабын таңдау.

Графикалық операциялар:

  • Жұмыс алаңын анықтау;
  • Симметрия осьтерін және габаритті тікбұрыштарды тұрғызу

3. Бөлшекке тән элементтерінің бейнелерін құру:

- басында басты көріністе, кейіннен төбесінен, сол жағы көрінісінде;

- сыртқы контур сұлбасы нақтылау;

- айналу жазықтықтары бар элементтер;

- призмалық.

4. Өлшемдерді қою:

- ұзына бойы (шеңбердің, доғаның, т.б., үйлестіруші және габаритті өлшемдер);

- биіктігі бойынша;

- бөлшектің еніне қарай.

5. Сызбаны басып шығу:

- шеңбер мен доғаларды;

- горизонтальды, вертикальды және көлбеу сызықтарды.

6. Негізгі жазбаны толтыру.

7. Сызбаны тексеру

(Ө)(Қ) Тәжірибелік жұмыс №4

Толық бейнесі берілмеген, яғни төбесінен қараған көрінісінің жартысы, бас сол жақ көрінісінің тілігі берілген ДІҢГЕКТІҢ сызбасын орындаңыз. Осы бейнелерге негізделіп, көрініс пен тілікті біріктіру арқылы сызбаны толықтырыңыз.

Дескрипторлар:

  • заттың пішінін талдайды;
  • көріністің бір бөлігі немесе үзілген контур негізінде заттың формасын жаңадан орындайды;
  • берілген өлшемдер, көрініс бөлігі, симметрия және т.б. негізінде заттың формасын жаңадан орындайды;
  • берілген бейнедегі көрініс пен тілікті біріктіру арқылы сызбаны жаңадан орындайды;
  • сызбада жартылай көрініс және тілік орындайды;
  • заттың үш проекциясының сызбасын орындайды;
  • сызбаны дұрыс рәсімдейді (негізгі жазба, масштаб, өлшемдер, сызық түрлері);
  • сызбаны ұқыпты орындайды;

Методическое пособие по черчению:к учебнику А.Д.Ботвинникова и др. Астрель Москва 2003;

В.А.Гервер «Творчество на уроках черчения» Москва изд. Владос 1998

«Кескіндерді қайта құру (реконструкция)» тақырыбында тапсырмалары бар таратпалар

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушыларға орындалған жұмыстарды талдауды ұсыну.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Графикалық тапсырмалары бар шешімдерін топтарға таныстыру мен тәжірбиелік жұмыс көрмесінің нәтижелері

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу